Музыка пәнінен Италия классикалық музыкасы тақырыбында сабақ (6-сынып)

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Италия классикалық музыкасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

Италия классикалық музыка өнерінің мәнін айқындау, мазмұнын түсіндіру. Опера әуенін тыңдай отырып оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Тәрбиелік:

Өзге де халықтардың музыкасынан, өнерінен үлгі алуға, сезінуге тәрбиелеу, музыка өнеріне деген сүйіспеншіліктерін оята отрып, әсемдік, сұлулық сезімдерін ояту.

Дамытушылық:

Өнерге бейімдеу, әуенді тыңдау арқылы музыканың тарихына үңіле білуге дағдыландыру

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәслдері: сұрақ-жауап, музыка тыңдату, ой қозғау, әңгімелеу, суреттеу

Көрнекіліктер:тақырып жазылған лозунг, музыка жайлы жазылған сөздер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, өнер

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Үй тапсырмасын сұрау

  4. Жаңа тақырып

3. Үй тапсырмасын сұрау

(оқушылар тақтада берілген «10», «20», «30» жүемен берілген цифрларды таңдай отырып сұрақтарға жауап береді)

Үндінің Рага - үнді классикалық музыкасы.

  • Рага музыкасының құрылуы.

  • Үнді мифологиясы бойынша, ең алғашқы биші

  • Негізі, үнді биі неше топқа бөлінеді.

  • Қандай стильдерін бідесіңдер?

  • Арнайы тәрбиеленіп тайпалық биді үйреніп шыққан қыздарды қалай атаған?

Сабақ барысы

4.Италия калссикалық музыкасы. Тарихы.

Италияның музыкалық фольклорының алғашқы ноталық үлгілері 13 - 14 ғасырда жазылған. Италия халық музыкасының ерекшелігі әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының алуан түрлілігінде.

Италия - опера, оратория, кантата, дербес оркестрлік музыканың, орган үшін жазылған пьесалардың, увертюралар мен симфониялардың, кончерто гроссо, соната, т.б. жанрлардың отаны.

Дәптермен жұмыс.

Жаңа музыкалық терминдер жанрлар

Опера-(италь. «еңбек, жұмыс») музыкалық драмалық шығарма

Оперетта-шағын опера

Форте пиано (италь. «қатты, ақырын»)

Оратория- тарихи тақырыпқа арналған бірнеше бөлімді музыкалық шығарма

Увертюра (италь. «Ашылу») оркестрше арналған шығарма

Осы күнгі нота жазу үлгісі (Гвидо д'Ареццо, 992 - 1050) де Италияда пайда болды. О.Петруччи (1466 - 1539) нотаны алғаш басып шығарса, Б.Кристофори (1655 - 1731) фортепьяноны ойлап тауып, Дж.Царлино (1517 - 1590) гармония ғылымының негізін қалыптастырды. 16 - 18 ғасырларда дүние жүзіндегі ең жақсы скрипкалар (Амати, Гварнери әулеттері, А.Страдивари) осы елде жасалды.

Алғашқы консерваториялар мен музыкалық академиялар Италияда пайда болды.

Римде шіркеу әуендері бір жүйеге салынып, Григориан хоралына заңдастырылды, кейін ол бүкіл Батыс Еуропа діни музыкасының негізіне айналды. Фольклор негізінде тұрмыс-салт әндері (баркарола, гондольера, т.б.),

.18 ғасырдағы Италия А.Вивальди, Д.Скарлатти (1685 - 1757), Л.Боккерини (1743 - 1805), Дж.Саммартини (1701 - 1775), т.б. композиторлардың, ұлы скрипкашы Н.Паганини және фортепьянолық сонаталар мен этюдтардың авторы М.Клементидің (1752 - 1832) шығармашылығы әлемге танылды. 19 ғасырда Дж.Россини, В.Беллини (1801 - 1835), Г.Доницетти (1797 - 1848), Дж.Верди сынды композиторлар опералық шығарманың атақты шеберлері атанды. 19 ғасырдың аяғында Италия операсында веризм ағымы пайда болды.

Дауыс диапазондарын келтіру

  1. C-dur гаммасы

  2. Ло-ло-ло-ло жаттығулары

  3. Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар

Ән үйрену

Менің өлкем

Әні: А.маханбетова

Өлеңі: А.Асылбек
Менің өлкем қандай көркем тамаша,

Көз тоймайды келбетіне қараса.

Мөлдірейді дөңгеленген көлдері,

Аққулар мен қаздары бар тамаша.

Қайырмасы:

Мақтан етем өлкемді,

Өлкем менің көркем-ді.

Көлдерінде тербелем,

Қайығымен желкенді.

Қандай ғажап тауларының қойнауы,

Бақтарында бұлбұлдардың сайрауы.

Қырларында алтын астық жайқалып,

Малғ толған жасыл кілем жайлауы

Қайырмасы:

V. Сабақты қорытындылау

V I. Оқушыларды бағалау

VII. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, мазмұндау, әнді жаттқа айту.





© 2010-2022