Кіріктірілген сабақ жоспары Анамызға мың алғыс. Ашықхат (2 сынып)

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Анамызға мың алғыс. Ашықхат.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. ана туралы әнді орындай отырып, 8 - наурыз мейрамына байланысты ашықхат жасауға үйрету.

2. Дамытушылық. Ақ әжем, Айналайын ақ мамам әндерін нақышына келтіріп орындату нота сауатымен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ой өрісін, белсенділігін, танымдылығын арттыру, өнерге баулу, шығармашылығын дамыту.

3. Тәрбиелік. Әсемдікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, кластер, топпен жұмыс.

Пән аралық байланыс: ән-күй, бейнелеу, технология.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа, түрлі-түсті қағаздар, ашықхат үлгілері.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

Салеметпе балалар?

Салеметпе мұғалім.

Ән сабағына бүгін.

Келіп тұрмыз, біз бүгін.

Қолымызды қояйық, орнымызға қонайық.

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып саламыз

Гүлдер шоғын бояймыз.

Балалардың зейінін, қызығушылығын аудару.

-Балалар ,бейнелеу сабағы мен ән сабағы неліктен ұнайды?

(Балалар өз ойларын айтады.)

Қазір қай мезгіл? Көктем мезгілі

Көктемде қандай өзгерістер болады? Күн жылынады,қар ериді

Көктемде шығатын алғашқы гүл қалай аталады? Бәйшешек

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық,

Өмірдің көктемі де гүл -Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз аналарға арналады.

II Жаңа сабақ

Анамызға мың алғыс .Ашықхат

Ана деген құдіретті асыл,мейірбан адам.Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап баласын өз бауырына басып мәпелеп өсірген -ұлы адам.

Ана өмір бұлағы

Ана -өмір шырағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады

Әлди,әлди -әлди -ай

Анамыздың бұл әнін,- демекші кезекті әнге береміз.

Ән : «Айналайын ақ мамам»

Кластер

Интерактивті тақтадан гүлдер суреттері шығып тұрады.

Балалар осы әннен кейін, қазір сендер аналарыңа ашықхат жасаймыз.

Ол үшін сендердің алдарыңа дайын гүлдер үлгісін беремін.Картон бетіне гүлдерді үйлестіру арқылы гүлдер шоғын жасап оны желіммен желімдейміз.

Ашықхатты әшекейлеу үшін түрлі түсті қарындаштар мен фломастерді пайдалануға болады.

. III Сергіту сәті. Музыка арқылы би қимылдарын жасау

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық

Оңға,солға бұрылып,

Би қимылын жасайық. (Полька биі)

IV Нота сауатымен жұмыс. Сүрақ-жауап

Интерактивті тақтадан бес сызыққа ноталарды орналастырамыз.

V. Оқушылардың ашықхаттарын жинақтап,тақтаға көрме жасау арқылы оқушыларды бағалау.

( Түрлі түсті қағаздар арқылы «3»-сары, «4» -көк, «5» - қызыл түстер бағалау.)

Сабақты бекіту.Сөзжұмбақ жасыру.

Қорытынды. «Анамызға мың алғыс» әнін орындай отырып, сабағымызды толықтай қамтимыз.



© 2010-2022