Қош келдің, әз наурыз

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ересек тобына арналған ертеңгілік сценарийі «Қош келдің, әз наурыз!»

Мақсаты:

  • Балалардың Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту

  • Салт-дәстүрлерді дәріптеп, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру

  • Мерекелік көңіл-күйді сезіне, әр ұлттың әнін, биін тану, тыңдау ынтасын тәрбиелеу.

Залды безендіру: Қош келдің, әз Наурыз сөзі әріптермен жазылған, сахна төрінде кереге, шаңырақ көтерілген. Залдың ішінде ақ матаға салынған оюлар, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектердің суреті бар.

Көрнекіліктер:ағаштан жасалған аттың мүсіні, оюлы сандықтар, асықтар,қамшы.

Кейіпкерлер: .Қыдыр ата, Ақпан-тоқпан, Күнекей қыз, Барыс

Балалар музыка әуенімен музыка залына кіреді

Жүргізуші: Жарқыра, жайна Наурызым

Қабағы жаудың түйілсін

Дүние, байлық дәм тұзың

Халқыма мәңгі бұйырсын!

Құрметті қонақтар, балалар! Сіздерді 22-наурыз жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.

Жүгіріп залға атқа мінген 2-бала кіреді

Тақпақ: 1-бала Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

2-бала Босқа қарап тұрмаңыздар!

1-бала Наурыз тойы басталды.

2-бала Көргендер де арманда

1-бала Көрмагендер де арманда,

2 бірге Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Жүргізуші, Сүйінші хабарларыңызға рахмет, балалар. Елмен бірге болыңыздар, төрлетіңіздер! Ал, біз той мерекесін әнмен бастайық

Ән: «Наурыз тойы»

Балалар жайғасып, кілемге екі жаққа бөлініп отырады.

Көңілді музыка әуенімен Қыдыр ата кіреді

Қыдыр ата кіреді:Армысың Халқым, армысың жас балалар, бұүлдіршіндер Көктем келді, Наурыз келді,

Жер көгерді, тал гүлденді.

Дастарханын жайып дархан,

Жақсылық пен бақыт шашқан

Наурыз той құтты болсын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Қыдыр ата! Әлемді аралап мереке түнін қызықтап жүрсіз екен, бізбен бірге болыңыз, Төрлетіңіз. Балалар сізге арнап тақпақ айтып береді, өнерлерін тамашалаңыз.

Тақпақтар: Науырызда күлімдеп,

Күн нұры төгілді.

Өзгеше бүгін леп,

Желпінтер көңілді.

Бусанып жерім бай,

Төсінде қалқып ән,

Науырыз көңілді ай,

Шаттығы шалқыған.

Ойнаймыз шаттана,

Ішеміз күнде айран.

Балаға, қартқа да,

Ортақ қой, бұл мейрам.

Жүргізуші: Құрметті Қыдыр ата біздің балалар біледі, Наурыз тойы ұлттық салт-дәстүрлер тойы екенін,Қазір бүлдіршіндеріміз сізге Қыз қуу дәстүрін көрсетіп береді. Бұл ұлттық ойын, бұны қыздар мен ұлдар жиналғанда жүйріктіктерін, батылдығын бір-біріне көрсетіп мақтанады.

Ойын: Қыз қуу

Шарты: Бір ұл, бір қыз шығады, шабысты қыз бала бастайды, оны атпен шауып ұл бала қуады. Қызға жете алса бетінен сүйеді. Ұстай алмаса, қайтып оралғанда қыз ұлды қуып, қамшымен ұрады. Бұл ойында қамшымен қатты ұрмау керек.

Жүргізуші: Мереке көңіліне арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар:

Әбігер жұрт неге,

Деп бекер таңданба.

Қайнатып құрт,көже,

Той қамын қамдауда.

Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермес салтымыз,

Көктемдей арайлы.

Жүргізуші: Құрматті Қыдыр ата, біздің ұлдар мен қыздар бір-бірімен дос, бірге ойнайды, би де билеп береді.Той думан биін қарсы алыңыз

Би: «Той думан»

Қыдыр ата: Балалар қандай өнерлісіңдер! Балалар өз ана тілдеріңізге көңілдеріңіз қалай? Ана сүтімен бойымызға кірген тілімізді қадірлеу керек. Жүргізуші: Қыдыр ата, біздің балалар тіл туралы, көрініс даярлады. Құрметті қонақтар тамашалаңыздар!

Көрініс: Дүниеде не ащы, не тәтті?

Қыдыр ата бата:Балалар өнерлерің өрге жүзсін!Түн аяқталып, уақытым бітіп келе жатыр. Кетер алдымда тамаша бүлдіршіндерге Әумин деп бата береиін:

Әуелі құдай оңдасын,

Оң жағынан қолдасын!

Кетпес ырыс берсін,

Кең пейіл берсін!

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің баласы болма,

Бар елдің данасы бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қайда жүрсең де жол болсын!

Әумин!

Қыдыр ата: Ал, балаларым, рұқсат етсеңдер мен басқа елдерді аралайын, келесі Наурызға дейін ұлкен азамат болып, жақсылықта кездесейік,Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, біздің тойымыз жалғаса береді. Қыдыр атаның жолы болсын, Наурыз мерекесіне арнап ән орындайық.

Ән: Наурыз келді

Балалар отырады, боранның ысқырық дауысымен

Ақпан-тоқпан кіреді: Наурыз әнін айтып, көктемді шақырған дауыстарыңды естіп келдім.Жоқ, көктем болмайды, әлі қыс жалғасады, аяз, боран болады. Менің аппақ қарымда ойнай беріңдер, қаласаңдар қарымды себейін, бораныммен ұшырайын. (үрлейді)

Жүргізуші: Ақпан-тоқпан, балалар сізбен ойын ойнаса, көңілді боласыз ба?. Ақпан-тоқпан: Сендер менің күшіме әлі сенбей тұрсыңдар ма? Ендеше, күшімізді ойында сынап көрейік.

Ойын: Кім мықты?

Шарты: Шеңбер ішінде тұрып 3 жұп балалар бір аяқтарын көтеріп, иықпен итеріседі. Шеңберден шыққан балалар жеңіліс табады. Бірінші Ақпан-тоқпан баламен ойнап көрсетеді.

Ақпан-тоқпан: Балалар, күштерің қандай көп! Менің күшім қайда кетті екен? Ыстықтап бара жатырмын. Сендермен қандай көңілді болсам да кетуім керек. Күнекейдің сәулесі мені ерітіп бара жатыр. Еріп барам, еріп барам. Сау болыңдар!

Музыка әуенімен Күнікей мен Барыс кіреді.

Күнікей: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар!

Аймалап жер, бау, бақты,

Арай шуақ төгемін.

Аппақ қарды ерітіп,

Көктемді алып келемін.

Барыс:Жаңа жылдың қоңырауын қағып келдім

Жаңа жылдың жаңа шамын жағып келдім

Наурызда молшылықты ала келдім,

Жаңа табыс, бақыт алып келдім.

Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе , мерекеге қош келдіңіздер, төрлетіңіздер! Балалар, таныдыңдар ма? Біздің мерекемізге көктемнің иесі Күнекей ханшайымы келді.Сендер білесіңдер ме көктемде не болады? Балалардың жауаптары: қар ериді, күннің көзі жарқырайды, құстар ұшып келеді.

Жүргізуші: Алғашқы айы наурызды алып келген Күнікей ханшайымы сізге рахмет!

Күнекей: Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Құт береке болсын!

Жүргізуші:Балалар, Күнекей ханшайымына өзіміздің наурыз тілегімізді айтып берейік.

Балалардың Наурыз тілектері

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс оң болсын!

Күнекей: Ал, біздің құрметті қонақтар, ата-аналарымыз бата айта ала ма? Мен сіздерге өз шуағымды сыйлаймын.

Ата-аналардың баталары:

Жүргізуші: Құрметті Күнекей сіз сияқты сұлу, көркем біздің қыздарымыз ұлттық биін сізге арнап билеп береді.

Би: Қамажай

Жүргізуші: Құрметті жыл басы, сіздің жылыңызда жігерлі істер болады, халықтың күш қуаты мол болады, бәрімізге сіздің жылыңыз құтты болсын.

Барыс:Мен қуанып отырмын, балаларыңыз өте өнерлі екен, жоғары дамыған екен, мықты азамат болсын! Ал олардың ата-аналары ше? Ата-аналармен күш сынасып, ойын ойнап көрейік.

Ойын: Жаяу тартыс

Шарты: 2 ата-ананың арқасына арқан байлап, тартыстыру. Сызықтан шыққан ата-ана жеңіліс табады.

Тақпақтар:

Жүргізуші : Құрметті жыл басы, балалардың ата-аналарының күштерін сынап көрдіңіз, енді жігіттеріміздің күштерін биден байқап көріңіз

Би: Палуан биі

Барыс: Рахмет сіздерге бүлдіршіндер, өнерлерің өрге жүзсін!

Күнікей мен Барыс кетеді: Наурыз той құтты болып, қазақтың кең даласына, әсем қалаларына шуағымды шашайын! Мерекелерің мерекеге ұлассын!

Барыс: Менің жылым барша халқымызға тыныштық пен жақсылық әкелсін! Өнерлерің өрге жүзсін! Сендер сияқты басқа балаларды құттықтауға барайын! Сау болыңдар.

Жүргізуші: Балалар, Наурыз мерекесі қаламызда, елімізде думандап жалғаса береді. Мерекеміз құтты болсын, даламызды көктем гүл жайнатсын.Құрметті ата-аналар, отбасыларыңызда құт береке болсын, сіздерге «Көктем» әнін арнаймыз

Ән: Көктем

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар осымен Наурыз мерекемізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!


© 2010-2022