Ашық сабақ Мұқан Төлебаев 4-сынып

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мұқан Төлебаев

Музыка сауаты: Романс.

Халық әні «Қарлығаш» - үйрену.

М. Төлебаев. «Біржан-Сара» операсынан Сараның ариозасы - тыңдау.

Қазақтың халық әні «Гүлдер-ай» - тыңдау.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың қазақ халқының шешендік сөз өнері - айтыс туралы білімдерін тереңдету

2. Сөз (поэзия) мен музыканың өзара байланысы жөніндегі білімдерін тереңдету. Дыбыс үндестігін сезінуге дағдыландыру.

3. Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Сабақтың сапалылығын арттыру. Оқушының эстетикалық көзқарасын кеңейту. Сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұқан Төлебаев (1913-1960) Алматы облысында дүниеге келген. Анасы Тәжібала суырыпсалма ақын, әнші болған. Бала күнінен анасының өнеріне тамсанып, әнімен сусындап өскен. Музыкалық қабілетін шыңдау үшін 1936 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясына оқуға түседі. Шығармашылық жұмыста Е.Г. Брусиловскиймен бірге жұмыс істейді. Музыканың екі алыбы бірін-бірі толықтырды десе де болады.

Композитор кәсіби жанрда телегей-теңіз мол м9ра қалдырды.

Оқулықпен жұмыс.

М.Төлебаевтың шығармашылығы туралы оқылады. М.Төлебаев шығармашылығының үлкен бір саласы - ән - романстар. Романс - ән жанрынан күрделі болып келетін, белгілі бір музыкалық аспаппен сүйемелденіп орындалатын шығарма.

Шығармашылық жұмыс:

«Өнер алды қызыл тіл» дейді халық даналығы. Айтыс өнері - қазақ тілінің сөздік қорын байытатын зор қазынасы.

Айтыс - халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет салаларының бірі. Қазақ кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан атақты композитор М.Төлебаев опера жанрына «Біржан-Сара» операсы арқылы халықтың поэтикалық жанры - айтысты алып келді. Поэзия мен музыканың тығыз байланысын биік дәрежеде көрсете білді.

«Біржан-Сара» операсының премьерасы Алматыда 1946 жылы қойылды. Либреттосын жазған жазушы, әдебиет зерттеушісі Қажым Жұмалиев.

Операның негізіне XIX ғ. өмір сүрген қазақтың әнші-композиторлары Біржан сал Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызының айтысы туралы поэма алынған. Операның музыкасы халық әндерімен үндесіп жатыр.

«Айтбай», «Жанбота», «Гүлдер-ай», «Ой жайлау», «Шұбар ағаш» әндері арқылы Біржан мен Сара сияқты өнерпаз жандардың біртүтас бейнесі жасалған. Біржан қайратты, өр мінезді, өнерлі азамат болып сомдалса, Сараның ариясын тыңдау барысында қазақ қыздарына тән биязылықпен қатар батыл, ержүрек ақын қыздың бейнесін көреміз.

Музыка тыңдау: «Біржан-Сара» операсынан Сараның ариозасы.

Операда екі ақынның айтысы, хор, би, терме, «Жар-жар» әні симфониялық оркестрдің даусымен үндесіп, құлпырып, адамға зор эсер қалдырады.

«Біржан-Сара» операсынан Сараның ариясы мен қазақтың халық әні «Гүлдер-ай» тыңдалады.

Операдағы Сараның ариясы қазақтың халық әні «Гүлдер-ай» негізінде жазылған.

Ән әуенінің желісі, ашық тембрі, екпіні ақын қыз, батыл қыз, сезге шешен қыз Сараның бейнесін аша түседі.

Халық әнінің симфониялық оркестрдің сүйемелдеуінде әдеміленіп, дыбыс бояуының құлпырып шыққаны сезіледі.

Ән үйрену: Халық әні «Қарлығаш». Ән жұмсақ тембрлі, ақырын орындалады.

Әннің алғашқы тактісіндегі квинта интервалын таза орындау үшін бірнеше қайталап, дыбыс биіктігін қол қимылымен көрсетіп меңгерткен жөн.

Қорытынды сұрақтар:

1. М. Төлебаев қандай композитор?

2. Қандай ән - романстар жазған?

3. Қандай операсын тыңдадық?

4. Операда негізгі кейіпкерлер кімдер?

5. Операға қандай халық әндері негіз болған?



© 2010-2022