Разработка урока на тему Қазақстандағы опера өнері

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріРазработка урока на тему Қазақстандағы опера өнеріСабақтың тақырыбы: «Қазакстандағы опера өнері »

« Қыз Жібек» операсы.

Сабақтың мақсаты: опера өнері туралы толық мағлұмат беріп, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: тақырыпқа байланысты композитор шығармаларына, опера кейіпкерлеріне талдау жасау,үзінділер тыңдау, музыкалық сөздіктердің мағынасын білу.

Тәрбиелілік: опера өнерін дамытқан композиторларды біліп, оларға үлкен құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Топтық міндет: 1) оқушылар топқа бөлінеді және ой талқысына түседі

2) топтық жұмыс жүргізу арқылы жан-жақты ақпарат

алуға зор мүмкіндік туады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Әдістер: «Галереяны шарлау», «Әдебиет пәні үйірмесі», «Топтастыру», «Ой қозғау», «БҮҮ» стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: сазгер портреті, тақырыпқа байланысты суретті бетшелер, интерактивті тақта, үнтаспа т.б.

Сабақтың жүрісі

Қызығушылықты ояту бөлімі

« Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша оқушылар интерактивті тақтадан суреттерге назар аударады.

Сұрақ:

- мына суреттерде не бейнеленген?

-алдыңғы тақырыптардан білетініміздей опера дегеніміз не?

Сол арқылы опера өнерін еске түсіріп, оқушылар опера сөзін топтастырады.



Көлемді музыкалық -драмалық шығарма

Сахналық көріністер қойылады

Барлық сөз бен қимыл музыка арқылы

Симфониялық шығармалар орындалады

Хор, ансамбль, оркестр, жеке орындаушы қатысады

Опера

Түрлі киімдер дайындалады

Түрлі декарация дайындалады

Бірнеше жанрлар жиынтығы

II.Мағынаны тану.

Тақтаға опера сөзі топтастырылған слайдтан көрсетіледі.

Либретто, монолог

Ария, хор, баллада , т.б

Увертюра, симфония, антракт, картина т.б

Драматургия

Вокалдық музыка

Аспаптық музыка

Опера

Бейнелеу өнері

Хореография

Балет, би

Декарация, киімдер

Осы тізбек арқылы оқушыларға опера өнері қысқаша түрде түсіндіріледі де жеткілікті деректерді пайдалану арқылы оқушылар топқа бөліне отырып төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

Бұл «Әдебиет пәні үйірмесі» стратегиясы.

Рөлдер

Не істейді

1

Ізденуші

Опера өнері с. і. Қазақстандағы опера өнері туралы әңгімелейді.

2

Сөз тапқыш

Операға қатысты сөздіктерді теріп,оларға түсінік береді,

сөзжұмбақ құрастырады.

3

Қуғыншы не із қуушы

Композитор Е. Г. Брусиловский туралы мәліметтер жинайды,

шығармаларын, операларын әңгімелейді.

4

Сілтеме табушы

Операның қысқаша мазмұны, операдағы кейіпкерлердің бейнесін ашу үшін қолданылған сазгер шығармалары туралы

5

Кейіпкерді сипаттаушы

Опера кейіпкерлеріне мінездеме береді, музыка арқылы мысалдар келтіреді.

6

Бейнелеуші, суреттеуші

Операның мазмұнына байланысты суреттер салады. Операға байланысты музыкалық шығармалардан үзінділер тыңдап бейнелейді

7

Реттеуші

Мұғалім оқушылар жауабын реттеп отырады

1-топ-Ізденуші

Опера (италия тілінде ореrа-дәлме-дәл еңбек, туынды, шығарма)-музыкалы-драмалық шығармалардың бір түрі.Опера-вокалдық, аспаптық музыка,драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация,костюм) бірлестігінде негізделеді. Опералық шығарманың идеялық арқауы оның әдеби негізі- либретто. Вокалдық жеке орындалатын нөмірлер (ария, ариозо,баллада, монолог т.б.) опера кейіпкерініңойын, сезімін ерекше айқындаса, ансамблдер (дует, трио,квартет,квинтет т.б.)олардың ара қатынастарын аша түседі, ал хор көбіне халықтың образын бейнелейді.

2-топ-Сөз тапқыштар тобы:

Опера- Баллада-

Увертюра- Монолог-

Ария- Симфония картина-

Ариоза- Ансамбль-

лейбретто- ансамбль

Лейтмотив дует, трио, квартет,квинтет т.б.

3-топ-Қуғыншы не із қуушы тобы

Композитор Е.Г. Брусиловский 1905жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. (оқушыларға қосымша деректер беріледі)

Композитор шығармашылығы төмендегі тізбекте құрылады.

Шығармалары

Аспаптық камералық шығармалары

Симфониялық шығармалары

Опералары

Ән -хорға арналған шығарма

«Қыз Жібек» , «Жалбыр» , «Айман -Шолпан»и, «Ер Тарғын» , «Дудар -ай» , «Алтын астық» ,»Гвардия алға» т.б.

Фортопенияға арн. Экспромт пьеса, виртуоздық пьеса , «Боз айғыр» сюитасы т.б

«Шолпан», «Қос қарлығаш», «Гүлденген Қазақстан» , «Кел біздің ауылға», «Бейбітшілік туы берік қолда» т.б

«Сарыарқа» симфониясы, «Жалғыз қайың» , «Отыз жыл» , «Желдірме» симф.поэма , «Советтік Қазақстан» кантатасы , «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» балеті т.б



4-топ-Сілтеме табушылар тобы:

Операның қысқаша мазмұны:

Жібек есімді сұлу қызға алыстағы бір рудың жігіті Төлеген жолыққан соң, екеуі бірін-бірі ұнатып,қосылуға уәде беріседі. Бірақ бұрыннан Жібек сұлуда ойы болып жүрген өз елінің жігіті Бекежан мырза оған қалайда үйленуге серт береді. Жібектің ата-анасының ризашылығын алған Төлеген үйлену үшін өз ата-анасының рұхсатын сұрауға еліне аттанады. Бірақ Төлегеннің әкесі Базарбай баласына келінді өзі таңдайтындығын айтып, рұхсат бермейді. Әке қарсылығына қарамастан, ол Жібектің еліне қайтады.Төлегеннің қайта оралып келе жатқанын естіген Бекежан оның жолын аңдып жүріп, кездеседі де алдап достасады. Екеуі қоштасып кетіп бара жатқанда Бекежан Төлегенді ту сыртынан садақпен атып өлтіреді. Төлегеннің қаза болғанын естіген Жібек құздан құлап өледі.

Операдағы кейіпкерлер бейнесін ашу үшін Е. Брусиловский Жібек-Ы. Сандыбайұлының, М. Мералыұлының; Төлеген-халық әндерін; Бекежан-халық әннін қолданған. Мұндағы Ы. Сандыбайұлы да, М. Мералыұлы да халық композиторлары.

4.Кейіпкер сипаттаушы

«Қыз Жібек» операсындағы басты кейіпкер -Жібек. Операның негізгі лейтмотиві басты ариясыретіндехалық ақыны Ыбырайдың «Гәкку» әні алынған. Бұл әнді хор және оркестр орындап отырады. Әннен қоңыр қаздың қаңқылыестілгендей болады. Жібектің жан дүниесі, сұлулығы, мөлдір махаббаты нәзік сарынды «Гәкку» әнімен берілген.Жібектің қайғылы сәтінде Мұиттың «Дүние-ай» әні беріледі. Мұнда Жібектің құрбы қыздарымен, жақындарымен, туған өлкесімен қоштасатын көрінісінде көрсетіледі.

Халық әндері мен күйлерінің негізінде құрылған Төлеген бейнесі өзінің бақыты жолында қаза болған қажымас қайратты жігітті суреттейді.Төлеген бейнесі үш түрлі сазды (лирикалық ) әуенмен сипатталады. Олар: «Қос барабан», «Алқара-ай көк», «Қаракөз».

Операдағы жағымсыз кейіпкер -Бекежан. Операдағы Бекежан музыкасының сатыр-сұтыр дүлей боран соққандай екпінмен орындалатыны да сондықтан. Шеге-операдағы жағымды кейіпкердің бірі.

6топ-Бейнелеуші, суреттеуші

Бұл топтың шығармашылық жұмысы «Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша талданады. Яғни,олардың салған суреттері тақтаға ілініп, тыңдаған музыканы бейнелеу барысындағы жұмыстары топ ішінде талқыланады.

Дауысты жаттықтыру. Ма-ме-ми-мо-му; до-ре-до; т.б.

Ыбырай Сандыбайұлының «Гакку» әнін оқушыларға тыңдатып, үйрету.

3 Ой толғаныс

БҮҮ стратегиясы негізінде сабақ қорытындыланып,оқушылар стикерге өз ойларын жазады. Топтың жұмысы бағаланады.

Үйге тапсырма: «Қазақстандағы опера өнері», «Қыз Жібек»операсы тақырыбын оқу, «Гәкку»-әнін жаттау.



© 2010-2022