Музыка теорияның негізгі тәжірибесі

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәжірибенің теориялық негізі

Жұмыс барысында "музыка теория" пәні бойынша бірнеше әдебиеттерді кездестірдім,осы әдебиеттер "музыка теория" пәніне сай болып келеді. Бұған қоса арнайы әдебиеттің болашақ музыкант- ұстазға маңызы зор.

" Музыка теория негізі" курсында келесі жұмыс түрлері негізгі болуы тиіс:

 Теориялық материалдарды оқу;

 Жазбаша және ауызша жаттығулар;

 Фортепианода ойнау;

 Музыкалық шығармаларды талдау;

 Шығармашылық тапсырмалар.

Кәсіби музыкант болу барысында музыкалық терминдер мен негізгі түсініктемелер жиынтығын қабылдау ең басты қажеттіліктердің бірі болып келеді.

Теориялық материалдармен танысу музыкалық тәжірибеден бөлек болу тиіс емес. Музыкалық құбылыстарды түсіну және қабылдаудағы музыкалық есту қабілетінің негізгі болуын қарастыра отыра,жаңа тақырыптарды музыкалық әдебиеттердегі мысалдармен көрсету керек.

Музыкалық есту қабілетін дамыту және байыту үшін, әрқашан фортепианода жұмыс істеп отыру керек.

Музыкалық мысалдардың талдауы стильдік сезімді және музыкалық жан-жақтылықты дамытады.

Шығармашылық оқыту формасы- ол белгілі ырғақтық суреттің,аралықтардың,аккордтардың бөлек әуендері мен сөйлемдерін импровизациалау; хроматизм мен мелизмдедрді пайдалана отыра, аралық және аккордтық тізбектерді құра отыра, аккомпанемент құрастыра отыра әр түрлі тональдіктер мен құрылымдарда әуен шығару.

Оқушылар мамандық бойынша болашақ жұмыстарына қажет практикалық дағдыланып, негізгі түсініктемелер мен терминдерді білу керек.

Талдауды жасау үшін хор және вокалдық әдебиеттерді ұсыну қажет.

"Музыка теория негізі" сабақтарының формасы әр түрлі болуы мүмкін: жаңа материалды түсіндіру сабағы, түсінгенді практика жүзінде нақтылау сабағы, қайталау және бақылау сабағы.

"Музыка теория негізі" сабағын толығымен білу үшін, ұстаз оқушылардың үй тапсырмаларын дұрыс ұйымдастырып, қадағалауы тиіс. Орындалған үй тапсырмасын тексеру жеке сабақтарда жүргізіледі. Сонымен қатар әр оқушының дайындық көлемін және ерекшелігін байқау керек. Дайындалғандарға және дарындыларға қиынырақ тапсырмалар ұсынуға болады.

Жалпы музыка теория курсы оқу барысында үлкен орын алады. Музыка теориясының жаңа талаптары "қазақ халық аспаптары", "домбырамен ән салу", "хормен дирижорлау" бөлімдерінде екі семестрге бағдарланған, ал "ән салу", "музыкалық эстрада өнері" бөлімдері төрт семестрге бағдарланған. Сабақтар топтық және жеке болып өткізіледі.

Оқудың бірінші жылында музыкалық сауатты игеру ұсынылады. Бұл жалпы теория музыкасын әрі қарай оқу үшін үлкен рөл атқарады.

Топтық және жеке сабақтарды өткізу формалары: лекциялар, жаңа тақырыпты түсіндіру, конспект жазу, ауызша және жазбаша бақылаулар.

Әдістемелік ұстанымдарды ұстану маңызды:

 Әр тақырып оқытылатын музыкалық жаңалықтарды көрсетумен басталу керек;

 Теорияны оқыту сольфеджионың оқытылуымен тығыз байланыста болу керек;

 Теория курсы белгілі жүйеде құрылған;

 Әр жаңа тақырып меңгеріліп, әр сабақта қайталанып отырады;

 Оқудың ең басты кезеңінде меңгерілген тақырып брте- бірте толықтырылып, кеңею керек.

Жеке сабақ жүргізгенде мұғалім өткен тақырыпты бекіту үшін өзінің қалауы бойынша жаттығуларды таңдап алады. Барлық жаттығулар гаммаларды,аралықтарды, аккордтарды бүкіл тональдіктрде ауызша, жазбаша және фортепианода орындауда техниканы дамыту үшін арналған.

 Жеке сабақтарда үй жұмыстарын тексеріп, қателіктерді түсіндіріп дұрыстау керек.

 Фортепианода жаңа жаттығуларды орындау, ауызша және жазбаша, музыкалық мысалдарға талдау жасау.

 Өткен тақырыптарды қайталау.

Оқу барысы келесі ойға негізделеді: оқушы өзі оқу керек, алстаз оқу барысын қадағалауға,ұйымдастыруға,кеңес беруге міндетті.

Оқушы өз бетінше оқу арқылы оқу барысын жоспарлауға,өзін-өзі ұйымдастыруға, қадағалауға және бағалауға үйренеді. Бұл оған өзін қызметте бағалауға,білім деңгейін анықтауға, білімі мен шеберлігіндегі жетіспеушіліктерге көз жеткізеді.

Ұстаз,сөзсіз, оқушының оқу барысын қадағалайды. Негізінде, бұл мақсатты қадағалау. Мұнда жеке кеңес пен көмекке байланысты мәселелер туындамайды.


© 2010-2022