Тәрбие сағаты Екі жұлдыз

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Екі жұлдыз»

Мақсаты:Өнерді сүйіп қастерлейтін рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу және оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты арттыру.

Жоспары:

I.Қатысушы өнерпаздардың реттік сандарын анықтау.

II. Әділқазы алқасымен таныстыру.

III. Өнерпаздар екі әннен орындайды (1.Патриоттық. 2. Еркін тақырып.)

IV.Өнерпаздар бірінші патриоттық әндерін,екінші еркін тақырыптағы әндерін орындайды.

V. Әділқазылар әр қатысушыларға әр орындаған әннен кейін өз пікірлерін айтады.

VI .Жүргізушілер қатысушыларға сұрақ қояды.

VII .Марапаттау.

1-жүргізуші: Армысыздар, өнер сүйер қауым!

2-жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз кәріміз де.

Төрлетіңдер қадірменді қонақтар,

Жайнаған мына біздің төрімізге.

1-жүргізуші: Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,

Жұлдызы деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал,өнерпаздарға сәттілік тілейікші.

2-жүргізуші: Уа,халайық,халайық,

Мұнда назар салайық.

Өнер жолын жалғамақ,

Өнерпаздар шықсын ортаға

Екі жұлдыз атанбақ. Өнерпаздарымызды ортаға шақырып, реттік сандарын анықтауларын сұраймыз.

1-жүргізуші: Қандай жақсы жақсылықта көріскен,

Әншілерің алдыңда тұр келіскен.

Қанша өнер білсең де,көптік етпейді,

Дейтін еліміз өнерліге өріс кең, дей келе сайысқа бірінші шығатын өнерпаздарымызды қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: О,заманда ашқан қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан»,жаныңдар.

Шақырған сайыстарға бірін-бірін,

Өнерпаздар -дарындар.

Тыңдайық тамашалап,көрермендер,

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін. Ал енді келесі сайыскерлерімізді ортаға қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй .

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең мен ше сүй.- деп сахнаға келесі сайыскерлерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші:Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар. Келесі сайыскелерді қошеметпен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Әркімнің өнерге де бар таласы,

Әркімнің де бар және бақталасы.

Қазақ елі өнерге жақын халық,

Құрметтейді өнерді кәрі-жасы. - дей келе ортаға келесі сайыскерелерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші: Кім сүймес,көкке өрлеген әсем әнді

Көңілдің күйін шерткен көркем сәнді,

Болғандай, бойға қуат,ойға азық,

Балқытып, еріткендей тербеп жанды.

Келесі сайыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Жігіт төмен көрінбес,

Сайыста жүрсе қалыспай.

- дей келе ортаға сайыскерелерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына,кең екен.

Домбыра тартып,ән айтып жырламайтын,

Өнерсіз қазақ кемде- кем екен.

-дей келе Келесі сайыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Кезегі Жарқын мен Толғанайдың келіп жетті,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар!

2- жүргізуші: Қолында өнері бардың,

Аузында өлеңі бар, демекші, сегіз қырлы,бір сырлы ұстазымыз Еркінді жұбымен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Енді ортаны ашайық,

Жырдан шашу шашайық!

Ән мен биді шалқытып,

Інжу-маржан шашайық деп ортаға келесі сайыскеріміз жан-жақты ұстазымыз Анар Керімбайқызын жұбымен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Жан едім,әсем әнді сүйіп айтқан,

Жағымды көпке бірдей жұрт ұнатқан.

Келетін- нақышына жүз құбылтып,

Кейде өрлеп,кейде шалқып баяулатқан.- дей келе келесі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Қандай жақсы жақсылықта көріскен,

Әншілерің алдыңда тұр келіскен.

Қанша өнер білсең де көптік етпейді,

Дейтін еліміз өнерліге өріс кең.- дей келе келесі сайыскерлерімізді шақырамыз.

2-жүргізуші: Енді сайыскерлеріміз осы реттік сандарымен келесі еркін тақырыптағы әндерін орындайды. Сайысымыз осымен аяқталды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

1-жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.











«Ақ желкен» жазғы демалыс лагерінің жабылуына арналған мерекелік концерт



Өткізген: Дастанова Б.Қ.







Жалғызтөбе орта мектебі

2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022