Сабақ оқытуда ақпаратты технологияларды қолдану

Раздел Музыка
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

УДК: 381.246.2


ЖОО студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар қолдану

Ақпараттық қоғамның дамуына байланысты білім беру үрдісін дамытуды ұйымдастыру мәселелері мыңызды орын алады. Адамзат бүгін теориялық білімді жетілдіруді қажет етуден басқа жаңа тәжрибелік дағдыларды игеріп, бұл дағдылар мен білімді ұдайы дамыту үстінде. Басқаша айтқанда, оқу мәдениетін заман талабына сай өмір бойы тұрақты игеру қажеттілігі туындауда. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану уақыттың жаңа асуларын өту үшін, әр адам өз саналы өмірінде ұдайы оқып, білімін дамыту мүмкіндігіне әкеледі.

Жобалауды даярлауға педагогикалық практиканың сұранысы мен оның педагогика теориясында жеткілікті қарастырылмағаны арасында қайшылық туындап отыр. Осы жоғарыда айтылған пікір келесі қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік туғызады:

-оқу үрдісіне атап айтқанда студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды ендіру қажеттілігі және оқытушылардың кәсіби қызметінде электрондық оқыту құрылғыларын зерттеуге және колдануға дайын еместігін, сонымен қатар, орта және жоғарғы оқу орындарына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды электрондық оқулықтарды жетік қолданып жұмыс жасайтын оқытушыларды дайындау қажеттілігі, сапалы оқу бағдарламалары мен электрондық оқулықтардың болмауы.

Оқытушылардың электрондық оқулықтарды методикалық қолдану ерекшеліктері, теориялық негіздер және практикалық қалыптастыру жолдары қандай?- деген сауал ғылыми зерттеу қажеттілігін анықтап, осы қайшылықтардың шешімін табуға ұмтылдырады. Әдістемелік құрал дайындау, студенттердің өздік жұмысына арналған электронды оқулықтың қолданудағы методикалық ерекшелігін анықтау және оқу үрдісінде пайдалану негізінде оқудың сапалылығын жоғарылату нәтижесіне ықпалын көрсету қазіргі заман талабы. Болашақ маманды оқыту, мамандыққа сай сапалы даярлау ғылыми тұрғыда негізделіп, практикалық түрде іске асырылу үрдісінде маманның даярлығы білім беру жүйесі алдына қойылып электрондық оқыту үрдісімен ұштастыра отырған жаңа талаптарға жауап береді, өйткені бұл оның жоғары кәсіби біліктілігін, құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Оқытушылардың студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды ендіру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының ғылыми жаңалығы негізінде келесі критерийлерді алуға болады:

- даярлау әдістемесін жоғары оқу орнының оқыту процесіне электрондық оқыту құралдарын енгізу арқылы оның тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу;

-әдістемесін жоғары оқу орнының оқыту процесіне педагогтың методикалық ерекшеліктері және оқу үрдісінде бір тұтас мағаналы, оқу талаптарына сай электрондық оқыту құралдарын ғылыми түрде және тәжрибе жүзінде пайдалану дәлелденуі;

-электрондық оқыту құралдарын (методикалық қамтамассыз ету, технология, материалдық қор) пайдалануда оқытушылардың оқыту әдістемелілігін болашақ кәсіби оқыту құзыреттілік тұрғы негізінде жобалау іс-әрекетіне даярлау үлгісі құрастырылуы;

Ақпараттық технологиялар аймағындағы білім, тәжрибе және дағдыларға негізделген электрондық оқыту даму үрдісін зерттеп жүзеге асыру кезінде электрондық оқыту құралдарынының және электрондық оқыту нұсқаулықтарының қолдануының методикалық ерекшеліктерін анықтау.

Электрондық оқыту құралдарынының негізгі құрал-жабдықтары және қолдану технологиясы нақтылау;

Оқу үрдісіне электрондық оқытуды ендірудің педагогикалық жағдайлар комплексіне қойылатын басты талаптар:

- электрондық оқыту құралдарын құру кезінде қолданылатын бағдарламалық жабдықтау, әмбебаптығымен және көп функциональдығымен ерекшеленуі;

- методикалық әдістеменің құрылымдық модулдері кәсіптік мамандар дайындауда қажетті шарттармен толық қамтылуы;

- методикалық әдістемеде технологиялық, жүйелік, қолдану және тиімділік жөніндегі талаптар орындалуы;

- методикалық әдістемеде жұмыс жасау деңгейлеріне және жеке ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі студент топтарымен жұмыс жасау үшін оқытушылар және білім беру талаптары сұраныстары нақтылануы;

ЖОО оқытушыларының студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды электрондық оқыту құралдарын ендірудің маңызы зор.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Агапова О.И., Кривошеев А.О., Ушаков А.С. О трёх поколениях компьютерных технологий обучения // Информатика и образование, 1994, №2. - С. 34-40.

  2. Андреев В.И. Педагогическое управление самостоятельной работой студентов на современном этапе. Методические рекомендации для преподавателей / В.И. Андреев, Ф.Л. Ратнер, М.А. Верещагин. - Казань: КГУ им. В.И. Ульянова-Ленина, 2003. - 16с.

  3. Бабанский Ю.К. Как оптимизировать процесс обучения. - М.: Знание, 1978. - 48с.

© 2010-2020