«Жас жұлдыздай жарқыраймыз, жанамыз!»

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жас жұлдыздай жарқыраймыз, жанамыз!»

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

Қожаберген жырау атындағы

№6 орта мектебінің

музыка пәні мұғалімі

Темирханова Шынар Сеитовна

«Дарынды және талантты оқушыларды оқыту»тақырыбында өткен қалалық семинардың«Жас жұлдыздай жарқыраймыз, жанамыз!»аттыконцерттік бағдарламасы.

Мақсаты: Оқушылардың дарындық қабілеттін арттыру, шығармашылығын дамыту, таланттарын насихаттау. Ұлығұламалардыңөлеңдерінжатқаайту, оқушыбойындағыадамгершілікқасиеттерінжетілдіру, ұйымшылдыққа, әдептілікке, достыққатәрбиелеу. Оқушылардыңжекетұлғаретіндеқалыптасуынажағдайжасау.

Тәрбиелікбағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік

Барысы:

I.Ұйымдастырубөлімі

Шарағақатынасушыоқушылардыңәзірлігінбақылау, түгендеу. Сахнағашығуреттік саны бойыншаоқушылардыдайындау.

1- жүргізуші:Армысыздар, ұлағаттыұстаздар, құрметтібүгінгікүннің сыйлықонақтары!

2- жүргізуші:ЕлбасымызН.Ә.Назарбаев «Қазақстаныңболашағы - дарындыжастар» дегеніндей, дарынды және талантты жастарымыз мектеп қабырғасынан бастау алады. 1- жүргізуші: Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,

Кішіге ізет, үлкендерді сыйлаған.

Осындай оқушылар бар бізде

Өнерлілер, дарындылар жиналған. Сахна төрінде өңіріміздің атақты «Қуанамын» би ансамблінің мүшесі, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық бишілер байқауының жүлдегері, мектебіміздің мақтанышы Халелова Айдананы әсем биімен қарсы алайық. /Би/

1- жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай екен,

Өнер деген мол қазыналы бай екен,

Домбыра тартып, ән айтып, жыр жырлайық,

Өнерсіз бала бұл мектепте кемде-кем.

2- жүргізуші: Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер ел үшін...» атты жыршылар байқауының қалалық, облыстық кезеңінің жүлдегері, Семей қаласында өткен І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының қатысушысы 7- сынып оқушысы Токушева Мадина «Қобыланды батыр» жырынан үзінді жырлайды.

жүргізуші: Кең өлке барма қазақ даласындай
Ал дара бар ма, қазақ данасындай.

Қазақтың ән мен күйін асқақтатқан

Бар ма екен күйші бала данасындай.

«Домбыра - қазақтың қасиетті дүниесі. Өзің тарта алмасаң да қастерлей біл» - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, қалалық Махамбет күйлерін орындаушылар сайысының жеңімпазы Бапанов Ғалианұрдың орындауында Дина Нүрпейісованың «Науаи» күйін тамашалаңыздар. 2- жүргізуші: Бізде өнердің барлығы бар, бәрі де
Тамашалар жасы болсын кәрі де
Ақындардың өлеңін жатқа айтатын
Дарын жасты шақырамыз, сахнаның төріне. Фариза Оңғарсынованың «Жетімхана» туындысымен қалалық, облыстық КАТЕV олимпиадасының мәнерлеп оқу номинациясының жүлдегері 10- сынып оқушысы Ерғали Бекарысқа сөз кезегін берейік.

1- жүргізуші: Ән - махаббат, ән - сағыныш,
Ән - жұбаныш, ән - қуаныш
Сырлы сазды сәнімен
Тербетеді қыздарымыз әнімен. Ортаға қалалық патриоттық әндер сайысының жеңімпаздары «Қыздар-ай» тобын «Жиырма сегіз батыр» әнімен шақырамыз.

2- жүргізуші: Суреттің де айтар ойы, сыры бар. Талантты, дарынды оқушыларымыздың бірі, бейнелеу лицейінің түлегі, мектебіміздің мақтанышына айналған 11- сынып оқушысы ГабдуллинаДарина ақ қағазға жан бітіре, өзі сүйген бейнені өзгеге де сүйсіндіре жеткізуге кұштар. Даринаның суреттері сөйлеп тұрады, себебі ол бояуды баттастырмай, талғаммен бояп, баппен асықпай салады. Оның әсем де әсерлі суреттері Өнер мұражайындағы көрмеге қойылған. Олай болса, Даринаның салған суреттеріне бір сәт назар аударып, сөз кезегін Даринаның өзіне береміз...

1-жүргізуші: Мың бұралып, түрлі жаттығу көрсететін гимнаст қыздарымыз да бар. Қалалық, облыстық, Республикалық, халықаралық көркем гимнастика сайыстарының жүлдегері ҚаражигитоваҚайнидың өнерін тамашалаңыздар.

2- жүргізуші: Тек сіздерге арнаймыз нәзік үнді
Жанып тұрған оттаймыз біз жалынды
Әнші де бар, биші де, ақын да бар
Қазақстан жастарымыз біз дарынды. Ән: «Қазақ жастары»1-жүргізуші: «Өнерлінің өрісі кең» дегендей, бүгінде арамызда бар талантты, дарынды балаларға қолдау көрсетіп, Жас жұлдыздарымыз жарқырап, жаңа белестерден көріне берсін деген тілегімізбен шағын концертіміз де аяқталды. Назарларыңызға рахмет!























Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі









«Жас жұлдыздай жарқыраймыз, жанамыз!»

«Дарынды және талантты оқушыларды оқыту» тақырыбында өткен қалалық семинардың концерттік бағдарламасы





























Орындаған: музыка пәні мұғалімі Ш.С.Темірханова









2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022