Разработка урока на тему: Дәстүрлі әншілік өнер

Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнерРазработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнерРазработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнерРазработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнерРазработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнерРазработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнерРазработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнерРазработка урока на тему:Дәстүрлі әншілік өнер2-сабақ Тақырыбы: Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан-сері Қорамсаұлы.

. Білімділік мақсаты: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері бойынша алған білімдерін саралап,19 ғ. өмір сүрген өнер саңлақтарының өмірі мен шығармашылығының өлмейтіндігін,олардың қазақ мәдениетіндегі орнын әңгімелеу.
2. Дамытушылық мақсаты: әнші-сазгерлердің өлеңдеріне қызығушылығын оятып,өз беттерімен ойланту,ойландыру,өзіндік дәлелді пікір тұжырымды ой айтуға,оқушылар бойында шығармашылық бейімділігін қалыптастыру
3. Тәрбиелік мақсаты: өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып,әнші-сазгерлердің әндерінен өнеге,тәлім-тәрбие алып,адамгершілікке,

шыншылдыққа,ұлтжандылыққа өнерді сүюге,бағалауға баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, музыка тыңдау, ән айту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта,баян,домбыра.
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту бөлімі
(Галереяны шарлау, Ой қозғау стр. бойынша оқушылардың ойлау аппаратын іске қосу. Экраннан әнші-сазгерлердің суреті көрсетіледі,оқушылар топпен жұмыс жасайды)
Жылқы, Қыран, ит бейнесі слайдтан көрсетіледі.(Ақан өміріне байланысты)
Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен,орынды шешендікпен,жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты-ол тойларда ,салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді,әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады.Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күй мен әннің бір бөлігін сіңірген.
Ғасырлар бойы музыкалық маәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білгенде халықтың өзі.Ұқыпты сақтап және жақсы дамытам келе ол ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған.А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны; «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де,ерікті.Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін,бойжеткен қыздардан үлкен апаларға дейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі.Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны; «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Оқушылар өздері оқып келген тақырып бойынша Ақан -сері туралы топтастыру әдісін пайдаланады.

Ақан-серіБір жерде отырмайды Әнші,сазгер,ақын

Өнерлі Күйкі тірлікпен

айналыспайды

Ел сүйіктісі

Сәнқой Талғамды

Әсемдікті сүйеді

II Мағынаны тану бөлімі.
«кубизм» әдісі бойынша топтық жұмыс жасау арқылы оқушылардың білімін жинақтау.
1. Суреттеңіз. Сабақта танысқан әнші -сазгерлерді суреттеңіз 1-ші топ
2.Салыстырыңыз. Әнші -сазгерлердің бойындағы қасиеттерін салыстыра саралаңыз. 2-топ ( Абай- Ақан сері)
3.Қолданыңыз. Өзіңіз білетін әнші-сазгерлердің әндерін орындап беріңіз.
Абай «Желсіз түнде жарық ай»
Ақан сері «Қараторғай»
Бес жол өлең.
Венн диаграммасы
Дауысты жаттықтыру
Ән үйрену: «Қараторғай » Ақан сері
Әнді тыңдап,талдау.
III Ой толғаныс
Семантикалық карта, INSERT әдісі.

- Сұрақтарды бағалау және жауаптар іздеу

Сұрақтарды сұрыптау үшін қатысушылар өз кестелерін жеке ұсынады. Арнайы симантикалық карта немесе аспаптық зерттеулер үшін қандай сұрақтар барынша пайдалы болып табылады? Жауаптарды іздеу үшін қайда жүгінуге болады?

Ән атаулары

Ән үзінділері

«Ақба-қай»

«Паң-көйлек»

«Қараңғы түнде тау»

«Қорлан»

«Ләйлім шырақ»

«Қаратор-ғай»

Бейшара

Шырылдайсың

жерге қонбай


Таудан аққан құм қайрақ,сен бір бұлақ


Ұйқыға кетер балбырап


Ат қайда Ақбақайдай -ай шаппай желген


Кешегі жиырмабестің желігінде


Бар екен маралды да қорлығайым




"Есіңде не қалды"- әдіспен білімдерін жинақтау.Оқушылар жауаптарын парақшаға жазып отырады.БҮҮ әдісі бойынша кестенің 3 - бөлігін 2 топ бөлек-бөлек ватман қағазға өз ойларын терең,ашық жазып толтырады.
Оқушылар формативті түрде бағаланады. (жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, еңбегін, біліктілігін,белсенділігін,тапқырлығын,сөзге шешендігін айтып өтемін.)

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Берілген мәтінді оқу, әнді жаттау, Ақан-серінің бір әнінің тақырыбына сәйкес сөзжұмбақ құрастыру.


© 2010-2022