Үндінің сұлу сазды рагасы

Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үндінің сұлу сазды рагасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үндінің музыкалық өнерімен таныстыру .

Дамытушылық: Музыка тыңдау , ән айту , өнерге деген көзқарастарын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды Мәдениеттілікке , өнерсүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекті құралдары: үнтаспа, суреттер

Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, ән үйрену т.б.

Пәнаралық байланыс: саз теориясы

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгелдеу

Үй тапсырмасы

  • Оқушылардан Үнді дәстүрлі театры. Биге тіл бітірген үнділер.Оқушыларды бағалау.

Жаңа сабақ:

Үнді халқында музыка ең қасиетті өнер болып есептеледі. Үндінің ежелгі ойшылдарының айтуы бойынша жаратылыстың өзі түрлі тербеліс күшінен тұрады. Мысалы, әлемнің өзі де шексіз музыкадан жаратылған. Сондықтан үнділер музыканы Жаратушының сыйы деп қараған. Музыка адамға өмірлік күш-қуат, биік рух, тән мен жанның саулығын береді деп сенген. Үндінің классикалық музыкасының тамыры тереңде. Үндінің классикалық музыкасының биік шыңы-рага. Раганың негізгі 7 түрі бар. «Рага» күш-қайрат, жігер деген ұғымды білдіреді.

Яғни әрбір рага адамның көңіл күйін белгілі бір уақыт пен жыл мезгіліне лайықтап, оған рух беріп, жігерлендіріп отырған. Әлемде тек үнді рагасы ғана белгілі бір уақыт өлшеміне байланысты орындалады. Мысалы, таңғы раганы кешке айтуға болмайды. Өйткені уақытылы орындалмаған рага адамның жан дүниесіне кері әсерін тигізуі мүмкін екен. Үндістанда бір тәулікті 8-ге бөлген. Яғни әрбір 3 сағат сайын адамның көңіл күйі өзгеріп отырады деп есептеген. Сол себепті раганы да уақыт өлшемі мен жыл мезгілдеріне байланысты орындаған. Үнді музыканты үшін рага айту табиғатпен тілдесуімен парапар. Сондықтан рага орындайтын музыкант табиғаттың үнін тыңдп, өзінің ішкі жан тебіренісін соған лайықтайтын болған. Бір қызықты оқиғаға құлақ түрейік! Бір күні үндінің Тансен деген музыканты өз уақытына сай келмейтін раганы орындайды. Тансен жазғы ыстық мезгілде орындалатын отты раганы айтқан кезде патша сарайындағы шырақтар өзінен-өзі жанып, содан соң музыкант отқа оранған. Тыңдап отырған халық Тансенннің үстін,дегі отты әрең сөндіріп, оны аман алып қалған екен. Кейбір рагалардың магиялық күші бар. Олар бұлт шақырып, жаңбырды жауғызып, жел тұрғызатын күшке ие болған. Рага адам сезімімен сырласып, табиғатпен тілдесе алатын ғажайып музыка болып табылады.

Музыка тыңдайық!

Рави Шанкар орындауында үндінің «Рагасынан» үзінді тыңдап көрейік.

Ситар аспабында орындаушы Рави Шанкар-дүние жүзіне белгілі музыканттардың бірі. Үндінің классикалық музыкасын әлем халықтарына таныстаруда Рави Шанкар зор үлес қосты. Батыс Еуропаның көптеген музыканттары Рави Шанкардан дәріс алған. Солардың бірі «The Beatles» тобының гитаршысы Джордж Харрисон Рави Шанкардан ситар аспабын үйренген. Алпыс жылдан астам әлем сахналарында өнер көрсеткен Рави Шанкар Гиннесс кіттабына енді.



Ән орындайық: Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін әрі қарай үйрену.

Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келетін болсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?


Сұрақтар:

  1. Үндінің аспапты музыкасы қалай аталадыф?

  2. Раганың неше түрі бар?

  3. Рага қандай ұғымды білдіреді?

  4. Рага қандай түрлерге бөлінеді?

  5. Раганы қандай аспаптарда орындайды?



Үйге тапсырма: оку, әнді жаттау

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!







© 2010-2022