Урок на тему: Операдағы Абай бейнесі

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Операдағы Абай бейнесі

Мақсаты: Абайдыңмузыкалықмұрасытуралытереңтаныту, ұғындыру. Ақын әндеріндегі ерекше әуен, ырғақ туралы білімдерін қалыптастыру. Абай әндерінің операға ұласуы, ақын тұлғасымен операдағы бейнесінің ұқсастығын түсіндіру. Оқушыларды опера музыкасын түсініп, сонымен қатар адамгершілікке, сезімталдыққа, өнердісүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтүрі: Аралассабақ.
Әдіс - тәсілі: баяндау, ойын, сахналау, топтастыру, шығармашылық жұмыс, ән айту, кубизм әдісі т. б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылар сыныпқа Абайдың «Торжорға» күйі әуенімен кіреді.
ә) Сәлемдесу (музыкамен)
б) Дауыс ашу жаттығуы.
Психологиялық дайындық:
Күй тыңдаймыз күмбірлі.
Ән айтамыз созылтып,
Би билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты.
- Балалар үнтаспадан тыңдаған күй таныс па? (Торжорға)
- Күйдің сипаты қандай? (жүрдек, көңілді)

Үйтапсырмасы (топтықжұмыс);
1. Абайдың музыкалық мұрасы туралы (әңгімелеу)
2. Абай ән - күй сыншысы (суреттеу)
3. Абай әндерінің жинақталуы (зерттеу)
«Адасқан ноталар» ойыны (әндер жасыру)
до - Көзімнің қарасы
ре - Айттым сәлем, қаламқас
ми - Қараңғы түнде тау қалғып
фа - Бойы бұлғаң
соль - Сегіз аяқ
ля - Татьяна әні
си - Желсіз түнде жарық ай.
(ноталарды сызық бойына орналастыру)
Ән айту: Желсіз түнде жарық ай (сурет бойынша әңгімелеу) әнді екі дауыста орындау.

Үй тапсырмасын қорыту:
"Абай" топтастыру (композитор, ақын, күйші, аудармашы, сыншы)
Жаңа тақырып: Операдағы Абай бейнесі ұлы ақын есімімен аталатын «Абай» операсын А. Жұбанов пен Л. ХамидиАбайдың туғанына 100 жыл толуына орай арнады.
Либреттосы:
М. Әуезов
(1897 - 1961)
Музыкасын жазғандар: Л. Хамиди, А. Жұбанов

Операдағы кейіпкерлер: Абай, Жиренше, Ажар, Нарымбет, Айдар т. б
А. Жұбанов (1906 - 1968) Ақтөбе облысында туған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, академик, профессор, музыка зерттеушісі болған. Қазақстандағы композиторлар мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Санкт-Петербург консерваториясын бітірген. А. Жұбанов 1934 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметін атқарады. Оркестрге арналған «Би», «Күй», «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы» т. б. вокалдық әндері: «Қарлығаш», «Ақ көгершін» т. б.
Л. Хамиди (1906 - 1983) қазіргі Татарстанның Апасауданы Бували ауылында дүниеге келген. 1933 ж Л. Хамиди Қазақстан Мемлекеттік драма театрының шақыруымен Алматыға келеді. Алғашқы күннен бастап халық әндері мен күйлерін жинақтаумен айналысты.
Операда ұлы ақын ағартушы бейнесі жан - жақты ашылып, Абайдың өмірсүрген кезіндегі қараңғы да надан, байлықтан басқа білмейтін топасбайлар, қатыгез әдетті ұстанған кейбір адамдар нанымды бейнеленген. Опера барысында Абай бүтіндей халықпен бірге көрінеді. Операның сюжеті бойынша, қайшылық негізінде Абайдың сүйікті шәкірті Айдар мен Ажардың махаббаты баяндалады.
Музыка тыңдау: Абайдың ариясы.
Әнүйрену: «Қарлығаш азат құспын» әнін операда әйелдер хоры орындайды.

Шығармашылық жұмыс:
І топ - Той әнін сахнада хормен айту.
ІІ топ - Ән әуеніне бидің ырғағын тауып билеу.
ІІІ топ - Абайдың музыкалық бейнесін сахналау.

Қорыту:
1. «Абай» операсын жазған композиторлар.
2. Сахнаға қай жылы қойылды?
3. Либреттосын жазған кім?
4. Операда Абай кімдерге қарсы күресті?
- Міне, балалар, Абай өлеңінде ғана емес, өмірінде де әділдік, туралық, шынды қүшін күрескен.

Бағалау: Ноталар арқылы бағалау.
Бүтін нота о - өте жақсы.
Жартылық нота d - жақсы.
Ширектік нота d - орташа.
Үйге тапсырма: Операдағы Абай бейнесі (мазмұндау). Кейіпкерлерді сахналау.



© 2010-2022