«Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы»

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы»

Оқушы: Сағынтай Ариназ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Күй туралы түсінік беру. Аспапта күй түрлерін түсіндіре отырып, күйді орындай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушының музыкалық қабілеттін арттыру, нота сауатын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыға күй тартуды үйрете отырып, қазақтың киелі домбырасын қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін таксеру, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Қол жургізу үшін Б.Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз» әнін ойнаймыз.

«Тау етегі бүлдірген» орыс халық әнін санап ойнау.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабаққа дейін әр түрлі әр түрлі әнмен шағын пьесалар орындап үйрендік . Домбыра аспабында тек әндер емес, күйлер үлкен шығармалар да ойналады. Сосын біз күй өнерімен танысатын боламыз. Домбыра тарту өнерінің негізі-күйшілік.

Жаңа сабақ: «Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы»

Күй- қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкалық жанры. Ерте кезден қазақ елі өз тіршілігінің барлық қырларын көкіректегі күйімен баяндаған.

Күй XІV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілеріне, нақты тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамиды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек бояуын тапты.

Күй табиғаты- өмір айнасы демекші ол халқымыздың мұрасы,халқымыздың тарихы. Күй- орындалу барысында төкпе және шертпе болып бөлінеді. Төкпе күй қара қағыспен төгіп тартылса, шертпе күй шертіп тартылады. Осындай күйлерді ұлы күйшілеріміз Құрманғазы , Дина Тәттімбет, Сүгір, Қазанғап тағы басқа күйшілеріміз қазақтың ұлттық күй мәдениетінің жан-жақты дамуына мол үлес қосты. Сонымен қатар күй өнерінде халық күйлері де кездеседі. Ол күйлердің авторы ұмыт болып кеткендіктен халықтың күйі деп аталған. Соның бірі халық күйі «Кеңес» күйін үйренетін боламыз. Ерте кездерде халықтың басына іс түскен жағдайларда ауылдың ақсақалдары кеңесіп шешім шығаратын болған. Осындай кеңесті көрген күйші «Кеңес» күйін шығарған.

Сергіту сәті:

Қолдарыңды көтеріңдер - бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық - екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та - үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

«Кеңес» күйі өлшемі 2/4, до мажор тональносінде жазылған. Төрттік, сегіздік ноталар кездеседі. Күй ұстамды ойналады. Күйде лига/іліп қалу/ кездеседі. Күйді ойнамас бұрын күйді орындап көрсетемін.

Дамыту: Оқушыға күйді бастамас бұрын лига әдісіне байланысты жаттығу орнату.

Халық күйі «Кеңес» нотамен талдау. Тактімен жұмыс жасау.

Бекіту: 1/ Күйдің неше түрі бар?

2/ Халық күйі дегеніміз не?

3/ Күй қалай ойналады?

Қорытындылау: Қазақ халқының музыкасының белгілі академигі А.Жұбанов «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы-домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ойы, көңіл күйі жатыр»-дегендей. Кеңбайтақ еліміздің түкпір-түкпірін шарлап, қазақ музыкасының небір інжу-маржандарын ұлы күйшілеріміз бізге жеткізген. Сол себепті қасиетті домбыра аспабын қастерлеп, үйіміздің төрінен орын алу керек.
Үй тапсырмасы: «Кеңес» күйін берілген жерге дейін санап ойнау

Бағалау: Жақсы

Өте жақсы




© 2010-2022