Музыка пәнінен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев. Әке туралы жыр Сабақтың мақсат-міндеттері: А) білімділік: Оқушыларға қазақтың дарынды композиторы, дирижёр және домбырашы Нұрғиса Тілендиев туралы таныстыру. Оның қазақ өнеріндегі орнын ашып айтып көрсету. әндері, күйлері, әуендерін таныстыра отырып, «Отырар сазы» оркестрінің Нұрғиса өнеріндегі ерекшелігін түсіндіру. Н. Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнін үйрету Ә) дамытушылық: Оқушылардың музыкалық сауаттарын тілін жетілдіру. Ойлау белсенділігін, ...
Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Ән-әуез

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев. Әке туралы жыр

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға қазақтың дарынды композиторы, дирижёр және домбырашы Нұрғиса Тілендиев туралы таныстыру. Оның қазақ өнеріндегі орнын ашып айтып көрсету. әндері, күйлері, әуендерін таныстыра отырып, «Отырар сазы» оркестрінің Нұрғиса өнеріндегі ерекшелігін түсіндіру. Н. Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнін үйрету

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың музыкалық сауаттарын тілін жетілдіру. Ойлау белсенділігін, шығармашылығын дамыту. Дүниетанымын кеңейту.

Б) тәрбиелік:

Ұқыптылыққа, жинақылыққа, жылдам ойлауға баулу. әуенді түйсіне білуге тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сабақтың типі:

Жаңа білім беру

Сабақтың түрі:

Шығармашылық сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әуен тыңдау.

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Музыка аспаптары , интерактивті оқу құралдары. Тақта, бор, оқулық

Сабақтың пәнаралық байланысы:

әдебиет, дене тәрбиесі, тарих

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

2 минут

ҚР мемлекеттік гимні

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру

- психологиялық икем

Хормен орындау

-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;

-сабаққа

дайындалу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 минут

Композитор Латиф Хамиди туралы жазған зерттеу жұмыстарын рефераттарын жинау

Реферат жазған оқушыға бағалау үшін нота кілтін сыйға беру - 2 ұпай

ІІІ. Жаңа материалды

қабылдауға

дайындық

3 минут

Музыкалық сауатты тексеруге арналған сұрақтар қою. Дұрыс жауап үшін, нота кілтін беру - 2 ұпай


  1. Испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні қалай аталады? /Романс/

  2. Музыкалық шығарманы жазу, мазмұндау әдісі қалай аталады? /Фактура/

  3. Музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармониялық құрылымды қалай атайды? /каденция/

ІV. Жаңа

Материалды

түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

15 минут

Тақырыпты ашу

  1. видеоқойылым «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің орындауындағы «Махамбет» поэмасынан үзінді көрсету

Сұрақ: бейнекөріністегі оркестрдің дирижёры кім?

/Видеоқойылым. Бәрі есімде/

Ассоцияция жасау

Нұрғиса Тілендиев туралы не білеміз?

Нұрғиса Тілендиев - дарынды композитор және домбырашы.

Музыка пәнінен сабақ жоспары

Ол «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижёры болды.

Әндері: «Алатау», «Құстар қайтып барады», «Әже туралы ән», «Өз елім», «Әке туралы жыр», «Саржайлау», «Кел, еркем, Алатауыма» т.б

Романсы: Абайдың сөзіне жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

Күйлері: «Ата толғауы», «Көш керуен», «Әлқисса» т.б

Оркестрге арналған поэмалары: «Махамбет», «Арнау», «Жеңіс салтанаты». т.б

Дауыс жаттығуын жасау - 2минут

Ән үйрену - 10 минут

Қазіргі үйренетін әніміз, балалар, Нұрғиса атамыздың - «Әке туралы жыр» әні.

  1. Мұғалімнің аспаппен орындауы.

  2. Оқушыларға әннің сөзін таратын беру, оқушылармен қосылып орындау

3.Әр шумақты, әр топқа аспапен сүйемелдеу арқылы орындату

Сұрақ: бейнекөріністегі оркестрдің дирижёры кім?

- Нұрғиса Тілендиев


Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Танымдық ойын - 5 минут

Қазір, балалар, сендердің танымдық қабілеттерінді байқау үшін, «Әуенінен таны» ойынын ойнап көрейік.

Н. Тілендиевтың әндерінен 7 нотадан туратын әуендер ойнау. Шешуін тапқан оқушыларға нота кілтін сыйлау - 1 ұпай

Әуенінен танып айту

V.Жаңа білімді бекіту

Сабақты қорытындылау - 3 минут

Венн диаграммасы

Құрманғазы Сағырбаев пен Нұрғиса Тілендиевті салыстырып ортақ пікір жасау

Топпен, қонақтармен қосылып, эстрада әншісімен қосылып орындау

VІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау

2 минут

«Әке туралы жыр» әнімен айтып үйреніп келу.

«Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен өнер жолындағы шығармашылық еңбектері» тақырыбында реферат жазу

Әнді айтып үйрену

Зерттеу жұмысын жасау

VІІ.Бағалау

3 минут

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай оқушыларды бағалау.

Оқушылардың ұпай жинағын есептей отырып бағалау.















© 2010-2022