Евгений Брусиловский және дәстүрлі қобыз өнері

ЕВГЕНИЙ БРУСИЛОВСКИЙ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ҚОБЫЗ ӨНЕРІ   Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы   Орал қаласы, Құрманғазы атындағы саз колледжі     Кәрі тарихты парақтап, терең ой тұңғиығына шолу салсақ, көшпелі елдің көшінен түсіп қала жаздап, қадау-қадау өнерпаздардың қол жалғауы арқылы көнеден бүгінге жеткен қобыз өнері бүгінгі күні болашаққа нық сеніммен қарап, өзінің салтанатты шеруін бастан кешіп отырғандай.          Қорқыттың оншақты күйін жадына сақтай алған халық Ықыласқа дейін бақсы сарындармен ғана қобыз өнерін жалғастырып отырған. Тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, адамның жоғын жоқтатып, адамның мұңын ортақтастырған Ықылас күйші еді.          Ал, ХХ-ші ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ музыка мәдениеті өзінің ұрпақтан-ұрпаққа «ұстаз-шәкірт» арқылы таралу түрінен ноталық жүйеге көшіп, кәсіби композиторлар осы аспапқа арнап көптеп шығармалар жаза бастады.          Саналы өмірінің қомақты бөлігін Қазақстанда өткізіп, өз тағдырын қазақ өнерімен ұштастырған Е.Г.Брусиловский қазақ музыка мәдениеті үшін орны толмас қайталанбайтын тұлғалардың бірі. Қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінің сыр-сипатын, құрылысын, әлеуметтік мәнін терең түсінген композитор халқымыздың кәдесіне жарарлықтай, алтын тұмарша сақтайтындай, керемет дүниелер берді. Өзінің мойындағанындай: «Мен қандай бір музыка жазсам да, қазақ әніне айналып кетеді», - деген еді. Е.Г.Брусиловский 1931 жылы Ленинград консерваториясын М.О.Штейнбергтің композиция класынан бітіріп, 1933-1970 жылдар аралығында Алматыда тұрып еңбек етеді. Бұл уақыт кезеңі қазақ музыка мәдениеті үшін сын жылдары болды. Қазақ халқы өзінің байырғы, көшпелі мәдениетінен әлемдік өркениетке бет бұрып, қазақ музыкасы негізінде опералық, симфониялық шығармалар туындаған кез еді.  Оның «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан» опералары мен тағы да басқа шығармаларынан ұлттық нақыш, ұлттық әуе...          Алтынайдың жас бала кезінде әкесі қайтыс болып, ағасы Сұлтанғалидың қамқорлығын көріп өскен. Әкесінің жоқтығы ма, жоқ әлде жазмыш солай ма, Алтынай бой жетіп ұзатылғанда, келін болып түскен жеріне көңілі толмаса керек. Ата салтымен беташар рәсімі жасалмақшы болғанда, Алтынай шымылдықты ысырып тастап, өзін-өзі күймен таныстырған еді дейді. Бұл күй ел ішіне «Алтынай Ақжелең» деген атпен тараған. Отты да, ойнақы күй желісімен «Алпыс екі тармақты Ақжелең» топтасының төрінен орын алады. Домб...          Е.Г.Брусиловский ХІХ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген ару күйші Алтынайдың «Алтынай Ақжелеңі» негізінде қобызға өңдеп, оркестрдің сүйемелдеуімен нәр беріп, өз «Алтынайын» дүниеге әкелген еді. Ол өзінің дарындылығы мен өнерсүйгіштігінің арқасында өз «Алтынайында» киелі қазақтың қобызының тілін дамытып, мұңын жырлады. Қазіргі кезде қобызшылардың барлығы сүйіп те, сүйсініп орындап жүрген Е.Брусиловскийдің «Алтынайы» соның айғағы. Шығарма жүрдек, төкпе күй силінде жазылған. 8 такті төменгі...          Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында жазылған бұл шығарма, бүгінгі күнге дейін қазақ музыкасындағы озық рухани дүниелердің бірі болып есептеледі.  Лайым, алдағы уақытта да солай болғай !   Пайдаланылған әдебиеттер:   1.     Брусиловский Е.Г   Естеліктер. Алматы, 1994ж. 2.     Сейдімбек А.  Қазақтың күй өнері. «Күлтегін» 2002ж. 3.     Қосбасаров Б. Қобыз өнері, Алматы «Дайк-Пресс» 2000 ж. 4.     Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы «Дайк-Пресс» 2001 ж.      5.  Өтеуов М., Төлегенұлы Ш. Ғасырдан-ғасырға. Алматы, 2000ж.      6. Брусиловский Е. Дүйім дүлдүлдер.Алматы «Ана тілі» 1995ж.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЕВГЕНИЙ БРУСИЛОВСКИЙ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ҚОБЫЗ ӨНЕРІ


Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы


Орал қаласы, Құрманғазы атындағы саз колледжі

Кәрі тарихты парақтап, терең ой тұңғиығына шолу салсақ, көшпелі елдің көшінен түсіп қала жаздап, қадау-қадау өнерпаздардың қол жалғауы арқылы көнеден бүгінге жеткен қобыз өнері бүгінгі күні болашаққа нық сеніммен қарап, өзінің салтанатты шеруін бастан кешіп отырғандай.

Қорқыттың оншақты күйін жадына сақтай алған халық Ықыласқа дейін бақсы сарындармен ғана қобыз өнерін жалғастырып отырған. Тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, адамның жоғын жоқтатып, адамның мұңын ортақтастырған Ықылас күйші еді.

Ал, ХХ-ші ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ музыка мәдениеті өзінің ұрпақтан-ұрпаққа «ұстаз-шәкірт» арқылы таралу түрінен ноталық жүйеге көшіп, кәсіби композиторлар осы аспапқа арнап көптеп шығармалар жаза бастады.

Саналы өмірінің қомақты бөлігін Қазақстанда өткізіп, өз тағдырын қазақ өнерімен ұштастырған Е.Г.Брусиловский қазақ музыка мәдениеті үшін орны толмас қайталанбайтын тұлғалардың бірі. Қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінің сыр-сипатын, құрылысын, әлеуметтік мәнін терең түсінген композитор халқымыздың кәдесіне жарарлықтай, алтын тұмарша сақтайтындай, керемет дүниелер берді. Өзінің мойындағанындай: «Мен қандай бір музыка жазсам да, қазақ әніне айналып кетеді», - деген еді.

Е.Г.Брусиловский 1931 жылы Ленинград консерваториясын М.О.Штейнбергтің композиция класынан бітіріп, 1933-1970 жылдар аралығында Алматыда тұрып еңбек етеді. Бұл уақыт кезеңі қазақ музыка мәдениеті үшін сын жылдары болды. Қазақ халқы өзінің байырғы, көшпелі мәдениетінен әлемдік өркениетке бет бұрып, қазақ музыкасы негізінде опералық, симфониялық шығармалар туындаған кез еді. Оның «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан» опералары мен тағы да басқа шығармаларынан ұлттық нақыш, ұлттық әуен, ұлттық талғам байқалады. Ол қазақ әуенін сүйіп жырлай білді. Қазақ халқының ән-күйі оның тұрмыс-тіршілігінің айнасы деп білсек, Е.Г.Брусиловский қазаққа етене жақын еді. Қазақ музыка мәдениетінің барлық жанрларының дамуына сіңірген еңбегімен бірге, Брусиловский қобыз өнерінің әсем де, сұлу сазының жаңғырту мақсатында өзінің әйгілі «Алтынай» шығармасын жазып еді. Қобыз аспабы мен оркестрдің сүйемелдеуінде орындалатын «Алтынай» шығармасының желісінің әсем әуені, сұлу сазынан оптимистік бастамашылдықтың нышанын естисіз. Шығарма мазмұнына тоқталсақ, Алтынай - қазақтың ару қызының есімі. Өмір сүрген заманы ХІХ ғасырдың орта шені, туып өскен жері Атырау алабы, қазіргі Орал облысы, Сүйегі - Кіші жүз, жеті ата Жетіру, оның ішінде Кердеріден өрбіген Шағыр бұтағынан.

Алтынайдың жас бала кезінде әкесі қайтыс болып, ағасы Сұлтанғалидың қамқорлығын көріп өскен. Әкесінің жоқтығы ма, жоқ әлде жазмыш солай ма, Алтынай бой жетіп ұзатылғанда, келін болып түскен жеріне көңілі толмаса керек. Ата салтымен беташар рәсімі жасалмақшы болғанда, Алтынай шымылдықты ысырып тастап, өзін-өзі күймен таныстырған еді дейді. Бұл күй ел ішіне «Алтынай Ақжелең» деген атпен тараған. Отты да, ойнақы күй желісімен «Алпыс екі тармақты Ақжелең» топтасының төрінен орын алады. Домбыраға арналған төкпе күй дәстүрінің биік шыңы болып есептеледі.

Е.Г.Брусиловский ХІХ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген ару күйші Алтынайдың «Алтынай Ақжелеңі» негізінде қобызға өңдеп, оркестрдің сүйемелдеуімен нәр беріп, өз «Алтынайын» дүниеге әкелген еді. Ол өзінің дарындылығы мен өнерсүйгіштігінің арқасында өз «Алтынайында» киелі қазақтың қобызының тілін дамытып, мұңын жырлады. Қазіргі кезде қобызшылардың барлығы сүйіп те, сүйсініп орындап жүрген Е.Брусиловскийдің «Алтынайы» соның айғағы. Шығарма жүрдек, төкпе күй силінде жазылған. 8 такті төменгі регистрдегі күйсандықтың сүйемелдеуінен кейін, шығарманың негізгі әуені басталады. Шығарма Ре-мажор тональдығында, 2/4 мөлшерде жазылған. Әуені құйындалып келіп, төгілгендей әсер береді. Пунктирлік өлшем шығарманың би өнеріне де лайықтылығын біршама айқындата түскендей. Е.Г.Брусиловскийдің «Алтынай» пьесасының әуені басынан аяғына дейін осы пунктирлік ырғақпен ерекшеленеді. Мысалы: шығарма қарапайым 3 бөлімнен тұрады. Ортаңғы бөлімі лирикалық сарында жазылған. Өте жұмсақ регистрде, «ре» ішегінде терең ойлы, квинталық ара-қашықтығы интервалмен бөлімнің негізгі әуені басталады. Бөлімнің осы негізгі әуені, октава жоғары қайталанады. Осы шығарманы алғаш болып ҚР еңбегі сіңген артист, профессор Каленбаева Меруерт Кабекенқызы орындады.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында жазылған бұл шығарма, бүгінгі күнге дейін қазақ музыкасындағы озық рухани дүниелердің бірі болып есептеледі. Лайым, алдағы уақытта да солай болғай !

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Брусиловский Е.Г Естеліктер. Алматы, 1994ж.

  2. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. «Күлтегін» 2002ж.

  3. Қосбасаров Б. Қобыз өнері, Алматы «Дайк-Пресс» 2000 ж.

  4. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы «Дайк-Пресс» 2001 ж.

5. Өтеуов М., Төлегенұлы Ш. Ғасырдан-ғасырға. Алматы, 2000ж.

6. Брусиловский Е. Дүйім дүлдүлдер.Алматы «Ана тілі» 1995ж.

© 2010-2022