Жоспар музыка сабағына қазақтың ұлттық би өнері 2 сынып

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка 2- сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық би өнері».

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттың салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын балалардың бойына сіңіру.
Тәрбиелік мәні: Болашақ ұрпақтың халқымыздың білімді, өнерлі, өнегелі болып өсуіне, салт - дәстүрлерді, өнерді, әдет - ғұрыптарды бойына сіңіріп адамгершіліктері мол болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, бойындағы бар қасиеттерді одан әрі дамыту.
Сабақтың көрнекіліктігі: Интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру;
II. Үй тапсырмасын сұрау;
III. Жаңа сабақ;
IV. Музыка тыңдау;
V. Сабақты қорытындылау;
VI. Үйге тапсырма беру.

Балалармен амандасу. Түгендеу. Музыка сабағына балалардың көңілін аудару.

Үйге берілген Әнді жатқа сұрау
Жаңа сабақ: «Қазақтың ұлттық би өнері.

Әр халықтың өзіне тән билері болады. Мысалы: Қазақ халқының ұлттық билері, орыс халқының ұлттық билері, тау халқының ұлттық билері және т. б. Жалпы би дегеніміз не?

Балалар осы би өнерін орындаушыларды кім деп атаймыз?
Биші.
Әр ұлттың өз биі болса, мол ұлттың өз бишісі болады.
Қазақ биінің негізін қалаушы, атақты би падишасы Шара Жиенқұлова.

ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВАНЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТУ

Шара көптеген ұлттардың биін билеген. Мысалы: өзбек биі, Башқұрт биі, Жапон, Орыс, Куба биін және т. б.
Оның биге деген шеберлігін мынадан көруге болады. Ол қай уақыттың биін билесе, оның бет әлпеті де сол халықтың бет әлпетіне ұқсап кететін болған.
Шара көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Олар: Г. Талпақова, Б. Аюханов, Қ. Қарабалина және т. б.
Шара көптеген операларды ойнаған: Қыз Жібек, Жалбыр, Ер Тарғын, Амангелді Бекет операларында ойнаған.

ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВАНЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТУ
Шара салып кеткен сара жолмен қазір де көптеген билеріміз халықтың би өнерін жалғастырып келеді.
Солардың бірі Шұғыла Сапарғалиқызы
ШҰҒЫЛА САПАРҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТУ

Ән айту : «Анашым»

Үйге тапсырма : Әнді жаттау

Бағалау

© 2010-2022