Поурочные планы по музыке и самопознание

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Музыка

Сынып: 2 Күні 19.01 Сабақ № 18

Сабақтың тақырыбы : Қытайдың дәстүрлі музыкалық театры

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды қытай халқының дәстүрлі

музыкасымен таныстыру

Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу

қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды талғампаздыққа ,ұйымшылдыққа

тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақ түсіндіру

Қытай музыкасы:

Қытай музыкасы - Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды. Оған Орта Азия, Орталық және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде Қытай мемлекетінің кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, монғол, маньчжурлар) музыкалық элементтерін бойына сіңірді. Өзі де Корея, Жапония, кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиты алабыхалықтарының музыкаларына үлкен әсер етті. Қытай музыкасы ертеден діни, философиялық-идеологиялық ілім негізінде дамыды. Конфуцийлік трактаттарда музыка табиғатының космологиялық концепциясы зерттелді. Оның мемлекетті баскарудың бір тәсілі, адамдарды тәрбиелеудегі маңызды фактор және әлеуметтік үйлесімділікке жету құралы ретіндегі әлеуметтік-саяси рөлі атап көрсетілді. Даосизмнің түсініктері бойынша, музыка адамның табиғи психоэмоционалдық реакцияларының көрінуіне және оның табиғатпен бірігуіне мүмкіндік жасау керек. Буддистік дүниетаным музыкадағы мистикалық негізді атап көрсетті, ол болмыстың мәнін ұғынуға, адамның рухани жетілу кезіне көмектеседі. Музыкадағы көп дәрежелі символикалық ойлау жеке музыкалық үндердің, музыкалық аспаптардың, музыканың түрлері мен жанрларының әлемнің элементтері мен әлеуметтік-саяси жүйелерімен сәйкес болуын бейнеледі

Әйгілі сазгерлердің ішінде: Ли Хуаньчжи, Лю Чжи, Цюй Си сяньэр, Цюи Вэй,Чжу Цзянь және т. б. бар. Музыка танушылар ішінде: Ян Иньлю, Люи Цзи,Вань Юйхэ; орындаушьщір ітттінде дирижерлер - Ли Дэлунь, Ян Лянкун; әншілер - Чжоу Сяоянь, Вэй Чисянь, Ху Сунхуа; пианистер: Вэй Данвэн, Ли Чжэн; скрипкашылар - Шэн Чжунгр, Ху Хуэн, Сюэ Вэй; халық аспаптарында орындаушылардың ішінде Лю Дэхай (пипа), Чжан Чжэхуа(эрху), У Диньлюэ, У Вэнгуан (цинь) бар. ҚХР-да шамамен 40 музыкалық журналдар шығады, соның ішінде "Жэньмин инью" ("Халық музыкасы"), "Иньяньцзю" ("Музыкалық зерттеу"), "Чжунго иньюэсюэнің" ("Қытай музыкатануы") орны ерекше. Жыл сайын музыкалық фестивальдар өткізіліп тұрады. ҚХР-да (1988) Пекиндегі Орталық мемлекеттік опера театры және Қытай театры, Пекин мен Шанхайда ба лет театры, Пекиндегі симфониялық оркестрлер, Қытай халық аспаптарының орталық оркестрі, Шығыс халықтарының ән-би ансамблі, Орталық ұлттық ән-би ансамблі жәнө бірнеше ансамбльдер бар. Музыканттар одағы, 8 жоғары оку орындары жұмыс істейді

Қорытындылау : Сабақты сұрақтар қою арқылы бекіту

Бағалау: Оқушыларға тиісті бағасын қою

Үйге тапсырма: Тақырыпты үйден оқып келу



Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Музыка

Сынып: 4 Күні 26.01 Сабақ № 20

Тоқсандық тақырыбы: Еуропа театрларына саяхат

Сабақтың тақырыбы: Еуропаның атақты опера театры - Ла-Скала

Сабақтың мақсаты:

Жалпы опера театрлары туралы жан- жақты мағлұматтар беру.

Білімділік мәні : Театр туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.

Тәрбиелік мәні : Театр халық өмірін , тарихи шындықты, табиғат көріністерін баяндайтын, сахнада көрсете білетін мәдени шаңырақ екендігін жеткізе білу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы:

1. Опера дегеніміз және опера театрлары деген не?

2. Опера театрларының шығу тарихы туралы не білесің?

Жаңа сабақты түсіндіру: Еуропаның атақты опера театры - Ла-Скала.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Сабақтың барысы:

  1. Опера - театр сахнасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма.Театрдағы ең басты адам - режиссер. Суретшілер режиссерге сахнаның декорациясын жасауға көмектеседі.Ал модельер болса сахна әртістерінің киім үлгілерін даярлайды.

  2. Театрдың өзіне тән бірнеше ережесі бар:

Бірінші ереже: Кешікпей келуің керек. Гардеробқа сырт киіміңді шешіп қоясың. Өйткені театрда сырт киіммен жүруге қатаң тыйым салынған.

Екінші ереже: Өте сыпайы болу керек. Егер театрға уақытынан кешігіп қалсаң, орныңды іздеп,көрермендерді мазаламағаның дұрыс болады. Ең дұрысы, бос орындардың біріне немесе балконға жайғасып отырғаның жөн.

Үшінші ереже: Шулауға болмайды. Театрға кіргенде ұялы телефонды сөндіріп қою қажет.Спектакль немесе концерт өтіп жатқанда сусын ішіп, балмұздақ жеуге болмайды. Бұл үлкен әдепсіздік болып саналады.

Төртінші ереже: Әртістер мен музыканттар сахнадан кеткенше күту керек. Көрермендер қол шапалақтап, алғыстарын білдіреді. Содан соң залдан шыққан жөн.

«Ла Скала» - (La Scala) әлемдік опера мәдениетінің дамыған орталығы. Опера театрының ірге тасы 1778 жылы яғни XVI ғасырда қаланған. Бұл театр әлемдегі ең әдемі сәулетті құрылыс болып есептеледі. Театр сахнасы аса үлкен болмаған. Көрермендер доға түрінде биік етіп салынған бес қабаттан тұратын ложаларға жайғасып отыратын болған.

Ложаға 8-10 адамнан артық адам отырмаған. Залдың орталық бөлігін партер деп атайды. Партерде орналасқан орындықтар жиналмалы әрі жылжымалы болған. Өйткені театрда тек қана опера ғана емес, онда түрлі би балдары мен корридалар да өткізіліп отырған.

XIX ғасырдан бастап театр тек музыкаға арналған опералық театр болып қалыптасады. Театрға арнап әлемнің ең дарынды композиторлары өздерінің ғажайып операларын жазады. Ал әлемнің ең танымал опера әншілері мен дирижерлары «Ла Скала» театрының сахнасында болуды өмірлік мақсат еткен Сонымен бірге Еуропа, Америка, Жапонияның бай саяхатшылары «Ла Скала» театрында болғанды өздеріне мәртебе санаған.

Қорытындылау:

1. Опера дегеніміз не?

2. Театрдың өзіне тән ережесі қандай?

3. Театрға барғанда өзіңді қалай ұстауың керек?

4.Ла Скала театры туралы не білдің?.

Үйге тапсырма. Еуропаның атақты опера театры - Ла-Скала. Театрға арналған ережені жаттау.

Бағалау.



Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Музыка сабағы

Сынып: 2 Күні10,17.09 Сабақ № 2-3

Сабақ тақырыбы: Құрманғазының «Бұқтым -бұқтым» күйімен танысу

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Бұқтым- бұқтым күйінің шығу тарихымен таныстыру, дамытушылық: баланың есте сақтау қабілетін, тіл байлықтарын дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ержүректілікке, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Сабақ типі: дәстүрлі

Сабақ түрі: аралас

Әдіс -тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік

Көрнекіліктер: күйтабақ, үлестірмелі қағаздар,тақия, слайд, сиқырлы домбыра

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақ мазмұны

I.Ұйымдастыру

кезеңі


II. Өткенді қайталау









III. Жаңа сабақты түсіндіру












IV. Жаңа сабақты бекіту





V. Сергіту сәті


VI. Қорытындылау



VII. Бағалау

-Сәлемет пе балалар?!

- Сәлеметсіз мұғалім!

(домбырамен ойнап)

Бүгінгі сабағымызда Құрманғазының «Бұқтым-бұқтым» деген күйімен танысамыз.

Күймен таныспас бұрын мынандай

сұрақтарға жауап беріп көріңдер.

- Күй дегеніміз не?

- Күй дегеніміз- аспапқа арналып жазылған музыкалық шығарма. ( бірнеше оқушының жауаптары тыңдалады)

Күй қай аспапта орындалады?

- Біз қай компазитордың күйлерімен танысып жатырмыз?

- Біз Құрманғазы атамыздың күйлерімен танысып жатырмыз.

Қазір бір ойын ойнап жіберейік.Ойынның аты «Күйді тап!» деп аталады.

Мен қазір сендерге осы күнге дейін танысқан, Құрманғазы атамыздың бірнеше күйлерінен үзінді тыңдатамын. Ал сендер оны мұқят тыңдап,қай күй екенін ойланып отырып табуларың керек. Алдыларыңдағы үлестірмелі қағаздарыңда күйдің аты жазылған. Жауаптарыңды сол қағазды көтеру арқылы білдіріп отырасыңдар.Ал сендердің жауаптарыңның дұрыстығына мына сиқырлы домбыра жауап береді.Жауаптарың дұрыс болса домбыра сөйлеп қоя береді. Ойынның шарты түсінікті болса ойынды бастайық.

1. «Аман бол, шешем аман бол»

2. « Арба соққан»

3. « Түрмеден қашқан»

4. « Кісен ашқан»

5. « Қызыл қайың»

( жауаптың дұрыстығын сиқырлы домбыра арқылы анықтап, мадақтап отырамын)

-Балалар, сендер барлық күйді жақсы біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болып тұрмын.Ал, қазір Құрманғазы атамыздың тағы бір күйімен танысамыз. Күйдің аты «Бұқтым - бұқтым» деп аталады.

Балалар, бұқтым- бұқтым деген сөзді қалай ұғасыңдар?

Мен сендерге сол күйдің тарихын айтып берейін.Сендер мұқият тыңдаңдар.

Құрманғазы түрмеден қашып үйіне келеді. Үйіне келсе, анасы жалғыз отыр екен. Анасы Құрманғазыға бар болған мән- жайды айтып береді. Әйелі мен баласын құғыншылар алып кеткенін естіген Құрманғазы қарап қалмайды. Оларды құтқарып алуға жолға шығады. Күн жүреді, түн жүреді. Сөйтіп алыстан әйелі мен баласын алып кеткен қуғыншыларды байқап қалады. Олар байқап қоймасын деп Құрманғазы сайға да бұғып, жыраға да бұғып, ақырын басып олардың жанына жақындайды. Қараса қуғыншылар мылтықтарын тасқа сүйеп қойып ұйықтап жатыр екен. Құрманғазы олар оянып кетпесін деп ақырын дыбыстап әйеліне белгі береді. Құрманғазының дыбысын танып қойған әйелі ақырын басып дыбыс шыққан жаққа қарай жүреді. Құрманғазы оларды аттарын қойған жаққа жіберіп, өзі ақырын басып таста сүйеніп тұрған мылтықтың біреуін алып ақырын басып қашып кетеді. Таңертең қуғыншылар оянса Құрманғазының әйелі де баласы да жоқ. Содан олар бастықтарына өтірік айтады. Құрманғазының әйелі мен баласы қашып кеткенде қасқырлар жеп қойды , ал біз қасқырлармен арпалысып жүргенде бір мылтығымызды суға түсіріп алдық дейді. Ал Құрманғазы болса, аман - есен әйелімен баласын алып үйіне оралады. Үйіне келіп, дем алып, барлық болған оқиғаны есіне алып, сол оқиғаға «Бұқтым- бұқтым» деген күйін шығарады.

Қазір барлығымыз осы «Бұқтым - бұқтым» күйін тыңдайық. Күй тыңдағанда қалай отыру керек? Менің әңгімем бойынша күйді тыңдай отырып болған оқиғаны елстете отырыңдар.(күй тыңдайды)

Балалар, көз алдыларыңа не елестеді?

Құрманғазының бұл күйі де сөйлеп тұрған сияқты.Қазір ,балалар күйді тағы бір рет тыңдап, көрейік.бұқтым- бұқтым деген жерлерін естігенде Құрманғазы аталарыңның жүрісін көрсетіп көріңдер.

Өте жақсы балалалар.

Сонымен бұл күй қалай аталады екен?

  • Түрмеден қашып шыққан Құрманғазы қайда келеді?

  • Құрманғазы шешесінен қандай хабар естиді?

  • Әйелі мен баласын кімдер ұстап алып кеткен екен?

  • Құранғазы не істемекші болады?

  • Солдаттар патшаға не деп мәлімдеді?

  • Сендер Құрманғазының орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар. Адамдар жақын адамдары үшін отқа да суға да түсуге дайын болу керек.

  • Жақсы балалар, қазір сабақты күй үйренумен жалғастырамыз.

  • Қазір өзімізді күйшіміз деп елестететіп,. үлкен сахнада өнер көрсетіп отырмыз деп ойлайық. Қазір күйдің әуеніне беріліп домбыра ойнап көрейік.

  • Өте тамаша!

  • Сабағымыздың соңында қазақтың ұлттық ойыны «Тақия тастамақ» ойынын ойнайық. Музыка әуенімен тақияны кезек- кезек киіп, музыка тоқтағанда тақия кімде қалса сол бала тақияны басына киіп тұрып, сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін біз қандай күймен таныстық?

  • «Бұқтым- бұқтым» күйін кім шығарған?

  • Құрманғазы атамыздың анасына арнап жазған күйлерін ата.

  • Құрманғазының баяу ойналатын күйін ата

  • Біз үйреніп жатқан күй қалай аталады?

-Балалар, сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет! Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!

Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Өзін-өзі тану

Сынып: 1 Күні 22.01 Сабақ № 19

Тақырыбы: Қамқор болып өсемін.

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

- қамқорлық туралы түсінік беру;

- адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

- қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал: бейнетаспа.

Поурочные планы по музыке и самопознаниеТыныштық сәті

- Сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық.Ол үшін жайғасып отырайық. Ыңғайланып отырыңыздар.

(Табиғат сұлулығы , әуен қою)

Көзіңізді жұмыңыз. Бірнеше рет терең демалып, дем шығарыңызда босаңсыңыз. Өсіп тұрған бір түп роза гүлін көзіңізге елестетіңіз. Бұл түпте гүлдер мен бүршік жармаған қауыздар өте көп. Енді зейініңізді ашылмаған бір қауызға аударыңыз. Ол әлі түкте ашылмаған, айналасында жасыл құрсау секілді жапырақтары бар, алайда ең үстінде қызғылт ұшы көрініп тұр. Осы бейнеге бар назарыңызды бағыттаңыз да санаңызға ұстаңыз. Енді айналасындағы жасыл құрсау жайлап, бірте - бірте ашыла бастады, төменге қарай бұралып, қызғылт гүл жапырақшалары көріне бастады. Сіз толық ашылып келе жатқан раушан гүлін бақылап отырсыз......

Енді гүлдің жапырақшалары да ашыла бастады, оның өзіне ғана тән иісін сезініңіз. Ендігі кезекте раушан гүліне күн сәулесінің келіп тұрақтағанын байқаңыз. Ол гүлге жылулығы мен жарығын сыйлап тұр... Біршама уақыт назарыңызды гүлге шомылған раушан гүліндей ұстаңыз. Гүлдің дәл жүрегіне үңіл. Сіз ол жерден бір дана тіршілік иесінің пайда болғанын сезінесіз. Ол сізге сондай бір сүйіспеншілік пен түсіністікке толы көзбен қарайды. Сіз онымен осы сәттің сіз үшін сондай маңызды екендігі туралы сөйлесіңіз. Ұялмай одан сізді толғантқан сұрақ туралы сұраңыз. Осы сәті сол қиын мәселеңізді шешу үшін пайдаланып қалуға тырысыңыз. Енді өзіңізді раушан гүлімін деп елестетіңіз. Сіз осы гүлге айналып кеттім деп ойлаңыз... Раушан гүлі мен ондағы дана тіршілік иесі сізбен бір екенін түсініңіз, олардың жақсы қасиеттерінің сізге де қонып жатқанын сезініңіз. Символикалық тұрғыдан алғанда сіз осы раушансыз, осы гүлсіз. Осы гүлге нәр беріп, тіршілік беріп тұрған құдірет сізге де сондай нәр беріп, бар мүмкіндіктерің мен ойларыңды дамытатын ой керек.

  • Балалар көздеріңізге не елестеді?

Қандай әсерде болдыңыздар?

-Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Мультфильмі көрсетіледі.

Поурочные планы по музыке и самопознаниеКөрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.

- Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?

- Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?

Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:

  • Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.

Сергіту сәті «Көлеңке»

Оқушылар көлеңке рөлінде, ал мұғалім ортада жүргізуші болады.

Мұғалім:

-Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Құмырсқа қалай жүреді?

Көрсетші менің көлеңкем.

Оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді.

Мұғалім:

-Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Құстар қалай ұшады?

Көрсетші менің көлеңкем.

Оқушылар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді (басқа да жан-жануар, жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты).

Поурочные планы по музыке и самопознание Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың қамқорлық жайлы түсініктерін тереңдету мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді. Сосын балалар өздері оқып шығады. Мазмұнын түсінген соң балалар сұрақтарға жауап береді.

Балапан мен мысық

Д. Мамырова

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар мәз болып әсем әуенге басты.

- Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?

Поурочные планы по музыке и самопознаниеШығармашылық жұмыс

Сабақта шығармашылық жұмыс бойынша оқулықта берілген суреттерге қарап, оларға қандай қамқорлық жасау керектігін айту тапсырылады. Оқушылар бұл жумысты жекелей немесе топпен орындауларына болады. Балалар жұмыс нәтижесін сынып алдында жария етеді.

Поурочные планы по музыке и самопознаниеЖаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларды оқу ақпаратымен таныстырады. Оқу ақпаратында «Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді» деп айтылған. Оқушылар ақпаратпен танысып, мұғалімнің басшылығымен өз ойларын қосып түйіндейді.

Ойын

Балалардың белсенділіктерін арттыру үшін «Ұядағы балапандар» ойыны өткізіледі.

Оқушылар «балапан», «қарақұс», «ұя» сөздерін айта отырып үш топқа бөлінеді. «Ұя» тобы шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Шеңбер ортасына «Балапан» тобы жайғасады. «Қарақұс» тобы қапысын тауып ортадағы балапандарды шеңберден шығарып алуға тырысады. Оларды «ұя» тобы қорғайды. Егер «қарақұс» тобынан бір бала шеңбер ішінде қалып қойса, онда ол «балапан» тобының бір оқушысын шеңбер ішінен шығарып алса, ол оқушы «қарақұс» тобына қосылады. Осылайша ойын жалғаса береді. Саны көбейген топ ойынның жеңімпазы аталады.

Қорытындылау

Мұғалім сабақты қорытындылайды:

-Қамқорлық-адамның адамға, адамның табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы. Біз бүгінгі сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік.

Поурочные планы по музыке и самопознаниеДәптермен жұмыс

Мұғалім: «Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тоты құс, қоян, лақ, қозы, т.б.) суретін салыңдар» -деген тапсырма ұсынады.

Поурочные планы по музыке и самопознаниеСоңғы тыныштық сәті

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

Мектеп: «Топқайың орта мектебі»КММ Өзін-өзі тану

Сынып: 8-сынып Күні Сабақ №12-13

Оқушылар саны:

Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан»

Құндылықтар: Адамгершілік.

Қасиеттер: адамдарға тілеулес, ізгі ниетті болу, қоршаған ортаға құрмет, ешбір жан мен затқа ойымен, әрекетімен де жамандық жасамау.

Көрнекіліктер: бейнематериалдар, музыка әуендер, слайдтар.

Құрал жабдықтар: персоналды компьютер, флэшка.

Сабақ типі:Дәстүрлі

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық: айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:


Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.

Қажетті құралдар: оқулық, плакат, гүл, үнтаспа, желім, қайшы, суреттер. Тақтада: «Достық әлемі» сөзі.


Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезені. Тыныштық сәт:

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  1. Қандай әсер алдыңдар?

  2. Көз алдында не елестеді?


ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Достық деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
2.Достың көп болуы мүмкін бе?

3.Нағыз дос қандай болу керек деп ойлайсың?
Ендеше бүгін, біз достық туралы әңгімелесеміз. Өткен сабақты еске түсірейікші. Біз қандай баламыз?
Иә бақытты балаға көп дос керек екен.
1.Сендерге достар керек пе?

- Ал, кезекпен айта қойыңдар. (ән ойналып тұрады) Оқушылар кезекпен өз досы туралы әңгімелейді.
2. - Балалар сүйікті достарың бар ма?
- Кімдермен дос болуға болады?
- Олай болса, біз қазір достарымызға жүрекжарды тілектерімізді жазайық- Ол үшін өздерің қалаған түрлі - түсті дөңгелек қағаздарды ала қойыңдаршы (атап ашу)
- Неге бұл түсті таңдап алдыңдар? (оқушылардың жауабы)
- Сары түстер - сүйкімді балапанға
- Көк түстер - ашық аспан астына
- Жасыл түстер - жасыл табиғатымызға

Мәтінмен жұмыс «Екі дос» әңгімелеп беру


Мұғалім сөзі:
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар достық қажет пе? (мақал)
- Адаммен адам ғана дос бола ма? (балалардың жауабы)
Дәйексөз

«Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады».

Цицерон

Дәйексөзді талдау .

Жағдаяттарды талдау

  • Арманның айбекке деген қандайниетін аңғардыңдар?

  • Оқиғаның соңы қалай болады деп ойлайсыңдар?

  • Досың қиналғанда қол ұшын берген сәтің болды ма?

V. Қорытынды:
Ал, сендер достарыңмен әрқашан бірге болу үшін, мен сендерге бір аңыз айтып берейін. Сендер оның кейіпкері боласыңдар.

- Ертеде бір ата болыпты. Бір күні балаларын шақырып:
- Міне, сендерге бір - бір таяқшадан беремін. Оны сындырып көріңдерші. (балалар сындырады)
- Қалай сынды енді, біріккен таяқшаны сындырыңдаршы. Бір - бірлеп жүрсеңдер сендер де тез сынасыңдар, бәрің бірге жүрсеңдер ешкім сендерді сындырмайды. Тату - тәтті болу керек. Бірлік бар жерде тірлік бар.
- Сендердің достарыңа қуанып, біздің әсем гүліміз одан сайын жайқала түсіпті.

Соңғы тыныштық сәті
- Қол ұстасып, дөңгеленіп тұра қалайық та достығымызды бір - бірімізге жеткізейікші. Мысалы: (атын атау), мен сенімен достасқаныма қуаныштымын. .....сенімен дос болғым келеді.
- Ендеше, әрқашан досымызбен бірге болып, келесі сабағымызға барайық. (ән әуенімен оқушылар сыныптан шығады).

ІІ сабақ

Сұрақ:

  • Достардың үнемі бір көзқараста болуы мүмкін бе?

  • Досыңның қателігіне, кемшіліктеріне көз жұма қарайсың ба?

Жағдаяттарды талдау.

1 жағдаят бойынша сұрақ:

  • Сарман дұрыс істеді деп ойлайсың ба? Оның істегені нағыз достыққа жата ма?

  • Оның орнында сен болсаң не істер едің?

2 жағдаят бойынша сұрақ:

  • Айша не себепті бармады деп ойлайсың?

  • Сендерде сондай жағдай болса не істер едіңдер?

Дәйексөз.

Жақсымен дос болсаң - жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң - қаларсың ұятқа.

Мақал

Соңғы тыныштық сәті

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!



© 2010-2022