Оқушыларды қобыз аспабына үйретудегі кейбір әдістер «Әдістеме және әдіснама»

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушыларды қобыз аспабына үйретудегі кейбір әдістер

«Әдістеме және әдіснама»

Қандай да болсын күрделі ойды қарапайым тілмен ұғынықты етіп жеткізуге тырысқан жөн.

Егер сені ой билесе-айтар сөзін айқын, егер сен ойды билесең -айтар сөзің одан да айқын деген пікірді В.Г.Белинский айтқан. Адамды ойдың билеуін әрекеттің бастауы ретінде қарастыруға болады. Ой мен әрекеттің тоғысуы өзінен-өзі белгілі бір әдіс тәсілге табан тіретеді. Яғни, әдіс атаулының тек-тамыры іс-әрекеттен бастау алып жатады. Өйткені ,іс-әрекетке кіріспес бұрын саналы адам, әдетте сол іс -әрекет аясының қисыны мне оңтайын ескереді.Қазақ оны «істің ыңғайын білу» дейді.Міне,әдіс дегеніміз осы.Әдіс(метод) сөзінің грек тіліндегі мағынасы да таным тәсілі,зерттеу жолы деген ұғымды береді.Осы әдіс сөзінен әдістеме методика ұғымы туындайды. Былайша айтқанда, белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын практикалық немесе теориялық тәсілдер мен әрекеттердің жиынтығын әдістеме дейді.Әдетте,ғылыми теорияға ұласқан әдістеменің нәтижесі іс-тәжірибе жүзінде текскріліп отырады.Яғни,әдіс пен теорияның арақатынасы іс-тәжірибе арқылы сараланады. Сондықтан да, әдіс атаулы ілгерідегі зерттеудің, теориялық нәтижесі ретінде қабылданса, әдістеме алдағы зерттеулердің бастауы болып отырады.Мұның бәрі адамды ой билеп, әрекетке бастағанда болатын үрдістер.

Енді,адам ойды билесе не болмақ? Әрине жанағы ой билеп,әрекетке көшкен адам бірте-бірте тәжірибесін шыңдап,әдіс қорын молайтады.Әдіс қоры молайған сайын,оның өзін таңдап-талғап қолдану қажеттілігі туындайды.Мұны қазақ «істің парқын білу» деген. Әдіснама дегеніміз осы.Бұл ұғымға әдіснаманың грек тіліндегі әдістер жиынтығы туралы ілім деген мағынасы да сай келеді.Сонда, әдіснама дегеніміз , жинақталған тәжірибе мен әдіс қоры туралы ілім болып шығады.Былайша айтқанда,әдіснама дегеніміз , практикалық және теориялық қызметтерді реттеуге мүмкіндік тудыратын,сондай-ақ, ұстанымдар мен тәсілдері анықтап беретін жүйе,сол жүйе туралы ілім. Әдістеме мен әдіснаманың таным жолында жоқты түгендеу үшін,барды парықтау үшін бағдаршы болатынына күмән жоқ.

Музыка тарихына, оның аясында музыкалық этнографияға қатысты әдістемелік те,әдіснамалық та ұстанымдар өзекті үш мәселе төңірегінен өрбіп отыруға тиіс.

Бірінші -нені сөз ету керек немесе нені зерттеу керек? Бұл мәселеде,зерттеу нысанасында қамтылатын тақырыптардың шек-шекарасы айқындалады.Яғни, қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениеті және оның этнографиялық сипаттары, музыкалық мұраны туындатушылар және бұл мәселелердің әлеуметтік-этникалық тарих аясында көрініс табуы тақырыптың шек-шекарасын пайымдайды.

Екінші-не үшін зерттеу керек, яғни еңбектің зәрулігі мен мақсаты қандай? Бұл мәселеде, қазақтың рухани мәдениетінде музыканың алар орыны және музыкалық мұраның қадықасиеті, эстетикалық өресі парықталуға тиіс.

Үшінші-қалай зерттеу керек, яғни қандай ғылыми ұстанымдарға сүйенген жөн? Бұл мәселеде, әрине зерттеудің әдіс-тәсілдері пайымдалуы керек.

Осы үш мәселенің алғашқы екеуі әдіснамалық проблемалар болса, соңғысы әдістемелік проблема болып табылады. Кітаптың өнбоцында бұл үш мәселе де тақырыптың өзекті арқауы ретінде қаперде отырады. Осы орайда , тақырыптың қалай зерттелуінде қатысты, яғни музыкалық мұралардың қадір-қасиетін қалай парықтауға қатысты мәселеде ең алдымен халықтың дәстүрлі талғам-танымы негізгі критерии болып отыратынын атап өту қажетю Музыкалық мұраның дүниеге келген қалпында дыбысталуы түпнұсқалық музыка деп есептелетіні сияқты, сол түпнұсқалық музыка туралы оны туындатушылардың ұғым-түсінігі мен эмоциялық-эстетикалық әсері де түпнұсқалық жору болып табылады.Сондықтан да ,халық музыкасының қадір қасиетін саралауда сол музыкалық мұраны туындатушы халықтың талғам танымы эстетикалық түпнұсқа критерии ретінде қабылдануға тиіс.

Пайдаланылған әдебиет: К.Сахарбаева «Әдістеме»

© 2010-2022