Ел еркеси Акан сери 3 сынып

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сардарбекова Куралай №156 мектеп

I тоқсан 1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ел еркесі Ақан сері. «Маңмаңгер»

Сабақтың мақсаты: Ақан сері шығармашылығымен танысу.

Білімділік: Қазақ өміріндегі сал -серілердің алатын орны. Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихымен танысу.

Дамытушылық: Ән айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың төрт түлікке деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақ барысы:

1.Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихы жайлы әңгімелеу.

Қазақ халқының музыкалық дәстүрінде сал- серілер орны айрықша. 19 ғасырда кеңінен етек алған сал- серілік өнер муызкалық мәдениетімізде елеулі із қалдырған және өнер тұлғаларының есімі айқындалған дара дәуір болып табылады. Атап айтқанда, киелі өнердің көрнекті қайраткерлері Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Майра, Естай, Нартай, Кенен т.с.с.

«Сал мен серінің ерекше қасиеттері әрі ақындығы, әрі әншілігі, әрі күйшілігі, әрі сауыққойлығы, елге қуаныш беретін, олардың жүрегіне жарық сәуле түсіретін зиялылығында», дейді әйгілі ғалым Әлкей Марғұлан.

Ақан сері қазақ ән өнерінің алтын көмбесіне қалдырған қайталанбас туындылары бүгінге жетіп отыр. Ақан сері дегенде оның әйгілі Құлагері қатар айтылар музыкалық образ деп айта аламыз. Осыған орай жаңа сабақтың тақырыбында Ақан серінің Құлагерге арнаған «Маңмаңгер» әні. Оқушыға сал -серілік өнер жайлы түсіндіре отырып, әннің шығу тарихын баяндап беру, мазмұнын түсіндіру.

2.Музыка тыңдау: Ақан серінің «Маңмаңгер» әні.

Оқушылардың назарын әннің сөзі мен әуеніне аударту керек.

3.Ән орындайық: «Балалық шақ» Әнін жазған А.Маханбетова. Өлеңін жазған Ә.Асылбек.

Ән орындағанда, әсіресе, он алтылық ноталарға көңіл бөлген жөн. Әннің екпіні жылдам болғандықтан, сөздерінің анықайтылғаны дұрыс. Ән көңілді, жігерлі орындалады.

4.Біліп ал! Бұл айдардан оқушылар Ақан сері жайлы қосымша мәліметтер алады. Оқушылардың өзіндік жұмысы үй тапсырмасы ретінде беріледі.

5.Сұрақтарға жауап беру:

1.Ақан серінің шын аты кім?

2.Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған?

3.Құлагердің мінезі қандай екен?

4.Бәйгеге қанша ат қосылып еді?

5.Құлагердің жүрісіне арнап Ақан сері қандай ән шығарады?

6.Үйге тапсырма беру.

© 2010-2022