Презентация по музыке Симфониялық оркестрдегі ыспалы - ішекті аспапатар 4 класс

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін_________ 3.12.2015ж

4 сынып музыка

Сабақтың тақырыбы:Симфониялық оркестрдегі ішекті - ыспалы аспаптар

Сабақтың мақсаты: Симфониялық оркестрдегі ішекті - ыспалы аспаптар туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеті: Симфониялық оркестрдің ішекті - ыспалы аспаптарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту; музыкалық ұғым туралы түсініктерін кеңейту;

Сабақтың тәрбиелігі: Симфониялық музыкаларды қадір тұтуға, түсініп тыңдауға баулу.

Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, ән айту. Музыкалық сауаттылық, шығармашылық

тапсырмалар, т.б.

Сабақтың барысы:

Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Жаңа сабақ. Симфониялық оркестрдегі ыспалы - ішекті аспаптар.

Симфониялық оркестрде көптеген аспатардың ішінде скрипка жетекші орын алады. Басқа ешбір аспап дыбыс бояуымен техникалық шеберлігімен скрипкаға жете алмайды Оның дыбысы оркестрге сызылта шыққан әсем үн береді. Сондықтан ол Еуропада «Музыка ханшайымы» атағына ие болды. Скрипканың шығу тарихы Еуропада Х ғасырдан басталады. Ал бүгінгі түрі ХVI - XVII - ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі скрипкаға мүлдем ұқсамайды. Олар жуан мойынды, қысқа келген, қампиған қарынды бір - біріне өте ұқсас. Ол аспаптарды фидель және ребек деп атаған.

Скрипка мен қатар ішекті - ыспалы аспаптар тобын құрайтын - альт, виолончель және контрабас аспаптары. Бұл аспаптар симфониялық оркестр үшін ойлап табылған. Себебі , олар дыбыс кеңістігін мейлінше толтыру үшін қажет.Дыбыс бояуы (тембр) жағынан альт скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы қысыңқы, көмескі реңді болып шығады. Ансамбль немесе оркестр құрамында басқа аспаптармен дыбысы жақсы үйлесім табады.

Контрабас аспабы қана оркестрде қолдалынады. Ол өзінің қою және төменгі дыбысымен оркестрдегі барлық аспаптар сүйенетін тірек іспетті.

Ал виолончель дыбысының өзіне тән ерекше бояуы бар. Оның қоңыр да қою дыбысы Европа музыкасындағы қайғы мен мұң, аңсау мен күйініш сезімдерін жеткізе алады. Аспаптардың дыбыс биіктігі аспаптың өлшемі мен оған тағылған ішектердің ұзындығына байланысты. Неғұрлым аспап үлкейген сайын, соғұрлым дыбысының биіктігі төмендей түседі. Дыбысы ең жоғарғы аспап - скрипка болса, ең төменгі - контрабас аспабы.

Орындау кезінде скрипка мен альтты иыққа бұғақпен тіреу арқылы көлденең ұстап, виолончель мен контрабасты жерге тік тіреп ойнайды.

Бұл аспаптардың ең қарқынды дамыған шағы - XVIII ғасыр. Сонымен, скрипка тектес Еуропаның қазіргі ішекті - ыспалы аспаптары - альт, виолончель және контрабас оркестр үшін құрылып бүгін де оның негізі болып табылады..

Қорытындылау.

Скрипка тектес ішекті - ыспалы аспаптарды білесіңдер?

Альт, виолончель, және контрабас аспаптары не үшін қажет болды?

Бұл аспаптардың дыбыс бояуының ерекшклігі неде?

Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты?

Аспаптарды қалай ұстап орындайды?

Үйге тапсырма.Симфониялық оркестрдегі ыспалы - ішекті аспаптар туралы түсініп оқып, суретін салу.



© 2010-2022