Компьютерлік ноталық редакторларды музыка сабақтарында қолданудың тиімділігі

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Компьютерлік ноталық редакторларды музыка сабақтарында қолданудың тиімділігі


Қарағанды қаласы

№ 6 ЖББОМ музыка пәнінің мұғалімі

Уйсимбаев Самат Абюрович

Қазіргі кезде білім беру ісі мемлекеттік саясаттың қоғамдық және экономикалық артықшылығы бар, негізгі саласына айналды.

Бүгінгі мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың білігі мен білімі мемлекетіміздің ертеңгі болашағына тікелей байланысты екені анық.

Бұған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық», - деген пікірі нақты дәлел бола алады. Қазіргі таңдағы білім беру ісінің басты мақсаты - тек білім, білік, дағдыларын меңгертіп қана қоймай, ақыл да алғыр ой-өріс ақпарат көздерін өз бетімен қорытып, қолдануға, өзін-өзі дамыта алуға қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Қазіргі заманның оқытушы, ұстаздарынан тек қана өз пәнінің терең білгірі болуы емес, педегогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік, тарихи танымдық, сонымен қатар, ақпараттық сауаттылық міндетті түрде талап етілуде. Себебі заман талабына сай білім беру үрдісінде оқу мен тәрбие ісін жандандыратын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, жаңалыққа жаны құмар жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты бола алады.

Интерактивті құралдар және компьютер арқылы жүргізіліп жатқан оқыту процесі оқушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға бейімдеп, нәтижесінде олардың өз кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі күні ақпараттық қоғам аймағында шәкірттердің компьютерлік оқыту ісін дамытатын және олардың ойлау қабілеттерін қалыптастыратын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды тиімді деп санауға болады.

Осы күні білім беру жұмыстарында алдымызға қойылған негізгі мақсат - дамыған инновациялық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.

Бұл мақсатты орындауда музыка пәнінің оқытушыларына компьютерлік - музыкалық ноталық редакторларын (бағдарламаларын) жалпы білім беретін орта мектептерде музыка пәнін оқыту жұмыстарында тиімді пайдалану музыкалық білім беру ісінің жаңа әдістемеліктерін қолдану мүмкіндіктерін туғызады.

Бұл бағдарламалармен жұмыс жүргізу арқылы музыка оқытушылары мен оқушылардың кәсіби деңгейлерін шыңдай түсуіне үлкен мүмкіндіктер туады. Сонымен қатар, музыка өнерінің кез келген жанрларымен өз беттерінше танысып, жұмыстар жасауына болады. Тек бір ескере кететін жағдай бұл ноталық редакторлардың (бағдарламаладың) көбісі ағылшын тілінде. Мысалы:

Geniesoft Overture 4.1.5

Finale 2008

ABC Music Notation

Audimus

Canorus

MusicTeX

Philip's Music Writer (PMW),

Rosegarden, MIDI

Midisoft Recording Session и Midisoft

Graphire Music Press

Power Tab

NtEd

Орыс тіліндегі аудармасымен «Finale 2000...-2011» ноталық редакторы. Бұл бағдарламаға қазақ тілінде жұмыс жасауға арналған оқу - әдістемелік құралды алғаш жазған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Раушанбек Салманов.

Осы ноталық редакторлардың (бағдарламалардың) барлығының негізгі жұмыс жүргізу принциптері бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан компьютер сауаттылығы және музыкалық сауаттылығы (нота сауаттылығы) бар адамға қиындық туғыза қоймайды деп ойлаймын.

МКомпьютерлік ноталық редакторларды музыка сабақтарында қолданудың тиімділігіенің кейінгі жылдары музыканы оқыту әдістемемде (тәжірибемде) қолданып жүрген ноталық редакторым (бағдарламам): Geniesoft Overture 4.1.5

Бұл ноталық редакторларды (бағдарламаларды) музыканы оқыту пәндерінде қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Себебі бұл бағдарламаның мүмкіндіктері өте көп.

Мысалы, оқушылар осы бағдарламалар арқылы компьютерде нотаны (шығарманы) теріп үйренеді және қалауы бойынша өзгерте алады. Және де терілген нотаны (шығарманы) қалауы бойынша қай аспаптың үніне қойып ойнатса, компьютер шебер орындаушының мүмкіндігі келмейтін музыкалық шығармаларды айна қатесіз толықтай немесе әр бөлшектерін дыбыстайды. Бұдан оқушылардың музыкаға деген қызығушылығымен қатар шығармашылық қабілеттері де артады.

Осы бағдарламалармен жазылған электрондық партитурадағы түрлі музыкалық аспаптардың дыбыс бояулары кәдімгі аспапша дыбысталады. Және мұны «midi» форматта сақтап, басқа компьютерлік ойнатқыштарда ойнатып, мүмкіндігінше әрлеуге де болады. Осы заманғы эстрадалық музыка жанрларымен жұмыс жүргізуге өте тиімді.

Бағдарламаның мүмкіндіктері мол деп жоғарыда айтылғандай шығармалардың әсерлік белгілерін (дыбыстық динамикалары, мелизмдер мен штрихтерін, жылдамдығын, тональностін т.б) редактор меңгерушісі өзінің қалауы бойынша қолданып, қажет жағдайда өзгерте де алады.

Жазылған музыкалық шығарманы электронды оқу құралдарын жасауда және кітап басылымы ретінде пайдалану мүмкіндіктері де бар.

Қорыта айтқанда, бұл компьютерлік ноталық редакторлар (бағдарламалар) музыка оқытушыларына, хор немесе оркестр ұжымдарының жетекшілеріне (дирижерларға), музыкалық шығармаларды әрлендіруші мамандарға (аранжировщиктерге), шығармашылықпен айналысатын сазгерлерге үлкен пайдасын әкелетіні рас.

Ертеңгі ел тізгінін ұстайтын алдымызда тәрбиеленіп отырған жеткіншек жастарымыз. Осы жастарымыздың ішінен болашақ Қазақстанымыздың даму жолындағы мәдениетіне, өнеріне еңбегін сіңіріп, өз үлестерін қосатын дара тұлғалар шығатынына сенімім мол. Ендеше осы оқушыларымызға қазағымның сарқылмас өнерін оқытуда заман талабына сай жаңаша (инновациялық) жолмен білім бере білуді бүгінгі біздер басты міндетіміз деп санайық.

Шығармашылықтарыңыз арта берсін, құрметті әріптестер!

Қолданылған әдебиеттер:


«Музыкалық компьютерлік технология. «Finale» ноталық редакторымен жұмыс». Алматыкітап - 2011. Раушанбек Салманов.


© 2010-2022