Балалар музыкасының әлемі

Музыка мектебі –балалар музыкасының әлемі   Музыка дегеніміз біздің өміріміздің бір бөлігі. Сан алуан әуенге, алуан дыбысқа кернеп тұрғандай, айнала алуан дыбысқа толы. Біздің әрбір күніміз музыкамен, әнмен, күймен басталады. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде, жұмысымызда үнемі бізбен бірге. Олай болса, музыка-біздің өмірлік жан серігіміз. Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және аспаптық, вокальдық, эстрадалық, биге арналған тағы басқа музыка түрлері болады. Музыканың классикалық, халықтық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ осы музыканы тыңдап түсіну үшін дұрыс таным-талғам болуы тиіс. Адамды рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдап үйрену-үлкен өнер.... «Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» деген  Р.Ролланның керемет сөздері бар. Демек, музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік, өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Жағдайға байланысты біз бірде қуанамыз, бірде мұңаямыз, кейде мерейленеміз, кейде қайғырамыз. Егер музыка осы сезімдерді айтып берсе, демек оның болмысын сәулелендіргені. Музыка мектебі - шын мәнінде балалар музыкасының әлемі. 1964 жылдан бастап өз алдына аудандық музыка мектебі болып ашылған мектеп ұжымы оқытушылары музыкаға бейімі бар балаларға дәріс беріп, нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде оқушылар саны 500-ге жуықтап, оларға 52 маман оқытушылары дәріс беруде. Соның ішінде фортепиано класы бойынша 40 оқушы оқып, оларға 4 маман оқытушы сабақ беруде. Мектебіміздің алдына қойып отырған ең басты талабы - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектеп шәкірттері аудандық, облыстық, халықаралық д... Фортепиано бөліміндегі оқушылардың әрқайсысының жеке бағдарламасын үнемі байыту, академиялық концерттердің нәтижесін үнемі талқылау, балалармен жұмыс істейтін педагогтардың назарын классикалық туындылармен қатар, қазақстан  композиторларының халық әндерін пайдалануға бағыттайды. Сабақ барысында оқу құралдарының ішінен А.Николаевтың редакциясынан шыққан «Фортепианода үйрену мектебі», «Фортепианолық ойнау», Л.А.Баренбоймның «Музыкаға үйретудің жолы» және де тағы басқа кітаптарын  пайдаланамыз. Б.Миличтің «Кішкене пианиске» немесе Н.Соколовтың «Баланы рояльда ойнауға үйрету» сияқты жинақтары қолданылады. Кәсіби музыка өнерінің дамуында веналық классикалық мектептің басты өкілдері Й.Гайдн, В.Моцарт, Л.Бетховендердің алатын орны ерекше. «Классикалық» деген ұғым латыннан аударғанда «үлгілі» (образцовый) деген сөз. Гайднды Вена мен Вена маңында тұрғандықтан, Веналық классик деп те атайды. Мұндай жоғары атаққа Гайдннен кейін Моцарт пен Бетховен ие болды. Йозеф Гайдн (1732-1809) - Австрияның ұлы композиторы, аспаптық музыкадағы классикалық  стильдің негізін қалаушы. Гайдн  творчествосы өмірлік дүние танымымен, образдардың шыншылдығымен, терең тебіреністі халықтығымен ерекшеленеді. Өзінің алғашқы квартеттерін 18ғасырдың 50-шы жылдарында, алғашқы симфонияларын 50-60 жылдары жазса, 90-жылдары бұл жанрларды шыңына жеткізді. Ол өзінің ұзақ өмірінде 30шақты опера, 3 оратория, 104 симфония, 14 месса, увертюралар, квартеттер тағы басқа шығармалар жазған.... Вольфганг  Амадей Моцарт (1756-1791) – Австрияның ұлы композиторы, Венаның классикалық мектебінің ірі өкілі. Оның өмірі таңғажайып, ерекше бір құбылыс. Ол бар болғаны 35 жыл өмір сүрді. Осы аз уақыттың  ішінде 50 симфония, 19 опера, сонаталар, квартеттер, квинтеттер жазған. Оның аспаптық шығармалары тыңдаушылар жүрегіне жол тауып, тамсандырып келеді. Адамның көңіл-күйілерін баяндау, бақытты өмірді аңсау, халықтың күш қуатына деген сенім - Моцарт туындыларының негізгі тақырыбы болды Ұлы классик-музыканттардың еңбектерін, шығармаларын жас өнерпаздарға үйретіп, эстетикалық тәрбиеге баулып жүрген фортепиано бөлімінің ардагер ұстаздары Қ.Жазықбай, К.Әбіш - жоғары білімді, арнайы музыкалық оқу орнын оқып бітірген жас оқытушылар Б.Алпысбай, А.Дарибаева, С.Наурызбайлар музыка мектебінде жемісті еңбек етіп,  өз үлестерін қосып келеді. Білім сапасының жоғары көрсеткіштерге жетіп, баланың орындаушылық  қабілеттерінің шыңдалуына, адамгершілік болмысының жоғарылауына, отан сүйгіштік, е...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка мектебі -балалар музыкасының әлемі

Музыка дегеніміз біздің өміріміздің бір бөлігі. Сан алуан әуенге, алуан дыбысқа кернеп тұрғандай, айнала алуан дыбысқа толы. Біздің әрбір күніміз музыкамен, әнмен, күймен басталады. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде, жұмысымызда үнемі бізбен бірге. Олай болса, музыка-біздің өмірлік жан серігіміз.

Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және аспаптық, вокальдық, эстрадалық, биге арналған тағы басқа музыка түрлері болады. Музыканың классикалық, халықтық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ осы музыканы тыңдап түсіну үшін дұрыс таным-талғам болуы тиіс. Адамды рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдап үйрену-үлкен өнер.

«Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» деген Р.Ролланның керемет сөздері бар. Демек, музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік, өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Жағдайға байланысты біз бірде қуанамыз, бірде мұңаямыз, кейде мерейленеміз, кейде қайғырамыз. Егер музыка осы сезімдерді айтып берсе, демек оның болмысын сәулелендіргені. Музыка мектебі - шын мәнінде балалар музыкасының әлемі.

1964 жылдан бастап өз алдына аудандық музыка мектебі болып ашылған мектеп ұжымы оқытушылары музыкаға бейімі бар балаларға дәріс беріп, нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде оқушылар саны 500-ге жуықтап, оларға 52 маман оқытушылары дәріс беруде. Соның ішінде фортепиано класы бойынша 40 оқушы оқып, оларға 4 маман оқытушы сабақ беруде. Мектебіміздің алдына қойып отырған ең басты талабы - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектеп шәкірттері аудандық, облыстық, халықаралық дәрежедегі конкурс, фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Оқушылар мұнда әр түрлі аспаптарда ойнауды үйренеді және бұл аспаптарда олар халықтық, классикалық және қазақ музыкасы әуендерінің түр-түрін ойнай алады. Біздің мақсатымыз баланың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыканы тыңдай білуге, түсіне білуге баулу.

Фортепиано бөліміндегі оқушылардың әрқайсысының жеке бағдарламасын үнемі байыту, академиялық концерттердің нәтижесін үнемі талқылау, балалармен жұмыс істейтін педагогтардың назарын классикалық туындылармен қатар, қазақстан композиторларының халық әндерін пайдалануға бағыттайды. Сабақ барысында оқу құралдарының ішінен А.Николаевтың редакциясынан шыққан «Фортепианода үйрену мектебі», «Фортепианолық ойнау», Л.А.Баренбоймның «Музыкаға үйретудің жолы» және де тағы басқа кітаптарын пайдаланамыз.

Б.Миличтің «Кішкене пианиске» немесе Н.Соколовтың «Баланы рояльда ойнауға үйрету» сияқты жинақтары қолданылады.

Кәсіби музыка өнерінің дамуында веналық классикалық мектептің басты өкілдері Й.Гайдн, В.Моцарт, Л.Бетховендердің алатын орны ерекше. «Классикалық» деген ұғым латыннан аударғанда «үлгілі» (образцовый) деген сөз. Гайднды Вена мен Вена маңында тұрғандықтан, Веналық классик деп те атайды. Мұндай жоғары атаққа Гайдннен кейін Моцарт пен Бетховен ие болды.

Йозеф Гайдн (1732-1809) - Австрияның ұлы композиторы, аспаптық музыкадағы классикалық стильдің негізін қалаушы. Гайдн творчествосы өмірлік дүние танымымен, образдардың шыншылдығымен, терең тебіреністі халықтығымен ерекшеленеді. Өзінің алғашқы квартеттерін 18ғасырдың 50-шы жылдарында, алғашқы симфонияларын 50-60 жылдары жазса, 90-жылдары бұл жанрларды шыңына жеткізді. Ол өзінің ұзақ өмірінде 30шақты опера, 3 оратория, 104 симфония, 14 месса, увертюралар, квартеттер тағы басқа шығармалар жазған. Й.Гайднді «симфония мен квартеттің атасы» деп атайды.

Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) - Австрияның ұлы композиторы, Венаның классикалық мектебінің ірі өкілі. Оның өмірі таңғажайып, ерекше бір құбылыс. Ол бар болғаны 35 жыл өмір сүрді. Осы аз уақыттың ішінде 50 симфония, 19 опера, сонаталар, квартеттер, квинтеттер жазған. Оның аспаптық шығармалары тыңдаушылар жүрегіне жол тауып, тамсандырып келеді. Адамның көңіл-күйілерін баяндау, бақытты өмірді аңсау, халықтың күш қуатына деген сенім - Моцарт туындыларының негізгі тақырыбы болды.

Людвиг ван Бетховен (1770-1827) - неміс халқының ұлы композиторы, оның өмірі мен өнері күреске толы. Бетховен неміс классикалық әдебиеті мен озық ойлы философиясы рухында тәрбиеленді, өз творчествосында буржуазиялық революция мен Европа халықтарының ұлт-азаттық күресінің идеяларын жыр етті. Ұлы классиктер Бах пен Гендельдің музыкаларын үйренеді. Шыққан тегі флагмандық болғанымен өзі неміс композиторы Бетховен әуеліде В.Моцарттан кейіннен Й.Гайдн мен Сальериден сабақ алған. Шығармалары:»Ай сонатасы», «Аврора», «Патетикалық соната», квартеттер, 2 кантатасы,»Сурок», «Май түні», «Моллимен қоштасу» әндері, пера»Фиделио», увертюра»Эльеонора», «Эгмонт» бірнеше симфониялар жазған.

Сонымен қатар орыстың ұлы композиторы Михаил Иванович Глинка (1804-1857) ұлттық классикалық музыканың негізін қалаушы. Бала кезінен бастап-ақ орыстың халық әндері мен би музыкасына үйір болады. 1836жылы композитор өзінің «Иван Сусанин» атты операсын тұңғыш рет сахнаға қояды, 1834-1844 жылдар ішінде 2 опера, көптеген романстар, «Князь-Холмскийге», «Вальс-Фантазия», «Камаринская» сияқты музыкалар жазды. Глинканың классикалық музыкасы совет музыка мәдениетінде өте қымбат, оның шығармаларын біздің оқушыларымыз сүйсіне тыңдайды және үйренеді.

Орыстың ұлы композиторы Петр Ильич Чайковский (1840-1893) -дүниежүзілік классикалық музыка өнерінің ірі өкілі. Воткинск қаласында дүниеге келген. Көптеген фортепианолық пьесалардың авторы. Балаларға арналған «Балалар альбомы», «Жыл мезгілдері» жинақтары мазмұны жағынан үлкен орын алады. Бұл жинақ 12 пьесадан тұрады. Ол туған жерінің табиғатын ерекше жақсы көрген, табиғаттың сұлулығын музыка тілімен жеткізуге тырысқан. Мысалы: март айын - «Бозторғай әні», шілде айын - «Шалғышының әні», тамыз айын - «Астық ору» деп атаған тағы басқа. Автор шығармаларында алдымен адам және оның ауыр өмірі, бостандық, бақыт үшін күрестер жырланады. Чайковский көптеген опера, балет, симфония, оркестрге арналған шығармалар, концерттер, романстар, әндер, фортепианоға арналған пьесалар жазды. Балаларға арналған «Балалар альбомы» жинағы балалар үшін арнайы жазылған. Бұл жинаққа енген шығармаларды дүние жүзі балалары сүйіп тыңдайды, аспаптарда ойнайды.

Бала бойындағы рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы музыка мәдениеті. Өнер саласында эстетикалық тәрбие беру, яғни музыкада дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте-сөз арқылы өрнектеледі. Әрбір халықтың өз өнер мұрасы - өзіне қымбат. Штраус пен Бетховен, Моцарт пен Бах шығармаларының ұлылығында сөз жоқ.

Ұлы классик-музыканттардың еңбектерін, шығармаларын жас өнерпаздарға үйретіп, эстетикалық тәрбиеге баулып жүрген фортепиано бөлімінің ардагер ұстаздары Қ.Жазықбай, К.Әбіш - жоғары білімді, арнайы музыкалық оқу орнын оқып бітірген жас оқытушылар Б.Алпысбай, А.Дарибаева, С.Наурызбайлар музыка мектебінде жемісті еңбек етіп, өз үлестерін қосып келеді. Білім сапасының жоғары көрсеткіштерге жетіп, баланың орындаушылық қабілеттерінің шыңдалуына, адамгершілік болмысының жоғарылауына, отан сүйгіштік, елжандылыққа тәрбиелеп жүрген ізденімпаз мұғалімдерді мектебіміздің 50 жылдық мерейлі мерекесін табысты, жемісті қарсы алып, ұстаздық қызметтеріне шығармашылық табыс тілеймін.


© 2010-2022