Халық аспаптары қалай құрылды

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?

Сабақтың мақсаты:Қазақтың ұлттық аспаптары туралы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтермен таныстыра отырып,бойына танымдық дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік:өтілген материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу,бекіту,үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.

2.Дамытушылық.Оқушылардың алдыңғы өткен сабақтарды қайталай келіп тілдерін,ой-өрістерін лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту,сөйлеу дағдыларын дамыту,оларды меңгерту,пікір алысуға үйрету.

3.Тәрбиелік:өнер адамдарының жетістектерін,өнегелі өмірін үлгі ету.Оқушылардың рухани эстетикалық талғамын дамыту,музыкаға қызықтыру.

Көрнекіліктер:әнші-сазгерлердің портреттері, қазақтың ұлттық саз аспаптарының суреттері,сөзжұмбақ,музыка..

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,қазақ әдебиеті,саз өнері,информатика.

Сабақтың түрі:саяхат сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:жеке жұмыс,топтық жұмыс,шығармашылық жұмыстар,сұрақ -жауап,іздендіру,ойландыру,сатылай көмплекстіталдау.

Пәнаралық байланыс:әдебиет,музыка,бейне өнері,информатика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2 «.Менің жақсы көретін аспабым» тақырыбына жазылған шығармадан үзінді оқылынады.

3.Сөздік диктант.(Суретпен жұмыс)

4.Білім әлеміне саяхат..

5.Сабақты бекіту.

6.Оқушылардың сабақ туралы пікірі.

ІІІ.Қорытындылау.

Негізгі бөлім.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Балалар,бүгінгі нәтиже сабақтың тақырыбы «Ұлттық аспаптар» деп аталады.Бүгін сендер өткен сабақта алған білімдерінді жинақтап,түйіндейсіңдер.Дәптерлерінді ашып,бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазыңдар.

Жаңа сабақты өткенсабақпен байланыстыру.

«.Менің жақсы көретін аспабым» тақырыбына жазылған шығармадан үзінді оқылынады.

Сөздік диктант.(Суретпен жұмыс)

Білім әлеміне саяхат

Сабағымызды саяхат түрінде жүргіземіз.

Сабағымызды өткізу үшін екі топқа бөлінеміз.

Бірінші топтың аты «Домбыра», екінші топтың аты «Қобыз»

Сайыстар бестік ұпаймен бағаланады.

Енді сөзді екі топқа береміз.

Топ басшылары өздерін таныстырады.

І-топ «Домбыра»

Ұраны «Өнер,білім, бәрі де

оқуменен табылған»

Домбырадай күмбірлеп,

Сайысқа біз түсеміз.

Жетістікті тағдыр емес,

Білім ғана анықтар.

ІІ-топ «Қобыз»

Ұраны: «Қай істе де өнер қолдан,өнерлі адам жеңер болған.»

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалады.

Саяхатымызды бастаймыз.Бірінші саяхатымыздың аялдамасы «Тарих».Қазір көне аспаптарымызтуралы дайындаған мәліметтерімен екі топ жеке-жеке таныстырады.

1.Ұлттық аспаптардың тарихымен таныстырады.(әр топ өздері дайындаған презентациясын қорғайды).

2.Көрініс.

«Тарих» аялдамасынан шығып «Әдебиет» аялдамасына тоқтаймыз.

Оймен,кәне, өсейік

«Мені таны» ойын өткізейік.

.Ойынның шарты:экраннан бір-бірден күйші-сазгерлердің портреттері көрсетіледі.(Құрманғазы Сағырбайұлы,Дина Нүрпейісова,Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ,Абай, «Ұлытау тобы»

Қазақтың күйші-сазгерлері туралы пікірлесу.

ІІІ. «Сөзстанға»саяхат.Сөздік диктант.Суретпен жұмыс. Өзара тексеру

4. Грамматикаға саяхат.

«Кім жылдам?»ойыны.

Шарты:

1.Әр топ өздеріне берілген кестені бірінші болып толтырулары керек.

2.Кестені жылдам,әрі қатесіз толтырып, сөздердің байланыс тәсілдерін дұрыс түсіндірсе топқа 5 ұпай беріледі, егер кестені жылдам толтырып, бірақ қатесі көп болса, онда қатесі аз 2-топқа4 ұпай беріледі.

Тапсырма.Берілген сөз тіркестерді сөздердің байланыс түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар.

биыл бітірді, құстардың ұшуы, шарықтап үшу, сіздер жеткіншексіздер, жібек орамал, қалтасынан алды, әдейі келу, менің әдетім, сол арқылы білдім, кімнің сұрағы, Аянның добы, айтуға тілім жетпейді, Абай көшесі, терезені ашты, ағасының түрін, етікші бала,мен жазушымын, жалғыз аяқ жол, сен баласың, күміс алқа,кеше болды, жауынды жаз өтті,қызықты оқиға, ауыл тұрғындары.

5.«Талдау-табыс кілті»

Сеңдердің сатылай көмплексті талдауды қалай меңгергендіктерің тексеріледі.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сабақты бекіту.

Әр топтан екі оқушы сөзжұмбақтарды шешкенше, басқа оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Балалар,сендер қандай қазақтың ұлттық аспаптарын білесіңдер?

-Абай Құнанбаевтың ән мен күй туралы қандай өлеңі бар?

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй.

Домбырада жақсы орындайтын шебер-орындаушыны білесіңдер ме?

(АйгүлҰлкенбаева,Бекболат Тілеуханов, «Ұлытау тобы»

-Шебер орындаушы туралы қандай тұрақты сөз тіркесті қолдануға болады.

«он саусағынан өнері тамған»

4.Оқушылардың сабақ туралы пікірі.

ІІІ.Қорытындылау.

Өзара бағалау.(рейтингтік жүйеде,балдық өлшеммен)

Мұғалім қорытынды жасап, әр оқушының білімін бағалайды.

Үйге тапсырма. «Өнер-ағып жатқан бұлақ» атты тақырыпқа эссе жазу.



© 2010-2022