• Преподавателю
  • Музыка
  • Конспект урока по музыке Нұрғиса Тілендиевтің күйлерінің ұжымдық орындаудағы ерекшеліктері

Конспект урока по музыке Нұрғиса Тілендиевтің күйлерінің ұжымдық орындаудағы ерекшеліктері

Бүгінгі тақырыбымыз, өткен сабақтарда қаралған күйлеріміз «Көш керуен» «Ата толғауы» «Әлқисса» күйлерінің ұжымдық орындау ерекшеліктері мен күйлердің автор жайлы болмақ. - Балалар Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйінің динамикалық белгілерімен жұмыс жасағанбыз,осы күйді тұтастай барлық музыкалық талаптарымен орындап шығуға тырысайық. - Ансамбльдің орындауында «Ата толғауы» күйі. Балалар Н.Тілендиевтің қай күйін алсақ та жеке орындауда да әсіресе дует, трио, ансамбль, оркестрде де орындауғ...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиевтің күйлерінің ұжымдық орындаудағы ерекшеліктері .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы, қазақ аспаптық музыкасын, қазақ музыка мәдениетін қалыптастырушы ретінде танып, білу.
Дамытушылық: оқушылардың аспапта ойнау шеберліктерін арттыру,есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, күйлерді тыңдай білу және оймен бөлісу.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық қасиеттерге , қазақ халқының өнерін қастерлейтін азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ансамбльмен жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру, аспапта орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Н.Тілендиевтің портреті, аудио жазбалар, слайдтар, ұлттық аспаптар.
Сабақтың құрылымы:
1. Кіріспе бөлім. (слайд)
2. Диалогтық бөлім. (сөйлесім.тірек сызбалар)
3. Қорытынды бөлімі. (Сабақты бекіту, сұрақтар)
Сабақтың барысы: . Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын аспаптық музыкаға ынталандыру.
Үй тапсырмасын тексеру. (айтылым)

Жаңа сабаққа кіріспе. Слайд арқылы композитордың омірбаяны мен шығармашылығы жайлы шолу жасау.

Сахна төрінде оқушылар ансамблі :

Бүгінгі тақырыбымыз, өткен сабақтарда қаралған күйлеріміз «Көш керуен» «Ата толғауы» «Әлқисса» күйлерінің ұжымдық орындау ерекшеліктері мен күйлердің автор жайлы болмақ.
- Балалар Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйінің динамикалық белгілерімен жұмыс жасағанбыз,осы күйді тұтастай барлық музыкалық талаптарымен орындап шығуға тырысайық.
- Ансамбльдің орындауында «Ата толғауы» күйі.
Балалар Н.Тілендиевтің қай күйін алсақ та жеке орындауда да әсіресе дует, трио, ансамбль, оркестрде де орындауға барлық жағынан қолайлы жазылған. Тек күйлермен шектелмей жоғарыда айтылғандай «Ортеке» балет-поэмасын (1957) және «Менің Қазақстаным» (1959) кантаталары, «Достық жолымен» балеті(1958, Л.Б.Степанов және Е.Манаевпен бірге), «Алтын таулар» операсын (1961, С.Қожамияровпен бірге), оркестрге арналған «Поэма» сынды шығармалары коипозитордың ұжымдық аспаптық шығармаларының хас шебері екенін айшықтайды.

Осы орайда «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық оркестрдің сүйемелдеуімен өңделген «Ақсақ құлан»күйін тыңдап көрелік. Мұнда да жеке орындау мен оркестрге лайықтап өңделген күйдің өте жоғары деңгейде шыққанына күә болып отырмыз. Расыменде маэстроның шеберлігіне тәнті боласың!

Өзіміздің орындауымыздағы «Әлқисса»күйін алайық.

Ансамбльдің орындауында Н.Тілендиев «Әлқисса» Бұл күйде де жеке орындаудағы иірімдерден кейін оркестр әрі қарай күйді іліп алып кетеді. Жеке дауыс белгілі бір әннің шумағы, ал оркестр қайырмасын орындайтындай ой қалдырады. Егер бүгінде күйлердің аймақтарға және жеке-жеке мектептерге бөлінуін ескерсек ,немесе күй-шертпе төкпе болып бөлінсе, Н.Тілендиев өз алдына бір мектеп болып Жетісу күйлерінің ортақ үлгісі ретінде қалыптасты деп айта аламыз. Өйткені Н.Тілендиевтің репертуарындағы күйлердің құрылымы қоңыр сазды шертіс пен қызу қанды төкпе кезектесіп тұрады,яғни шертпе де төкпе де бар, екі қолдың еркіндігінде шек жоқ, ал, күй сазына келер болсақ - қазақ пен қырғыздың әуездері бірден құлаққа келеді, асқан сезімшілдік пен виртуоздық тәсілдер қатқабат араласқа түсіп, тыңдаушыны баурап алады. Н.Тілендиев бұл дәстүрді атасы - Тілендіден, Жамбыл мен Кененнен үйренген екен. Күйдің арғы жанрлық анықтамасы - толғау фольклорымызда «Жыр күйлері» деп айшықталған..Домбыраның штрихтық мүмкіншілігін жетілдіруінің арқасында «Аққу», «Бозінген» сияқты орындалуы күрделі шығармалар туғызды.

Осы арада автордың көркем туындысы «Аққу» күйін «Қыз Жібек» фильмнен тамашаласақ.

«Қыз Жібек» фильмінен үзінді. «Аққу» күйі.

Балалар мұндағы мынадай әдіс тәсілдерді қолдануын көрсетсек: оң қолдың шанақтың әр тұстарында қозғалуы,орама қағысты алуы , сол қолдың саусақтарының дыбысты іліп алуы сияқты көптеген күйлерінде де алуан түрлі болып қолданылатындығы Н.Тілендиевтің аспаптық музыкаға қосқан зор үлесі болып табылады.

Өзінің ұстазы - Латиф Хамидиге арнаған «Баламишка» күйі орындаушылықтың шырқау шыңы болып саналады. Композитордың «Арман» күйі Арқаның қоңыр күйлерінің ізімен шығарылған көркем туынды.

Қорытынды бөлім. Сұрақтар.

  1. Н.Тілендиев қашан, қайда дүниеге келген? (1925 жылы 1сәуірде Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер деген жерде)

  2. Н.Тілендиев қай оркестрдің негізін қалаған?(Отырар сазы)

3. ҚР Президентінің Жарлығымен қай жылы, қандай атақ берілді?(1998ж Халық Қаһарманы)

4. Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі қай қазақ киносында орындалады?(«Қыз Жібек»)

5. Бүгінде Н.Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестрін кім жетекшілік етеді? (

6. Н.Тілендиевтің өзі домбыра тартудағы ерекшелігі қандай? (солақай тартады)

7. Н.Тілендиев күйлерінің құрылымы және орындалу ерекшеліктері қандай ?

Сабағымызды қорытындылай келе тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен толықтрғым келеді: «Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; онда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман - мақсатымен сабақтас»

Үйге тапсырма: Күйлерді қайталау.

© 2010-2022