«Ықылас Дүкенұлы. Қазақтың халық әндері»

Сабақтың барысы: 1 Күй тыңдау,талдау 2 Үй тапсырмасы (Ұяшықтармен жұмыс) 3 Жаңа сабақ 4 Жаттығу 5 Ән жаттау 6 Үй тапсырмасы 7 Қорытынды Күй – «Көк серке» Ықылас Дүкенұлы а) Бұл күйді қандай аспаптың орындауында тыңдадыңдар? ә) Күй көбіне қандай ұлттық аспаптарда орындалады? б) Күйдін жылдамдығы қалай орындалды? 2. Үй тапсырмасы: 1 топ: Тәттімбет Қазанғапұлы кім? Оның қандай шығармаларын білесіңдер? 2-топ: Нота оқу  3-топ: Скрипка кілті мен музыкалық сызықтарды сызып көрсет. Жаңа сабақ: Ықылас Дүкенұлы. Ықылас 1843 жылы қазіргі Созақ ауданында туды. Жастайынан ол музыкамен әуестенді. Әкесінің киіз үйдің ішінде ойнаған қобыз үнін жас күнінен бастап естіп, іштен талантты болып туған Ықылас, алғашқы кезде қобызда орындау қиын болса да оны жақсы көрді. Музыканы зерттеп, жинақтаушылардың айтуынша Ықылас тұңғыш күйін 15 жасында шығарды.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ықылас Дүкенұлы. Қазақтың халық әндері.»

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы Саз мектебіне қарасты Темірші ауылындағы Саз мектебінің қобыз сыныбы

мұғалімі Каримтаева Тілеукүл


Сабақтың тақырыбы: Ықылас Дүкенұлы. Қазақтың халық әндері.

Мақсаты: Ықылыс Дүкенұлының шығармашылығымен таныстыра отырып, халық әндерін дәріптеу.

Білімділік: Ықылас шығармашылығымен таныстыра отырып, халық әндерінің мәні туралы білімдерін арттыру;

Тәрбиелік: Өнерсүйгіштікке, музыканы сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ән айту және күй тыңдау қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау.

Көрнекіліктер: Слайд, бейнебаян, қобыз, суреттер

Сабақтың барысы:

1 Күй тыңдау,талдау

2 Үй тапсырмасы (Ұяшықтармен жұмыс)

3 Жаңа сабақ

4 Жаттығу

5 Ән жаттау

6 Үй тапсырмасы

7 Қорытынды

Күй - «Көк серке» Ықылас Дүкенұлы

а) Бұл күйді қандай аспаптың орындауында тыңдадыңдар?

ә) Күй көбіне қандай ұлттық аспаптарда орындалады?

б) Күйдін жылдамдығы қалай орындалды?

2. Үй тапсырмасы:

1 топ: Тәттімбет Қазанғапұлы кім? Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

2-топ: Нота оқу

3-топ: Скрипка кілті мен музыкалық сызықтарды сызып көрсет.

Жаңа сабақ: Ықылас Дүкенұлы.

Ықылас 1843 жылы қазіргі Созақ ауданында туды. Жастайынан ол музыкамен әуестенді. Әкесінің киіз үйдің ішінде ойнаған қобыз үнін жас күнінен бастап естіп, іштен талантты болып туған Ықылас, алғашқы кезде қобызда орындау қиын болса да оны жақсы көрді. Музыканы зерттеп, жинақтаушылардың айтуынша Ықылас тұңғыш күйін 15 жасында шығарды. Алматы қаласында Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар мұражайы бар. Онда ұлттық музыкалық аспаптардың 30-дан астам түрі қойылған. Мұражайға халық композиторы, күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының есімі берілген. Бұл мұражай«Бабалар үнінің мұражайы» деп аталады.

Қазіргі заманда қобыз екі түрге бөлінеді:

1. Қыл қобыз

2. Прима қобыз

(Аққу туралы қысқаша аңыз)

Бейне баян: «Аққу»

Ал енді қобыздың ансамбльдің қатарында басқа қазақтың ұлт аспаптарымен үйлесімділігін тыңдап көрейік.

Күй тыңдау: «Жез киік» Ықылас.

Ықыластың орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында шығарған күйінің бірі - "Жез киік". Жез киік - даланың ерке, сұлу аңы. Ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны киелі жануар санап, атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас "Жез киік" атты күй шығарған.

Ендеше осы күйді қобыздың жанды дауысында тыңдап көрелік.

(Өзім қобызбен ойнаймын)

Халық әндері туралы сұрақтар:

1. Қазақтың халық әндері қалай пайда болған?

2. Қандай халық әндерін білесіңдер?

Ия, дұрыс айтасыңдар балалар. Авторы ұмыт болған, бірақ ол ән халық жадында сақталып, оны сүйіп орындаса, оны біз халық әні деп атаймыз.

Ән тыңдау «Жез киік» халық әні

1. «Жез киік» әні мен «Жез киік» күйінің қандай ұқсастықтары бар?

Дауыс жаттығулары:

1.Тыныс алу жаттығуы

2. Гәкку халық әні

3.ли-ли-ли-ли

4.Гәкку-гәкку-гәкку,га-га-гай.гак-ку-гай,гак-ку-гай.

Ән жаттау:

«Жез киік»

1. Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім,

Дәуірі солма дерсің күйік- шердің.

Жез марал жүреді екен арасында,

Қаптаған Бетбақтағы киіктердің

Қайырмасы:

Жез киік біздің жаққа қалай келдің?

Жолымды тіке кесіп жанай бердің.

Адамның көздеріндей екі көзі,

Япырмай, дәтім шыдап қалай көрдім.

2. Дәл саған құрмап еді торды ешкім,

Ғайыптан душар болдың, сорды кештің.

Мен-дағы сертшіл едім далада өскен,

Сен -дағы жалтармадың жолды кестің

Қайырмасы:

Асықпа, көрейінші жөндеп қана,

Кетпесін жаңа тиген меңдеп жара.

Ет кесіп өз етімнен берсем-дағы,

Жөніңе жіберейін емдеп қана.

3. Дедім де қоя бердім, ұстамадым,

Қасымда қал демедім, қыстамадым.

Тілеймін суық жақтан есен қайтып.

Жылы құм мекенінде қыстағанын.

Қайырмасы:

Сұлуды адам жаны қимайды екен,

Беймезгіл еске түсіп қинайды екен.

Жез еиік, сені аңсаған кездерімде,

Бір өзім кең далаға симай кетем

1.Әннің екпіні қандай екен?

2. Құрлысы қандай?

Қорытынды:

1. Күй атасы кім?

2. Ықылас күйлерін ата.

3. Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайы қай қалада орналасқан?

4. Қобыздың көне түрінің атауы қандай?

5. Қобыздың жаңа түрі?

6. Халық әндерін атау.




© 2010-2022