Сабақтың тақырыбы: Келіншек халық күйі

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Келіншек халық күйіҚызылорда обылысы Шиелі ауданы

Әуез мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Келіншек» халық күйі


Пәні: домбыра

ОСабақтың тақырыбы: Келіншек халық күйіқушы: Бимағанбет Мерей

Сыныбы: 2

Оқытушы: Бимурзаева Құралай



2014-2015 жылы

ҚСабақтың тақырыбы: Келіншек халық күйіызылорда облысы, Шиелі ауданы Шиелі аудандық балалар әуез мектебінің Домбыра сыныбының мұғалімі Бимурзаева Куралай Абдисаматкызы

Сабақтың тақырыбы: «Келіншек» халық күйі

Сабақтың мақсаты: Оқушының күй ойнау шеберлігімен ынтасын арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап. Күйді тактілеп талдай отыра пернелерді таза ойнауға бейімделу.

Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, кітаптар, үнтаспа, тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушының сәлемдесуі.

Домбыра аспабын даярлау.

Оқушының дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақты бастау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

А) Жаттығулар орындату.

Ә) «Жастар биі» халық күйі.

Б) «Латвияның халық полькасы»

В) Шығарманы концертмейстер мен қосылып ойнату.

Жаңа сабақ

1.Халық күйлері туралы қысқаша мағұлмат беру.

Халық күйлері ұрпақтан-ұрпаққа жеткенімен, шығарған күйшілердің аты- жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталған. Ел ішінде он саусағы жоғарлаған шебер домбырашылар көп болған.

Олар өздерінің орындаушылық өнерімен тыңдаушылар құрметіне бөленіп отырған. Қазақтың халық күйлері орындаушылық әдіс-амалдарға,

өте бай. Күйшілер домбыраға құдірет бітіріп, неше түрлі дыбыс шығара

білген. Халық күйлері халықтың тұрмыс-салт көріністерін адамның тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп баяндайтын күй. Халық күйлері ғасырдан-ғасырға ұласа беретін тұтас музыкалық тұлға. Музыка

өнерінің ең бай саласы-күй өмірі.

Ел арасында тараған халық күйлер: «Көк дөнен», «Қоңыр», «Боз жорға», «Кеңес», «Кербез қыз», «Тепен көк», «Айжан қыз», «Айда былпым», «Сары өзен»т.б.

Халық күйлерінің бірі «Келіншек» күйіне тоқталайық.

Келіншек - жас әйел. Келіншек сөзі келін сияқты туыстық қатысты білдірмейді. Ауылға жаңа түскен келінді айтамыз. Келіншектің бойындағы инабаттылық, сыпайлық, ілтипаттылықты байқаған күйші оның талдырмаш, аққұба, шашы белінен оралған,сұлу бота көз аруды бейнелейді.

Үнтаспадан күйді тыңдату.

2. «Келіншек» күйдің өлшемімен, екпінін түсіндіру.

Біртектес құрама өлшем екі немесе одан да көп бірдей жай өлшемдердің

бірігуін білдіреді. 6/8 өлшемі-алты үлесті өлшем, бір үлес бір сегіздікке

тең.

6/8 өлшемге тақтаға шағын есеп шығару. Мысалы, 2/4+2/4=4/4, 3/8+3/8=6/8

3. Күйді тактілеп талдау, жеке-жеке ойнату.

Сабақты бағалау: Ойнау деңгейіне қарай.

Үйге тапсырма: «Келіншек» күйін тактілеп жай екпінде ойнап келу.

© 2010-2022