Конспект

Сабақтың тақырыбы: Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды? Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға халық аспаптар  оркестрі жайлы түсінік беру.   Дамытушылық: әнге, күйге қызығушылығын арттыру Тәрбиелік: оқушының халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру.    Сабақтың типі: жаңа сабақт Сабақтың көрнекілігі: қазақ ұлттық аспаптарының, оркестрдің суреттері ,үнтаспа Сабақтың барысы:                                                          І. Ұйымдастыру                                               А) сәлемдесу                                               Ә) сыныпты түгендеу                                               Б) оқушылардың сабаққа дайындығы                                                                                         ІІ. Үй тапсырмасын тексеру   А)  өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою  3 топта Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор. 1. До, ре, ми. 2. Ми – и – и – я   В) «Үш бақытым», «Біз Отанның ұланымыз!» әнің аспапта орындап айтқызу.      ІІІ. Жаңа тақырып. Оркестрдің  негізгі түрлері:  симфониялық оркестр, қазақ халық аспаптар оркестрі,                                                                                                                                      камералық   оркестр.  Қазақтың халық     аспаптар  оркестірі  туралы мәлімет беру    1934 жылы халық дарындарының кезекті бүкіл қазақстандық  слёті  өткізілді.  Оған Қазақстанның  түкпір-түкпірінен  сан саладағы  өнерпаздар  келіп, өнер сайысына түсті.  1934 жылы  дүние жүзіне әйгілі  болған  қазіргі Құрманғазы  атындағы  Мемлекеттік академиялық халық аспаптары  оркестрінің  іргетасы  қаланған болатын. Басында  ол Қазатком атындағы ұлттық  оркестр болып  атанды.  Ал 1944 жылы бұл  оркестірге  Құрмағазы  Сағырбайұлының   есімі берілді.  Алғашқы оркестр құрамында О. Қабиғожин, Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов т.б  сынды дарындылар қызмет етті. Оның  көркемдік  жетекшісі  және  бас дирижері  болған   белгілі компазитор  Ахмет  Жұбанов. Онда музыкалық аспаптарды дауысқа бөлу тәртібіне және олардың жаңа түрлерінің (тенор, пи... Қазақтың   халық     аспаптар  оркестірінің  құрамына кіретін  аспаптарға  қысқаша шолу.   Музыка тыңдау: Ықыластың «Жезкиік» және Қорқыттың  «Қоңыр» күйлерін тыңдау.  ІV. Қорытындылау. Сұрақтар Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?   Оркестрдің алғашқы дирижері кім? Казатком атындағы оркестр қазіргі кезде қалай аталады?     Үй тапсырмасы: «Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?» - мазмұндау.     Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға халық аспаптар оркестрі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: әнге, күйге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: оқушының халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақт

Сабақтың көрнекілігі: қазақ ұлттық аспаптарының, оркестрдің суреттері ,үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу

Ә) сыныпты түгендеу

Б) оқушылардың сабаққа дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою 3 топта

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

В) «Үш бақытым», «Біз Отанның ұланымыз!» әнің аспапта орындап айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Оркестрдің негізгі түрлері: симфониялық оркестр, қазақ халық аспаптар оркестрі,

камералық оркестр.

Қазақтың халық аспаптар оркестірі туралы мәлімет беру

1934 жылы халық дарындарының кезекті бүкіл қазақстандық слёті өткізілді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен сан саладағы өнерпаздар келіп, өнер сайысына түсті. 1934 жылы дүние жүзіне әйгілі болған қазіргі Құрманғазы атындағы

Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің іргетасы қаланған болатын. Басында ол Қазатком атындағы ұлттық оркестр болып атанды. Ал 1944 жылы бұл оркестірге Құрмағазы Сағырбайұлының есімі берілді. Алғашқы оркестр құрамында О. Қабиғожин, Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов т.б сынды дарындылар қызмет етті. Оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған белгілі компазитор Ахмет Жұбанов. Онда музыкалық аспаптарды дауысқа бөлу тәртібіне және олардың жаңа түрлерінің (тенор, пикколо, прима, бас, контрабас домбыралары, альт, бас, контрабас қобыздары, сырнай, дауылпаз, т.б.) жасалуына орыстың В.Андреев атындағы оркестрі негіз болды. Оркестр әр жылдарда жас маман кадрлармен толықтырылып отырды. 1987 жылы оның құрамында 90 адам болды.

Қазақтың халық аспаптар оркестірінің құрамына кіретін

аспаптарға қысқаша шолу.

Музыка тыңдау: Ықыластың «Жезкиік» және Қорқыттың «Қоңыр» күйлерін тыңдау.

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?

  2. Оркестрдің алғашқы дирижері кім?

  3. Казатком атындағы оркестр қазіргі кезде қалай аталады?

Үй тапсырмасы: «Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?» - мазмұндау.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.











Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі

Білімділік: музыкалық аспаптардың ұқсастығы және бір-бірінен айырмашылығын, дыбысталуындағы өзгерістерді таныту, түсіндіру.

Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушының халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою және оқушыларға өлеңдерді ауызша айтқызу

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

В) «Үш бақытым», «Біз Отанның ұланымыз!» әнің аспапта орындап айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Сабақ қобыз аспабында ойналып тұрған күйді тыңдаумен басталады.

- Қандай аспаптың дауысын естіп тұрсындар?

- Қобыз үні қандай?

- Қорқыт туралы аңызды естулерің бар ма?

Қорқыттың қобызын өзіне серік етіп, ізін жалғастырушы Ықылас Дүкенұлы болды. Күйші жастайынан өте бай рухани ортада тәрбиеленіп, өзінің ерекше дарындылығының арқасында ауызекі түрде дамыған бай дәстүрлі халық фольклорын өзінің бойына сіңіре білді. «Ерден», «Жолаушының қоңыр күйі», «Кертолғау», «Жезкиік», «Аққу» деген сияқты бүгінгі таңда бізге күйшінің он алты күйі жетіп отыр.

Қобыз бен скрипка аспабы - бір - біріне ұқсас аспаптар. Олар ағаштан жасалған және ысқышпен ойналады.

Қобыз аспабы ең алғаш қазақ даласында пайда болған. Қобызды тұтас ағаштан ойып жасап, бетін түйенің терісімен жауып, ішегіне аттың қылын таққан. Ал ысқышын садаққа ұқсатып жасаған. Қазақтың көне аңыздарында қобыздың атасын Қорқыт деп атайды.

Ал қобыз аспабынан кейін Еуропада скрипка дүниеге келеді. Бұл аспап Еуропада кеңінен таралған әрі аса танымал. Суретте көргеніндей скрипка өте әдемі әрі нәзік, әсем сазымен ерекше болып келеді. Скрипка дыбысының тазалығы соншалық, оны «Музыкалық аспаптардың патшайымы» деп атап кеткен.

Қорқыт ата жайлы аңыз көп.

Бір күні Қорқыт түс көреді. Түсінде бір ақсақал келіп: «Өлімнен тек күй арқылы құтыласың. Ол үшін сен аспап жаса. Оның атын қобыз қой», - дейді. Содан кейін Қорқыт қарағайдан қобыз жасайды. Аспабына аттың қылынан ішек тағып, бетіне желмаясының терісін қаптап, ал тиегіне ортекенің мүйізін салады. Сырдарияның бетіне суға батпайтын кілем жайып, үстіне отырып, күй тартады. Сонда ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі дарияның жағасына жиналып, Қорқыттың күйін тыңдайды. Ал өлімнің өзі де Қорқытқа жақындай алмай қалады. Сөйтіп қазақтың қобыз аспабы дүниеге келеді.


Домбыра - ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы - қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген аспап. Домбыра - ішекті аспаптардың ең көнесі.

Музыка тыңдау: Ықыластың «Жезкиік» және Қорқыттың «Қоңыр» күйлерін тыңдау.

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Қобыз аспабы қалай пайда болған?

  2. Қобыз аспабы қалай жасалады?

  3. Еуропада қобызға ұқсас қандай аспаптар бар?

Үй тапсырмасы: Домбыра мен қобыз аспаптарының шығу тарихы бойынша ізденіс жұмыс жасау арқылы қосымша мағлұмат жинап айту.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.









Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: «Оркестрдегі дирижердің міндеті»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға оркестр және оркестрдегі дирижердің міндеті жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: әнге, күйге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: оқушының халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің және симфониялық оркестрдің

суреттері ,үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

В) «Біз Отанның ұланымыз!», «Сырлайды шанамыз» әнің аспапта орындап айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Оркестрдің негізгі түрлері: симфониялық оркестр, қазақ халық аспаптар оркестрі,

камералық оркестр.

Оркестр (грек. огсhestra - ежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң) - музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. Оркестрдің қалыптасуы 17 ғасырдың бас кезінде гомофония музыкалық жанрларының (опера, оратория, концерт) пайда болуымен сәйкес келеді.

Симфониялық оркестр - ішекті ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Алғаш рет симфониялық оркестрдің осылай құрылу тәртібі 18 ғасырда Еуропада бой көрсетті.

Қазақтың халық аспаптар оркестірі туралы мәлімет

1934 жылы халық дарындарының кезекті бүкіл қазақстандық слёті өткізілді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен сан саладағы өнерпаздар келіп, өнер сайысына түсті. 1934 жылы дүние жүзіне әйгілі болған қазіргі Құрманғазы атындағы

Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің іргетасы қаланған болатын. Басында ол Қазатком атындағы ұлттық оркестр болып атанды. Ал 1944 жылы бұл оркестірге Құрмағазы Сағырбайұлының есімі берілді. Алғашқы оркестр құрамында О. Қабиғожин, Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов т.б сынды дарындылар қызмет етті. Оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған белгілі компазитор Ахмет Жұбанов. Онда музыкалық аспаптарды дауысқа бөлу тәртібіне және олардың жаңа түрлерінің (тенор, пикколо, прима, бас, контрабас домбыралары, альт, бас, контрабас қобыздары, сырнай, дауылпаз, т.б.) жасалуына орыстың В.Андреев атындағы оркестрі негіз болды. Оркестр әр жылдарда жас маман кадрлармен толықтырылып отырды. 1987 жылы оның құрамында 90 адам болды.

Дирижер - музыкант - орындаушы ұжымды басқаратын жетекші.

Музыка тыңдау: Ықыластың «Жезкиік» және Қорқыттың «Қоңыр» күйлерін тыңдау.

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Оркестр сөзі қандай мағына береді?

  2. Оркестр қай ғасырда қалыптасты?

  3. Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?

  4. Оркестрдің алғашқы дирижері кім?

  5. Казатком атындағы оркестр қазіргі кезде қалай аталады?

  6. Симфониялық оркестр қай ғасырда қалыптасты?

  7. Симфониялық оркестр қандай музыка аспаптары тобынан құралған?

Үй тапсырмасы: «Оркестрдегі дирижердің міндеті» - мазмұндау.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.









Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: «Үрмелі аспаптар оркестрі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға оркестр және жезді аспаптар түрімен таныстыру.

Дамытушылық: әнге, күйге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: оқушының музыкалық аспаптарға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: үрмелі аспаптар оркестрінің суреттері, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

В) өткен әндерді қайталау.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Оркестрдің негізгі түрлері: симфониялық оркестр, қазақ халық аспаптар оркестрі,

камералық оркестр.

Оркестр (грек. огсhestra - ежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң) - музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. Оркестрдің қалыптасуы 17 ғасырдың бас кезінде гомофония музыкалық жанрларының (опера, оратория, концерт) пайда болуымен сәйкес келеді.

Үрмелі оркестр -үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Үрмелі музыкалық аспаптар ағаштан жасалған музыкалық үрмелі аспап және жезден жасалған үрмелі музыкалық аспап болып 2-ге бөлінеді. Үрмелі аспаптар оркестрінде бірінші қатарда ағаштан жасалынған аспаптар отырса 2-ші қатарда жезден жасалынған үрмелі аспаптар жайғасады. Үрмелі аспаптар оркестрінің негізгі ойнайтын репертуарлары: 1. Марш, 2. Вальс және аскери музыкалық шығармалар.

Дирижер - музыкант - орындаушы ұжымды басқаратын жетекші.

Музыка тыңдау:

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

1. Оркестр сөзі қандай мағына береді?

2. Оркестр қай ғасырда қалыптасты?

3. Үрмелі аспаптар оркестрі қандай музыкалық аспаптар тобынан құралған?

4. Дириижер сөзі қандай ұғым береді?

Үй тапсырмасы: «Үрмелі аспаптар оркестрі» - мазмұндау.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.













Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: «Эстрадалық симфониялық музыка».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Музыкалық сауаттылығын арттыру және музыка мәдениетіне баулу.

Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: өнер ұжымдарына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру


А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою және оқушыларға өлеңдерді ауызша айтқызу

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

В) «Қошақаным» әнің аспапта орындап айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Көп жанрлардың ішінде ерекше орын алатын күрделі болса да, өте мазмұнды, қызықты - симфониялық музыка жанры. Симфониялық музыканың өзі бірнеше жанрға бөлінеді: симфония, симфониетта, симфониялық поэма, симфониялық картина, оркестрмен бірге жеке аспапта ойналатын концерт, т.б.

Қазақ композиторларының арасында оркестрлік музыкаға жол ашып, бірінші рет симфониялық шығарма жазған Қапан Мусин. Ол- өзінің симфониялық шығармаларында халық әндері мен күйлерін алғаш қолданушылардың бірі.

Симфония - симфониялық оркестрге арналған көлемді бірнеше (көбінде төрт) бөлімді музыкалық шығарма.

Симфониялық музыка - симфониялық оркестр орындайтын музыка.

Қапан Мусин (1921-1970) Батыс қазақстан облысыныңАқоба ауылында туған. 12 жасында жас композитор музыкалы - драмалық техникумның скрипка сыныбына оқуға қабылданады. Оқуды аяқтаған соң, Мәскеу қаласындағы консерваторияның теория тарихы бөліміне түседі.

Ұлы Отан соғысы басталғанда өз еркімен Отанын қорғауға аттанады. Соғыста басынан жараланады да, ұзақ уақыт емделеді. Кейін Алматы консерваториясына түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды.

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Симфониялық музыка қандай жанрларға бөлінеді?

  2. Симфония дегеніміз не?

  3. Симфониялық музыка дегеніміз не?

  4. Қазақ композиторы Қапан Мусин туралы не білеміз?

Үй тапсырмасы: «Эстрадалық симфониялық музыка» - мазмұндау.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.













Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: «Джаз оркестрі».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға джаз оркестрі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: өнер ұжымдарына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру


А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою және оқушыларға өлеңдерді ауызша айтқызу

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

В) «Домбырасыз сән қайда?» әнің орындап айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Джаз (ағылш. jazz) - музыка жанры. 19-20 ғасырлар шегінде еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі зәңгілердің тұрмыс-салт билерімен, еңбек әндерімен, спири-чуэл және блюздарымен (лирик, әндер) астасып жатады. Д. музыка-сындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы, вокалдық мәнерлілік, өрнектілік - африкалық халық музыкасына тән белгілер. Джаз музыкасының алғашқы орталығы - АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласы. Мұнда 1910- 15 жылдары "джазбэнд" деген атпен зәңгілердің үрмелі аспаптар оркестрі ұйымдасып, орындаушылық өнердің өзгеше мәнері қалыптасты. 20 ғасырдың 30-жылдарында джаз музыкасыңда сивинг стилі пайда болды. 1940 жылдары джаз музыкасының табиғатын өзгерткен би-поп атты жаңа стиль пайда болды. Бұл стиль негізгі әуенге байланысы жоқ диссонанстық тақырыптарға, даңғырлақ дыбыстарға бой ұрды. Қазіргі джаз музыкасы екі бағытта - жарнамалық жеңіл музыка және жаңа көркемдік бейнелеу құралдарын іздеуге ұмтылған шығарма бағытта өрістеуде. Джазда классик, және қазіргі заман музыкасының белгілерін пайдалана отырып, халықтық негіз бен дәстүрдің байланысын сақтауға ұмтылды.

Д.Элингтон, Г.Шуллер, Дж.Льюис, М.Дейвис, Дж. Колтрейн, т.б. музыканттар - 20 ғ-дағы музыкалық өнерінің ірі шеберлері. Қазақстанда джаз өнері 1969 жылы Мемлекеттік радио және теледидар жанынан эстрадалық-симфониялық оркестрдің (жетекшісі Я.Ткаченко, дирижері В.Лисица) құрылуымен байланысты. Кейіннен Т.Ибрагимовтың басшылығымен джаздық "Бумеранг" тобы құрылды. Республикадағы кәсіби джаз өнерінің өкілдері: М.Ермолов, Г.Метақс, Э.Пашаев, Я.Хан, Т.Зарипов, Н.Байгөзов, Ж.Серкебаева, т.б. [1]

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Джаз дегеніміз не?

  2. Джаз қай ғасырларда пайда болды?

  3. Джаз музыкасының алғашқы орталығы қай жер?

  4. Джаз музыкасы Қазақстан еліне қай жылдары келді?

Үй тапсырмасы: «Джаз оркестрі» - мазмұндау.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.









Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: «Қуыршақ театры».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қуыршақ театры жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: өнер ұжымдарына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру


А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою және оқушыларға өлеңдерді ауызша айтқызу

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

В) «Домбырасыз сән қайда?» әнің орындап айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қуыршақ театры - қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.

  • 11-ғасырда "Діни жазба" тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.

  • 19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды.

Ресейде қуыршақ театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен тікелей байланысты. Қуыршақ театры Кеңес Одағында да кең қанат жайды.

  • 1930 ж. 25 мемлекеттік қуыршақ театры жұмыс істеді.

  • 1931 ж. Мәскеуде бүкіл Кеңес Одағындағы қуыршақ театрының дамуына зор ықпал жасаған Мемлекеттік Орталық қуыршақ театры ашылды.

Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан "Ортеке" ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай "Ортеке" ойын көрсеткен.

  • 1935 ж. Алматы қаласында қазақтың қуыршақ театры ұйымдастырылды.

  • 1938 ж. театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. Театр Ташкент (1969) пен Бішкек (1975) қалаларында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының қуыршақ театрлары фестивалінің, Ташкенттегі Халықаралық фестивальдің (1979) лауреаты атанды.

  • 2002 ж. Алматыда Қазақстан қуыршақ театрларының 1-фестивалі өтті. Қуыршақ театры, негізінен, балалар аудиториясына арнап спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың қойылымдарында үлкендерге де арналған пьесалар бар.

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Қуыршақ театры дегенді қалай түсінесін?

  2. Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер кіммдердің еңбектерінде кездеседі?

  3. Қуыршақ театры қандай топтарға жіктеледі?

  4. Қазақтың қуыршақ театры қай жылы ұйымдастырылды?

Үй тапсырмасы: «Қуыршақ театры» - оқу, сұрақтарға жауап беру.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.







© 2010-2022