• Преподавателю
  • Музыка
  • Мектеп жанындағы жатақхана тәрбиеленушілерімен жүргізілетін жұмысты жүйелеу жолдары (баяндама)

Мектеп жанындағы жатақхана тәрбиеленушілерімен жүргізілетін жұмысты жүйелеу жолдары (баяндама)

Раздел Музыка
Класс 11 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп жанындағы жатақхана тәрбиеленушілерімен жүргізілетін жұмысты жүйелеу жолдары

...Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі....

Әл-Фараби.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.

Бала-жасы кәмелетке толмаған, жан-жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға олай болса, балаға тәрбие берушілер:

Жанұя, ата-ана, ортасы, жолдастар, мектеп, мұғалім, тәрбиеші
Бала тәрбиесi - игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.

Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз -ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата -ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Мектепке дейінгі мекемелерден бастап мектеп болса, ата-анадан жырақта тәрбиеленетін бала тәрбиесінің ең жауапты мекемесі - жатақхана, тәрбие беруші ата-ананың ролі - тәрбиешіде. Міне осы мекемелерде қалыптасушы тұлға ұжымшылдыққа тәрбиеленіп, қарым-қатынас мәдениетіне үйренеді. Осы тұста отбасындағы келеңсіздікке кей өскелең тұлға жауап іздеп, сүйеніш тапқысы келеді. Өмірдің көлеңкелі тұсына күн сәулесіндей жарық іздеп, адамгершілік әділеттіліктің шуағын аңсап келеді. Ал осы шуақты тәрбиешіден, мұғалімнен көреді.

Келесі тәрбие көзі - қоғамдық орта. Қазақ бала тәрбиесін қоғамдасып жүргізген. Отыз үйден ұлға, қырық үйден қызға тыйым болар тұлғалар, ұл-қыздың қылығын танып, егесіне ескертіп, орайы келгенде өздері де естілік танытып отырған. Соның да салдарынан қырықтағы қалмал бұзар азамат ақсақал атанып отырған. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» болып келетіні де осыдан. Өкінішке орай, қоғамдық тәрбие аспектісіне негізделген, бойжеткен мен бозбаланың түзде қылықты болып келетіне орай, отыз үйден тыйым болар тұлғаларға арнайы айтылған тәрбие көзіне негіз болар аспекті - «Буыршын көзін сүзсе, бура бұйдасын үзер» қағидасына да мән бермей келеміз. Түсіне білсек, ұл-қызымызды саналы ұлттық тәрбиемізбен-ақ таза да, пәк сезімде ұстай аламыз.

Абай: «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан болады» деп көрсетеді. Осыдан біз тәрбие обьектісі ақыл мен ғылым екенін танысақ, субъектілерінің ата-ана, ұстаз бен құрбы екенін көреміз. Сәйкесінше, мектеп қабырғасындағы оқушы тұлға сәби күнінен тәрбие обьектісі бола алмайды. Тәрбие үрдісінің зерттеу обьектісі болып адамның дүниеге келгенінен ақыл-ой парасаты мен мінез-құлқының қалыптасуы алынады. Сондай-ақ, Абайдың ақылды адамның адамшылығына бірінші етіп алуы адам баласының ақыл-ой санасының қалыптасуынан алынған.

Жасөспірімдер қылмысының кейінгі кезде өршіп кеткенін растайтын фактілер көптеп кездеседі. Статистикалық зерттеулердің нәтижелерінің көрсетуінше 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ұрлық пен зорлық көрсету саны кейінгі уақытта күрт өскен . Мектеп қабырғасында оқушыларының бірін-бірі мазақтауы мен зорлық жасауы жиілеп кеткендігі туралы шағымдар көптеп түсуде.

Жасөспірімдердің зорлығы мен мазақтауына тек қана балалар ғана емес, әлемде 1997-жыл мен 2005-жыл аралығында 1,5 миллион мұғалімдер жасөспірімдер қылмысының құрбаны болған.

Олардың 817000 ұрлық болса, ал 473000 дене жарақаты деп хабарлайды жоғарыда көрсетілген ұйым . Бүгінде жасөспірімдер зорлығы - бұл қоғам қайғысына айналды, ал басқа елдерде жасөспірімдер жағдайы қалай екен? Қытай жаңалықтар агентігінің хабарлауы бойынша қытай полициясы 2005- жылы 150000 жасөспірім қылмыскерлерді ұстағандығын хабарлаған . Бұл 2004-жылмен салыстырғанда қылмыстың 12,7% жоғарлағандығын көрсетеді . Жасөспірімдер қылмысының 70%-нен басымы «банда» топтарының есебінде екендігі тіркелген . ал Жапоня бұқаралық ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша соңғы 10 жылда қылмыстың тең жартысы бұл елде тек жасөспірімдер қолымен жасалған .Қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани тоқырауы - жасөспірімдердің өз организмдеріне жасаған зорлық істерінен көрінеді . Мектеп қабырғасын бітіргенге дейін-ақ әрбір қазақстандық оқушысының жартысынан көбі әртүрлі есірткі түрлерінің дәмін татып көргендігін ашық айтса, алкагол қабылдау жәсөспірімдер арасында кең тараған, әр 5 оқушының төртеуі (77%) мектепте жүріп 8-шы сыныпқа дейін-ақ (46%-ы) ішуды үйренген . Соымен қоса, 16 мен 19 жас аралығындағы қыздардың 25 пайызы терең жан күйзеліс /депресия/ дертіне ұшырайды екен . Тағы да зерттеулерге жүгінсек, әлемде жылына 5000 ға жуық қыз бен жігіт өз өмірлерімен қоштасатын көрінеді . Белгісіз бір жәйттарға сай қыздарға қарағанда, әсіресе, ер балалар өз өміріне көп қол салады екен.

Тәрбиеге деген көзқарастың өзгеруінің өзі де қазіргі кез жастарына өз әсерін тигізуде. Қадағалаусыз жас бала өз мінез-құлқын қалыптастыруда, ішкі әлемін тәрбиелеуде ешқандай ережесіз, рухани бос өмірден үлгі - өнеге алып өседі.

Кейде ата-ана, бұл жерде тәрбиешінің де ата-ана екендігін ұмытпағанымыз жөн. Олар өздерінің балалық шақтарындағы кейбір сәтсіз кездерін ұмытпағандықтан, өз балаларын басқаша тәрбиелеуге тырысады. Олар өз балаларының қатал тәрбиешісі емес, жақын досы болғылары келеді. Бірақ Мұндай тәрбиенің арты да ылғи жақсылық пен аяқтала бермейді. Мысалы: «Мен өз балаларыммен өте жұмсақ болдым, оның себебі ата-анам маған өте қатал қарады, мен өз балаларымды бұлай тәрбиелегім келмеді. Бірақ, қатты қателескенімды кеш түсіндім» - дейтіндер де аз емес. Бұндай көзқарастар кейде шектен шығуға әкелуде. Нашақорлықтан емделіп жатқан 300 жасөспірімнің 20 пайызы нашаны әке-шешелерімен бірге қабылдаған, қалғаны спирттік ішімдікті әке-шешесімен бірге ішкен, ал 5 пайызы нашаны алғаш рет анасынан немесе әкесінен алған .

Интернет шырмауы. Соңғы жылдары жасөспірім өмірінде компьютер үлкен орын ала бастады . Үй компьютерлерінің саны соңғы 10 жылда тез өскен. Зерттеулерге сүйенсек жастардың 90 пайызы компьютер қолданады, ал интернет аймағына 59 пайызы шығады екен. 2004 жылғы педогогикалық зерттеулер нәтижесінде 80 пайыз ата-ана өз баласының интернет торабында кіргенде немен айналысатындықтарын жақсы білетіндігін, ал осы сұрақ қойылған 70 пайыз бала өз ата-анасының интернет торабында оның немен айналысатынын жақсы білмейтіндігін айтқан .
11-12 жас аралығындағы балалардың 58 пайызы, 13-14 жастағы жасөспірімдердің 70 пайызы, 15-16 жастағы жасөспірімдердің 80 пайызы үлкендер чатына ғана кіреді екен, соған қарағанда бала үлкен болған сайын істің насырға шабу деңгейі жоғары . Әрбір жетінші ата-ана өз балаларының үйде интернетте не қарайтындықтарын білмейтіндіктерін мойындаған.

Мұндай деректерді көптеп келтіруге болады. Бұл баланың бос уақытының көп екендігін, сол уақытты қалай пайдалануды білмегендіктен жіберілетін қателік. Ата-ана жанындағы балада ғана емес. Жатақхана тәрбиеленушісінің бос уақыты мүлдем көп. Ол өз үйінде тәрбиеленетін балалардай шаруа істемейді. Уақытылы мектептегі сабағы біткен соң, немен айналысарын білмейді. Ал сол уақыт аралығындағы 1 тәрбиеші олардың барлығының қызығушылығын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан жатақхана тәрбиеленушілеріне арнайы көмекші тәрбиеші немесе олар үшін шеберхана, интернет қол жетімділігі, компьютеризация қажет.

Қоғамдағы жаман ағымнан аулақ ұстаудың тағы бір жолы баланы әр түрлі тиімді, өмірге керек пайдалы нәрселер үйрететін, балаға ұнайтын қызықты үйірмелер ашу. Ең бастысы оның бос уақытының аз болғанын қадағалау.

«Тәрбие дегеніміз - баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс» - деп Мәлік Габдуллиннің аталы сөзін естен шығармайық.

© 2010-2022