Урок музыка Өнер ордасы 6 сынып

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка 6 сынып

Күні:
Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы.

Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы жайлы әңгімелеу.
Білімділік: Өнер ордасымен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Өнер ордасымен таныстыру арқылы Отанын сүюге, рухани адамгер-шілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Сурет,үнтаспа,әуен.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әнұранды орындарынан тұрып, жатқа айту.
2. Психологиялық тренинг.
- Мен мықтымын,
- Мен әдемімін,
- Мен өнерлімін,
- Мен білімдімін,
- Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!

Өнер ордасы.

Ұлы Отан соғысы жылдары, 1944 жылы, Алматы консерваториясы ашылады. Орыс мәдениетінің өнер қайраткерлері - Галина Уланова, Юрий Завадский, Наталья Сац және Вера Марецкая Алматы қаласына қоныс аударған болатын. Олар Мәскеудегі кеңес одағының басшыларына Алматы қаласында консерватория ашу жөнінде хат жолдайды. Олардың өтініш хаттарында: «... мәдениет үшін ешнәрсе тосқауыл бола алмайды. Қай заманнан болмасын мәдениет әрдайым дамып келеді. Оны өткен тарихымыз дәлелдеуде. Қазақ халқы соғыс зардабынан мәжбүрлікпен қоныс аударған халықтарға қонақжайлылық пен кеңпейілділік танытуда. Сондықтан, қазақ халқына үлкен құрметімізді білдіре отыра, жасалар жұмыстың жауапкершілігін өз мойнымызға аламыз», - делінген. Сөйтіп, еліміздің қиын кезеңіне қарамастан одақ басшылығы Қазақстанда музыкалық жоғарғы оқу орнын ашуға шешім қабылдайды. 1944 жылдың 24 шілдесінде Алматы мемлекеттік консерваториясын ашу жөнінде Халық комиссарлар кеңесінің қаулысы қабылданады.Консерватория «Музхоркомбинат» деп аталатын республикалық балалар музыка мектебінің негізінде ашылады. Ал, музыка мектебінің сол уақыттағы директоры И.В.Круглыхин консерваторияның ректоры болып тағайындалады. Консерватория ғимараты Сталин даңғылының бойында (қазіргі Абылай хан даңғылы) орналасады. Сол ғимараттың 8 бөлмесі консерваторияға бөлініп беріледі. Жұмысты бастау үшін басшылықтың тапсырмасымен жеке адамдардан музыкалық аспаптар сатып алынады. Олар: 1- концерттік рояль, 3 кабинетке арналған рояль, 3 пианино, 3 скрипка, 3 виолончель, 1 контрабас, 1 гобой,2 кларнет, 3 валторна, 1 литавра. Балалар музыка мектебінің кітапханасында жоғары оқу орнына арналған нота жазбалары мен оқулықтар жоқ болатын. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан Мәскеу мен Ленинград консерваториясы 3330 нота жазбалары мен оқулықтарды сыйға тартады. Ал, қоныс аударған орыстың мәдениет және өнер қайраткерлері консерва-

торияның ұстаздары болып жұмысқа қабылданады.Оқу орнына студенттерді қабылдау қиынға соғады. Себебі, одақ басшылығы 150 адамды ғана қабылдауға қаржы бөледі. Бірінші курсқа қабылданғандардың арасында интернатта тұратын ата-анасыз қалған жастар да болатын. Олармен бірге, КСРО халық әртісі Күләш Байсеиітова, ҚазССР-інің халық әртісі Қанабек Байсеиітов, белгілі композиторлар Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамов, композиторлар одағы қазақ бөілімінің хатшысы, композитор Борис Ерзакович те болды. Олар халық әртісі бола тұра консерваторияның 1 -

курсына оқуға қабылданады.Осылайша Алматыда алғаш рет ашылған консерватория өз жұмысын бастап, қазіргі таңда Орталық Азияда музыкалық білім беретін ең мықты жоғары оқу ордасына айналып отыр.

Музыка тыңдайық:

Тілес Қажығалиев. «Қыз қуу». Орындайтын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық

консерваториясының студенттер оркестрі.

Біліп ал!

Тілес Қажығалиев - (1949-1996) композитор. Алматы қаласында дүниеге келген. Атақты дирижёр Шамғон Қажығалиевтің баласы. Ғазиза Жұбанованың шәкірті. Т.Қажығалиевтің оркестрге арналған шығармалары көптеген шет мемлекеттерде орындалып келеді. Композитордың «Қыз куу»атты шығармасын Мариус Стравинский жетекшілік ететін Лондонның филармониялық оркестірі орындап жүр.Композитордың альт пен оркестрге арналған «Отан туралы» ороториясы, фортепиано,үрмелі және ішекті аспаптарға арналған концерт симфониясы, әндер мен романстар, спектакльдер,

көркем және деректі фильмдерге арналған музыкалық шығармалары бар.

Үйренетін ән: «Ердің ері Бауыржан» Әні мен Сөзі:Т.Оразбаева.

Сұрақтар:

1. Алматы консерваториясының ашылуына кімдер ықпал жасады?

2. Консерваторияны ұйымдастыру барысында қандай қиындықтар болды?

3. Алғаш рет консерваторияда кімдер білім алды?

Тапсырма:

1. «Өнер ордасы» тақырыбын оқып кел.


© 2010-2022