Ашық сабақтың тақырыбы: Базар жырау мұрасы. 6 сынып

6 сынып Сабақтың тақырыбы: Базар жырау мұрасы.Сабақтың мақсаты: Базар жырау мұрасы жайлы әңгімелеу.«Айдан ару нәрсе жоқ» өсиет термесінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.Дамытушылық: Домбырада терме ойнаудағы шеберліктерін шыңдау.Тәрбиелік: «Айдан ару нәрсе жоқ» темесінің мәні мен мазмұнына терең бойлау.Сабақ түрі: Жаңа сабақ.Көрнекілік: Бейнеслайд, домбыра.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. ...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Базар жырау мұрасы.

Сабақтың мақсаты: Базар жырау мұрасы жайлы әңгімелеу.

«Айдан ару нәрсе жоқ» өсиет термесінің мәнін тереңінен ашып түсініп, ұғына білу. Өлең құрап үйрену.

Дамытушылық: Домбырада терме ойнаудағы шеберліктерін шыңдау.

Тәрбиелік: «Айдан ару нәрсе жоқ» темесінің мәні мен мазмұнына терең бойлау.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілік: Бейнеслайд, домбыра.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен тақырыпқа шолу.

3. Жаңа тақырып.

4. Нұрымның «Толғауы» аспапта үйрену.

1.Сәлемдесу.

2.Тақтада көрсетілген бейне суреттер арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.

Ал балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлінеміз. Әр топқа тапсырмалар беріледі жалпы уақыт 8 минут. Бүгін балалар, қиса-дастандар, терме-толғау жазған Сыр бойының атақты ақыны Базар жыраумен таныспақпыз.

  1. топ тапсырмалары 1.Өмірдерегі

2.Аңызы,сөздігі

3.Тәлімгерлігі

4.Өлең құрау

3. Базар жырау XIX ғасырда өмір сүрген. Базар жырау жетімдікте өсіп, буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, байлардың қозысын бағады. Бір күні қозы бағып жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Түсінде ақ киімді, ақ таяқты, ақ сақалды бір кісі келіп «Балам, маңдайыңа берейін бе, таңдайыңа берейін бе?» - дейді. Қарны ашып әрі шөлдеп жатқан бала: «Ата таңдайыма бер»,-дейді.

Сонда бала орнынан өлең айтып ояныпты. Айналада сыбырлаған жел де, шалқып аққан көл де, әуеде ұшқан құс та өлеңдетіп тұр екен. Сонада Базарға өлең бір күнде қоныпты. Базар жырау ақындықты 16 жасында бастайды.

Сыр бойынан шыққан ақын-жырауларға ұстаздық еткен.Атақты ақын жыраулар Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Оңғар жыраулар. Сыр бойында туып-өсіп, өмірінің көп уақытын Өзбекстан, Қарақалпақтан жерінде өткізді.Бейіті Өзбекстанның Науай обл, Тамды ауданында сақталған.

Буыны бекіп, бұғанасы қаптау, даңқы шығу, таңдайыңа, маңдайыңа, деген сөздердің мағынасын ашу.

Сөздік: Буыны бекіп, біғанасы қаптаған-ер жетпеген.

Даңқы шығу - атағы елге танымал болған.

Таңдайына - өмірін бақытты ету, байлықта болу.

Маңайыңа - Шешендік, ақындық сөз өнерін сыйлау.

2-топ тапсырмалары 1.Ақынның айтпақ негізгі ойы

2.Өлеңнің құрлысымен ұйқасы

3.Өлеңнің кілт сөзі

4.Өлең құрау

«Айдан ару нәрсе жоқ» термесі

Айдан ару нәрсе жоқ,

Түнде бар да күндіз жоқ.

Күннен ару нәрсе жоқ,

Күндіз бар да түнде жоқ.

Көшпелі бейнет көп дәулет,

Біреуде бар да бірде жоқ.

Іздегенменен таппайсың,

Осы күні белгісіз.

Талайдың орны мүлде жоқ...

Өлең жолдарының мазмұнын ашу, ұйқас сөздерді табу.

«Түнде, бірде, мүлде» ұйқас сөздерінен құрылып, мазмұны «жоқ» сөзімен аяқталып тұр.

Өлең құрау:

Базар жырау ізімен көп нүктесінің орнына өз ойларыңды жазып өлең құрау. 3-4 минут.

  1. топқа

------------------------------

Жаз да барда қыста жоқ.

------------------------------

Біреуде бар да бірде жоқ.

-------------------------------

Анаңдай болар асыл жоқ

--------------------------------

Кітаптай биік білім жоқ

-------------------------------

Ұстаздай болар ұлылық жоқ.

2 -топқа

Анадай артық ару жоқ.

-----------------------------

Әкеден артық батыр жоқ,

-------------------------------.

Баладан артық бақыт жоқ,

---------------------------------.

Халықтан артық ұлылық жоқ,

-----------------------------------

Әр топ берілген тапсырмаларға жауап беріп болғаннан кейін мұғалімнің жауабымен тексеру керек (конструкциялық жобалау техналогиясымен жасалған).

4.Аспапта Нұрымның «Толғау» шығармасын үйренуді жалғастыру.

Әуенге салып «Тәлім» Тұрмағанбет, «Өсиет» Бұхар жырау, «Нар ағаш» халық күйін ойнау.

Қорытынды; Не білеміз, не білдік, не білгің келеді?

Өз өзін бағалау; қызыл «5», жасыл «4», көк «3».

Үй тапсырмасы; Базар жырау мұрасы, Нұрым термесін жаттап келу.


© 2010-2022