Сценарий мероприятия на тему: «Ана туралы жыр»

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов - «Ана туралы жыр»

Мақсаты: Композитор туралы мағлұмат беріп, шығармаларымен таныстыру.
Адамгершілікке, сұлулыққа, әсемдікке, патриоттыққа, ұлтқа, Отанға, туған жерге деген құрмет сезімдерін ояту. Ш. Қалдаяқовтың әндерінің мазмұны, шығу тарихы өзінің өмірлік жолымен тығыз байланысты екенін түсінуге, ұғуға үйрету арқылы ойлау, түсіну, есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: үнтаспа, ҚР рәміздері, суреттер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгіме, түсіндіру, көрсету, тыңдату.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық тренинг
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Тест

1. (слайд) Ән болып қалықтаған... Шәмші Қалдаяқовтың суреті

Жаңа сабақ. Картамен жұмыс
Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Осы көлдің жағасын 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады.
Қалдаяқтың шын аты - Әнапия. Оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап кеткен. Татарлардың гармонын, қазақтың домбырасы мен қобызын ш ебер орындайтын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді.
Басқа баладай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап Қалдаяқ:
- Мен сені қиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Мына даусың патша емес әншіге көбірек ұқсайды екен,- дейді. Баладан басқа байлығы жоқ кедей әрі өнерпаз әке баланың атын Жамшид қояды.
Жәмшит деген ат алған сол бала отыз жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып «Қазақ вальсінің королі» атанды.

Слайд Шәмшінің суреті

- Ш. Қалдаяқов шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан.
- 1956 жылы Алматы консерваториясына оқуға түскен. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300 - ге жуық туынды жазды. Оның шығармашылығында махаббат тақырыбындағы әндер ерекше орын алады.
«Әнім сен едің»
«Қайықта»
«Сыр сұлуы»
«Арыс жағасында»
«Ақмаңдайлым»
«Бақыт құшағында»
«Қуаныш вальсі» тағы басқа әндері шырқалып жүр.

2. (слайд) Музыка тыңдау ережелері
Папури тыңдау.

Шәмші өзінің қайталанбас бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі ән өнерін биік белеске көтерді. Танымал әндер жазудағы тамаша табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығын алды. Шәмші өзінің жанындай жақсы көрген әкесі қайтыс болғанда үлкен кесене салдырды. Ал, өзің ақ сүтімен асыраған анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол -«Ана туралы жыр».
Көрініс:
Жәмшит - Шәмші атанып оның композиторлық атағы шартарапқа шарлап кеткенде, анасы айықпайтын дертке ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртады. «Балам,- бұл өмірден жас кеттім демеймін. Маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді бұйыртпапты. Тағдыр солай да, қайтейін. Жалғыз тілеуім - сен аман бол. Бұл өмірде әнің ұзаққа кетсін

3.(слайд) Ән айту ережелері
Ана туралы жыр
Сөйтіп, 1957 жылы уәдесінорындап Ана туралы жыр әнін дүниеге әкелді.

4.(слайд) жары Жәмиля қарындасы Раушан

5.(слайд) Қ. Р. мемлекеттік рәміздері
Менің Қазақстаным орындау
6. (слайд) Мұқағали Мақатаев
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі - Латиф Хамиди.
Бұлбұл, Қазақ вальсі, Отан, Аққу, Романс, Лаула, кастёр т. б ән - романстары бар.

7 (слайд) Мұражайдың суреті
Қорытынды;
1. Қалдаяқ тұрған жер?
2. Қалдаяқтың шын аты?
3. Жамшит қандай мағынаны білдіреді?
4. Шәмші қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
5. Шәмшінің мұражайы қай қалада?
6. Шәмшінің қарындасы кім?
7. Шәмшінің жары?
Венн диаграммасы

Үйге тапсырма
Шәмшіге арнап ақындар қандай өлеңдер жазған
Шәмшінің әндерін орындап жүрген әншілерді анықтау.
Бағалау

барлық дауыс бергендер: 0

«Шәмші әндері» әдеби-музыкалық салон

«Шәмші әндері» әдеби - музыкалық салон
Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың әндерін кеңінен танытып дамыту, әндерін насихаттап, қазақ өнер - мәдениетіне патриоттық сезім қалыптастыру.

1- жүргізуші: 2 - жүргізуші:-(бірге) - Саламатсыздар ма құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар.
1- жүргізуші:- Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын.
2 - жүргізуші:- Құрметті әнді қадір тұтатын қауым, бүгінгі күні музыкалық кешімізді Шәмші ағамыздың әндерін еске алу кешіне қош келдіңіздер!.
1 - жүргізуші:Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да көп тұрмады
Көрген білген өкінді
Мін тағар жан болмады
Ғ. Құрманғалиев - айтқандай
2-жүргізуші: - Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той - думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кетті.

1- жүргізуші:.- Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. Әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікпен әуестігі жоқ адам. Табиғи дарындылығы, қасиеті анасынан, нағашыларынан дарыған. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап - таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді.

2 - жүргізуші: Қазақ бар жерде Шәмші бар,
Жасайды бізбен мәңгілік.
Шырқалса, Шәмші әндері
Атқандай еді таң күліп.
Сұлу Арыс сулары,
Еркелеп ағар тербеліп.
Ғашықтар жүрді жағада
Жүрекке әнмен дем беріп.

1- жүргізуші: - Консерватория қабырғасында жүргенде жарыққа шыққан «Жүрек сыры», «Қыз сағынышы», «Қарақөз», «Арман», «Қайықта», « Ақ бантик», әндері жатады. Обкомның үшінші хатшысы үйленетін болып, үйленетін қызы мектепті жаңа бітірген жаз қыз екен. Соларға арналып «Ақ бантик» әні дүниеге келген. Шәмші, Мұхтар аға екеуі ақылдасып «Біздің тартуымыз» деп «Ақ бантик» әнін орындап берген.
1) - 8а сынып оқушысы --------- әжесі екеуінің орындауында «Ақ бантик» әні

2 - жүргізуші:- Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956 - 1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда оқыды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш. Қалдаяқовтың 300 - ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш. Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді.
1- жүргізуші: - Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше. Ш. Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды.

2 - жүргізуші: 59 - 60 жылдары жазылған Жамал Омарова «Қайықтаны», «Ақ маңдайлымды» Роза Бағланова, «Қаракөзді» Әнуарбек Үмбетбаев бірінші рет орындап шыққан.
2) «Қайықта» әнін 3 б сынып оқушысы ата - анасымен орындап береді. Қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:- 60 - 63жылдары Шымкент қаласында тұрған кезде достары Шәмшіге «Ел, туған жер туралы ән жазсаңшы» деп, соны желеу етіп пианиноны сыйлаған. Сөйтіп «Арыс жағасында» әннің бірінші әуені дүниеге келіп, кейін Мұхтар Шаханов сөзін жазды.
1- жүргізуші:- Әнді де кезінде өкімет қиянаттың қыспағына алып, радиоға, теледидарға жібермей қойыпты. Сол кезде Ескендір Хасанғалиев пен Нұрғали Нүсіпжанов студияға кіріп жасырын түрде өлеңді радиоға жазып, биліктің рұқсатынсыз радиодан жіберіпті.
3) 7 а сынып оқушысы Шаймарданова Әсел анасымен орындауында «Арыс жағасында» әнімен қарсы алыңыз.

1- жүргізуші:- Шәмші ағамыздың зайыбы Жәмиля апайдың жолдасының еске алып айтқаны: -«Шәмші екеуміз 1957 жылдың күзінде Алматыда таныстық. Мен 24 - те болсам, ол 26 жаста еді, консерваторияның студенті болатын. Ал мен тігін ательесінде жұмыс істейтінмін. Киноға, би алаңдарына жиі барып жүрдік. Сондай күндердің бірінде ол маған арнап ән жазатынын айтты. Содан мен оның әнін күтіп ұзақ жүрдім. Бірақ қашан жазасың деп қадалып сұраған жоқпын. Біз үш - төрт жыл жүріп барып шаңырақ көтердік. Яғни екеуміздің де жасымыз отызға таяп қалған - тұғын. Сондықтан ол: «Жәмиланы өзім қолдан қартайтып алдым» деп әзілдейтін.

2 - жүргізуші:- Бір күні Жамиля апайға Шәмші ағамыз: «Саған арнап ән шығарып қойдым, ұнамаса ренжіме. Егер көңіліңнен шықса рахметті алдымен Мақсұтбек Майшекинге айтарсың, өйткені сөзін жазған сол», - деді. Аккордеонды қолына алып, «Бәрінен де сен сұлуды» орындай жөнелді. Шынын айтсам, сол кезде онша мән бермедім бе, әйтеуір: «Сол - ақ па?» - дедім. Ол саспастан: «Ұнамады ғой білем. Асықпа, мен саған басқа ән арнаймын. Бұл әнімді жақында Ілия Жақанов той жасайын деп жатыр, соған тарту етемін» - деген. Кейіннен бұл ән қаншалықты танымал болғанын өзіңіз де білесіз.

(11-слайд) 4 ) Алдарыңызда «Бәрінен де сен сұлу» әнімен 10б сынып оқушысы Әділжанов Әбділахат пен әкесінің орындауында.

1- жүргізуші: - Шәмші Алматыда үйсіз, күйсіз жұмыссыз қиналып жүрген кезінде ауылдан анасы Сақыпжамалдың қайтыс болғаны туралы хабар алады. Бұл 1958ж еді. Сонда Шәмші үйіне жететін ақша таба алмай қатты қиналыпты. «Ана туралы жыр» әні сол кезде туған ән еді. Оны Шәмші ағамыз парктің ішінде қайғырып отырып шығарған екен.
5)- Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазған «Ана туралы жыр» әнін 6 б сынып оқушысы ------ мен әжесі орындап береді.

2 - жүргізуші: 1965 жылдары Шымкент қаласында тұрған кезі. Осы кезде Нұрсұлтан Әлімқұлов Сарыағаш шипа жайында демалуда, Шәмші аға үйінде екеуі кездесіп «Қайдасың» әнін өмірге әкелген. Осыған күәгер болған Шәмші ағаның інісі Қадыр Қалдаяқов. Сол кездерге «Әнім сен едің», «Кешікпей келем деп ең» әндері жатады.
1- жүргізуші: - Шәмшінің әнін шырқасаң атар таң күліп,
Жүректе қалар әуендері мәңгілік.
Жылы нұр сеуіп жаныңа ләззат беретін
Әндері - ай шіркін, Шәмшінің кетті жаңғырып!

6) 9а сынып оқушысы Еримбаева Жансая әкесімен орындауында «Әнім сен едің» әні

2 - жүргізуші: - Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». «Тамды аруы» деген әні Алматы - Бішкек тас жолында туған. Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің», «Кешікпей келем деп ең» әндерінде ерекше аңсау, терең толғау бар.
7) 4 б сынып оқушысы ------------------- әжесімен орындауында «Кешікпей келем деп ең» әні
(16-слайд) 1- жүргізуші:.-"Сыған серенадасы" ойдан шығарылған дүние емес. Жалт етпе жастық дәуренінің ең бір елеулі де, қалаулы тұсы болар бәлкім… Аз күн болса да армандай азат әлемнің ішіне еніп үлгерген елгезек жігіттің ғажайып түс көргендей осынау бір қас қағым сәттік алай - дүлей сезім төңкерісін сол жігіттің өзіне неге қимаймыз?

2 - жүргізуші:- Сыған қызына ғашық болыпты деген де осы сөздерден шықты. 1959 жылы Шәмшіні консерваториядан шығарып жіберген сәттерде Жамиля апай - жұбайы сән ательесінде жұмыс істеген. Шәмші - аға жұмыстан кейін күтіп алатын. Сол кезде көше бойында сығанның қыз - келіншектері толып жүретін. Әрине, адам болған соң бір - екі ауыз сөйлесіп, әңгімелескендері бар шығар. Бірақ ғашық болды деп даурығудың жөні жоқ. Бұл туралы досы Қалаубек Тұрсынқұловтың естелігінде: «Шәмшіні сыған қызымен еріп кетті дегені өтірік. Ал театрдағы қойылым көркем туынды ғана», - деп жазылған.

8)«Сыған серенадасы»- 5а сынып оқушысы ------------------ әкесімен орындауын тамашалайық

1- жүргізуші:. - Ауылға ат басын бұрған бір сәтінде Арыстан әрі асып, Сыр анасына барған Шәкең оның жағасына атшалдыра мұңайып тұрып:
"Есімнен шықпас сірә да,
Айналайын, Сыр ана.
Мендегі әнді айтсаң да,
Мендегі хәлді сұрама.
Ішейін десем тұздайсың,
Түсейін десем мұздайсың.
Сыңси да сыңси жат елге
Баратқан ұзап қыздайсың…" деген екен.

2 - жүргізуші:- Сол 70 жылдарға «Жұбайлар жыры», «Сыр сұлу» әндері жатады. Негізінде «Сыр сұлу» әні Қызылорданың Сырдариясына арналған ән.
1- жүргізуші:.- Шәмші ағаның «Бақыт құшағында» әні ұлы Әбілқасым бір жарым жасқа толғанда жазылған. Әннің тууына орай сол күні отбасында кішігірім той болды. Шәмші ерекше шаттанып жүрген себебі - баласының өмірге келгеннен бері, яғни бір жарым жылдан бері толғағы жетпей жүрген дүние екен. Сөзін жазуға Нұтфолла Шәкеновке тапсырма берді. Ол кісінің жазған өлеңі әнмен үйлеспеді мекен, кейіннен Тұманбай Молдағалиевке басқа сөз жаздырды. Әнді алғаш болып Рашид Абдуллин орындады. Ендеше бүгінгі кешімізде осы әнді қарсы алыңыздар.

9) 10а сынып ата - анасы Нысанов Тілектің орындауында «Бақыт құшағында»
2 - жүргізуші:- Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді. Халықтың сүйікті композиторы Ш. Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады.
Шәмші - қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз.
1- жүргізуші:.- Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді.
(24-слайд) 10) «Ақ ерке - Ақжайық» әнін 3а сынып оқушысы Аймуратов Айсұлтан әжесімен орындап береді

2 -жүргізуші: - Көп адамдар «Шәмші әндерін мандолинмен шығаратын еді» дейді. Шәмші көшеде ыңылдап келе жатып та, фортепьянода ойнап та шығаратын. Ән жазып болғаннан кейін көңілі жадырап, балаша шаттанатын. «Жәмила, тыңдашы, мынадай ән шығардым», - деп бірнеше мәрте орындап беретін болған. Әсері сонша, ол әндерді мен де лезде жаттап алатынмын. Бір қызығы, Шәмші өз әндерінің өлеңін дұрыс білмейтін. Қонақтар келгенде «сен айт, мен айтпен» ақыры әнін фортепьянода орындап беретін. Бүгінде ел аузында жүрген әндердің бірінші тыңдаушысы болғанымды өзімше мәртебе санаймын. Сол үшін де бақыттымын.» деген Жамиля апай

1- жүргізуші:.-- Достыққа адал, адамгершілігі мол, ақкөңіл еді мінезі. Өзіне ерекше тартып тұратын, сөйлескен адамын еріксіз баурап алатын қасиеті бар болатын. Сол үшін оның жанында жүруге құмартатындар көп еді. Сөзі мәнерлі, әңгімесі әсерлі болатын. Еттен жасалған тағамдарды сүйсініп жейтін. Біреуді жамандау деген оған жат нәрсе еді. Балаларына мейірімді болды. Екі ұлының атын да өзі қойды. Әбілқасымды - Әбілқа - сым Фирдоусиге, Мұхтарды - Мұхтар Әуезовке ұқсасын деп ниет еткен. Екеуі де өнерден алыс кеткен жоқ. Үлкені - пианист. Екіншісі қазір Абай атындағы опера және балет театрында дирижер болып жұмыс істейді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар. Екеуінен төрт немерелері бар.

2 - жүргізуші:-- 1992 жылдан бері елімізде сазгерлер мен әншілердің Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау - фестивальдері өткізіліп жатыр. Ш. Қалдаяқов туралы қаншама естеліктер жазылып, кітаптар шығарылып жатыр, ескерткіш орнатылып, көшелер мен оқу орындарының аты берілді, деректі телефильм түсірілді. Шәмші әндерінің әндер жинақтары шықты. "Шәмші" журналы шығып жатыр. Жыл сайын Алматыда екі рет, Астанада екі рет Шәмші әндеріне арналған дәстүрлі концерттер өткізіліп жүр. Қалдыбек Құрманәлі «Шәмші» журналының бас редакторы, композитор Шәмшіге арнап ән шығарды

11) Қалдыбек Құрманәлінің «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әні - орындайтын 7б сынып ата - анасы Атауова Г. Қ.

1- жүргізуші:.- Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш. Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» "Теріскей", "Өмір өзен", "Отырардағы той", Туған жермен қоштасу""Сағынышым менің" «Мойынқұмда ауылым», т. б. секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады.

2 - жүргізуші: Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62-ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш. Қалдаяқов көз жұмды. Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады. "Ұлық болсаң, кішік болдың" қарапайым ғана бір үлгісіндей Шәмші Қалдаяқов ғұмыры біреуге аңыз, біреуге ән, біреуге ақиқат…

1- жүргізуші:.- 1956 жылы Ақмола қаласы «Целиноград» атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жүрген кезі екен. Қазақ жері осылайша бөлшектенгелі жатқанда, оның асқақтаған жырлайтын әнұран қажеттілігін сезіп 25 қазанда «Менің қазақстаным» әні туды.

2 - жүргізуші:- Сол кездегі өкімет басындағылар Ш. Қалдаяқовқа коммунистік партияны мақтап ән жаз деп тапсырма береді. Сонда Шәмші ағамыз Жұмекен Нәжімеденов екеуі бірігіп «Менің Қазақстанымды» жазып апарып береді. Әнді дайындап апарған кезде «мынау өлеңіңнің ішінде партия туралы бір де бір сөз жоқ қой, мынаны қабылдамаймыз, кейбір сөздерін өзгертіп партияны кіргіз» деп өлеңін лақтырып жібереді. Сонда Шәмші ағамыз «менің әндерім халқыма ұнаса болды, партияға ұнамаса қойсын» депті де бір сөзін де өзгертпестен қалдырыпты. Тіпті ол өте көрегендікпен «Бұл ән қазақтың әнұраны болады» деп айтыпты.

1- жүргізуші:- Ал, 2006 жылдың қаңтар айында халық қалауы болған «Менің Қазақстанымның» кейбір сөздеріне түзетулер енгізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған қазақтың ұлы сазгері, ән падишасы, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқов.

Менің Қазақстаным» орындалады. Сахнаға орындаушылардың бәрін шақырамыз.(Әнұран айтылады).

2 - жүргізуші:- Біз, бүгінгі ұрпақ Шәмші рухының алдында әлі көп - көп қарыздармыз. Осымен «Шәмші әндері» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Сау саламатты болыңыздар!



© 2010-2022