«Сыр елі-жыр елі. Нұртуған ақынның мұрасы»

Раздел Музыка
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды обл., Балқаш қ.,

БГТК колледжінің музыка пәнінің мұғалімі

Аралбаева Бибинур Толендыевна

Сабақтың тақырыбы:

« Сыр елі-жыр елі . Нұртуған ақынның мұрасы».

Сабақтың мақсаты: Сыр елі-жыр елі тақырыпты жалғастыра отырып, Нұртуған жыраудың шығармашылығымен таныстыру, термесін жаттатқызу.

Білімділік:

Нұртуған жыраудың өмірбаянымен танысып, терме-толғаулары арқылы оқушылардың білім-таным қасиеттерін арттыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың ырғақты сезіну, орындау, есту арқылы тыңдай білу қабілеттерін дамыту, ән айту, вокалдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиешілік:

Халқымыздың музыка өнеріне сүйіспеншілігін оята отырып, ұлттық өнерге тәрбиелеу.

Халқымыздың мәдени мұраларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық ситуация, зерттеу,

әңгімелесу, ойын,шығармашылық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақ көрнекілігі: Нұртуған жыраудың портреті, терме құрастыру үлгілері,

жыраулар портреттеріне жасалынған буклет,

жырлар тұралы әдеби оқулықтар,

жырауларды бейнелеген қолмен салынған сурет-иллюстрация,

сұрақтары бар үлестірме қағаз,

«Оқушылар шығармашылығы »- болашақ кітапша жинағының мұқабасы.

Техникалық құралдар:

музыкалық центр, теледидар, бейнемагнитофон,

бейнетаспа , үнтаспалар, фортепиано аспабы.

Сабақта қолданатын музыкалық шығармалар:

1. Тұрмағамбет жыраудың бейнетаспаға жазылған «Тәлім» термесі, Е. Жаңабергенованың орындауында

2. Нұртуған жыраудың үнтаспаға жазылған «Қанеки,тілім,сөйлеші» термесінің 2 нұсқасы Е. Жаңабергенованың орындауында және Р. Рымбаеваның орындауында.

3. «Қанеки,тілім,сөйлеші» термесінің үнтаспаға жазылған инструменталдық

аранжировкасы (фонограмма)

4. «Жыр жазамын жүрегімнен» Ғ. Жұбанованың шығармасы (шығармашылық жұмысының фон-музыкасы )

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені, балаларды түгендеу,сабақ тақырыбын айтып, мақсатын қою.

-Балалар, қазір сендер бейнекөріністі тамашалайсыңдар. Назарларыңды аударып, зейін қойып тыңдаңдар. /бейне көріністе Тұрмағамбет жыраудың «Тәлім» термесі, Елмұра Жанабергенованың орындауында/

-Балалар, тыңдаған шығарма қандай шығарма түріне жатады?

-Иә, бұл терме

-Кімнің термесі? Қалай аталады?

-/Тұрмағамбет жыраудың «Тәлім» термесі/

-Бейнекөріністе термені орындап тұрған- атақты әнші, қазіргі заманымызда термелерді орындайтын жыршы Е. Жаңабергенова. /дәптерге жазып алу /

-Терменің мазмұны не туралы?/жауап/

-Тұрмағамбет ақын қай жыраулық мектепшілігінің өкілі?

-/Сыр бойындағы мектепшілікке жатады/

-Неге біз «сыр елі- жыр елі» дейміз?

-Сыр бойындағы елді мекеннен көптеген атақты жыраулар шыққан және жыраулық мектепшілік өте дамыған.

-Осы мектепшіліктің ерекшелігі неде?

-көмейімен айту мәнерінде

-Ал, терме деген не?/жауап/

-Жыраулардың сол заманда атқарған міндеттері неде?/жауап/

-Сондықтан, жырауларды кім деуге болады?

-Ақын, шешен, орындаушы, ұстаз, философ.

-Термеден біз не аламыз?

-тәлім, тәрбие, үлгі...

ІІ. -Ендеше, бүгінгі сабақта Сыр елінің тағы бір атақты жырауының бірі Нұртуған ақынның өмірбаянымен танысып, «Қанеки,тілім,сөйлеші» термесін талдап, айтып үйренеміз./Дәптерге тақырыпты жазу/

-Мен сендерге алдын ала Нұртуғанның өмірі туралы зерттеу жұмысын бергенмін. Кім оқиды? Түйінін ғана оқындар. /окушылар дайындаған мәліметті қысқа ғана оқиды /

-Иә, балалар, Нұртуған ХІХ ғ. өмір сүрген, Арал өңірінен шыққан атақты жырау, әрі орындаушы-жыршы екенің білдік. Өзінің соңына көптеген терме-толғаулар мен жыр-дастандар жазып қалдырған. /жауап берген балаларды бағалау /

-Бүгінгі сабақта осы жыраудың атақты термесімен танысып, мәтінін талдап, айтуын үйреніп, термені орындауға машықтанамыз.

/ осы жерде кітаптағы «Қанеки,тілім,сөйлеші» термесінің сөздерін ашып, мәтінмен талдау жұмысын жасау /-Терме не туралы? /жауап /

-Балалар, кәзір біз осы терменің 2 нұсқасын екі әншінің орындауында тыңдаймыз. Алдын ала мынандай сұрактар қоямын:-Терменің 2 нұсқадағы орындау мәнері қандай, салыстыру керек?

-Орындаған әншілер сендерге таныс па ?

/Үнтаспаға жазылған «Қанеки,тілім,сөйлеші» термені Е. Жаңабергенованың ұлттық аспаптар оркестрдің сүйемелдеуімен орындауында және осы термені атақты әнші- Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында тыңдатқызу /Оқушылар жауап беріп, дәптерге термені орындаған әншілердің аттарын жазып алады/

ІІІ.-Енді біз сабағымыздың негізгі бөліміне көшеміз. Термені жаттап, орындауға машықтанамыз. Алдын ала дауысымызға жаттығұларды жасаймыз. Алдыларындағы тақтаға жазылған терменің сөздеріне назар аударып көрейік. /оқушыларға жаттау жұмысын жүргізгенде дыбыстын жоғары және төмен баратын жерлерін көрсету, әуенін үйрету, қиын жерлерімен жұмыс жасау / Бір рет аспабпен тез екпінде орындату. Содан кейін, жазылған инструменталдық аранжировкамен (фонограммамен) айтқызып көру.

-Балалар, біз бүгін қай жыраумен, қай шығармамен таныстық ?

-Нұртуған ақын қай өңірден шыққан, қай ғасырда өмір сүрген ?

-Ақынның қай шығармасымен біз таныстық ?

ІV.-Сабағымызды әрі қарай жалғастыра отырып шығармашылық жұмысқа көшеміз.

Бүгін сендер ақын-жыраулардың ізімен ойларынды өрбітіп,өздерінде ақын, жырау боп сезініп көріндер.

1-ші топтың жұмысын « Болмасаңда ұқсап бақ...»

2-ші топтың жұмысын « Бір үзік сыр...» деп атадым.

-Алдыларындағы термені құрастыру үлгілері 3 нұсқада. 1-ші топтағы «ақындар» бір нұсқа таңдап алып термені құрастырып көреді.

2-ші топтағы балалар «қазіргі заманның жыраулары» болып өз ойларын толғатады.Тақырыбы: қазіргі заманның жырау нені жырлайды ?

/ балаларды топқа бөліп, арнайы парақтарды таратамын, олар жұмысқа кіріседі. Сол уақытта баяу фон-музыканы қоямын- Ғазиза Жұбанованың « Жыр жазамын жүрегімнен» атты шығарманы. Оқушылар жұмыстарын бітіргеннен кейін тексеремін. Әр бір нұсқадан бір-екі баладан тыңдап, қорытынды шығарып, жұмыстарын жинап аламын./

-Балалар, бүгінгі сендердің шығармашылық жұмыстарынды біріктіріп мынандай кітапша шығарамын /балалар жазған парақтарды жинап, дайын мұқабамен бірге степлермен бекітіп кітапшаны көрсету /

V.- Сабағымыздың қорытыңдысын шығару үшін мен сендерге таратып берген жеке үлестірме қағаздағы сұрақтарға назар аударайық. Қандай сұрақтарды көріп отырсындар:

не білдік, не үйрендік, не білгілерін, үйренгілерін келеді. Осы сұрақтарға қысқа жауап береміз. / жауаптарын тыңдап,қорытыңды жасау /.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларға баға қойып, үйге тапсырма беру: термені жаттау,

Сыр елінің жыраулары туралы мәліметтерді қайталау, Нұртуған ақынның өмірі туралы оқып мазмұндап келу .

- Осымен біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар !


© 2010-2022