Открытый урок на тему Қазақстанның фортепиано өнері

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:25.01.2016 ж Пәні: Музыка Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның фортепиано өнері

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Қазақстандағы фортепиано мектебінің дамуы жайлы кеңінен мәлімет беру

Дамытушылық:Өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, музыка пәніне деген ынтасын арттыру

Тәрбиелік: Өз халқының өнерін сүюге, әнші, күйші, өнерлі адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: ноутбук, оқулық, қосымша мәліметтер, т.б

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, ән айту, психологиялық тренинг

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, дауыс жаттығуларын орындату, оқушыларға психологиялық ахуал туғызу(Сәттілік тілеу тренингі)

Открытый урок на тему Қазақстанның фортепиано өнері

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен сабақты сұрақтар қоя отырып сұрау.

1)Алматы консерваториясының ашылуына кімдер ықпал жасады?

2)Консерваторияны ұйымдастыру барысында қандай қиындықтар болды?

3) Ол жерде кімдер білім алды? Т.б.Открытый урок на тему Қазақстанның фортепиано өнері

3.Үй тапсырманы қорыту:

Тест сұрақтары арқылы үй тапсырманы қорыту.

4. Оқушыларды жаңа білімді игеруге дайындау

1)Қазақстандағы фортепиано мектебінің дамуы жайлы әңгімелеу.

2)Музыка тыңдау: Жәния Әубәкірованың орындауындағы Ф.Листтің «Грезы любви» ноктюрні

3) Ән орындау: «Ақ көгершін» әні: А.Жұбанов, сөзі: Н. Баймұхамедов

4) Ойлан да айт! Сұраққа жауап беру.

5) Сұрақтарға жауап

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Ең алғашқы пианистер конкурсы консерваторияда 1947 жылы өткізілген болатын. Бұл конкурс Е.Ф.Гировскийдің атымен тығыз байланысты. Батыс Еуропада фортепиано аспабы 18 ғасырда пайда болды. Бұл аспап халықтың сүйікті аспабына айналды. Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады.Открытый урок на тему Қазақстанның фортепиано өнері

1945 жылы Алматы консерваториясында фортепиано сыныбы ашылып, студенттер кәсіби ұстаздардан дәріс ала бастады. Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Г.Н.Петров болды.Открытый урок на тему Қазақстанның фортепиано өнері

Орта Азия халықтары арасында пианистер конкурсы өткізілді.Ол конкурсқа Қырғызстан, Қазақстан,Өзбекстан мен Түркменстан пианистары қатысатын болды. Консерватория ректоры Ғ. Жұбанованың ұйымдастыруымен 1983 жылы пианистердің іріктеу туры өткізілді. Жәния Әубәкірова іріктеу турынан өтіп, Францияға жолдама алып қатысып келді. Т.б

6.Сыныпта жасалатын жұмыстар

1) Музыка тыңдау:Жәния Әубәкірованың орындауындағы Ф.Листтің «Махаббат арманы» атты шығармасын оқушыларға ноутбуктан тыңдату

2) «Ақ көгершін» әнін оқушылармен бірлікте орындауОткрытый урок на тему Қазақстанның фортепиано өнері

Ойлан да айт!

Не себепті адамдар музыка, сурет, би және спорт өнерінің түрлі сайыстарына қатысуға құштарлық танытады?(өз ойларын айту)

Жаңа білімді бекіту

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту

-Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?

-Фортепиано өнерінің дамуына кімдер ықпал жасады?

-Қазақтандағы қандай дәстүрлі сайыстарды білесіңдер? Т.б

Оқушы білімін бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды ынтасына қарай бағалау

Үйге тапсырма беру: Ғаламтордан Жәния Әубәкірова жайлы мәліметтер тауып келу. Атақты пианистер жайлы мәлімет жинау.



© 2010-2022