Шығармадағы мелизмдермен жұмыс жасау

Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШығармадағы мелизмдермен жұмыс жасауШЫҒАРМАДАҒЫ МЕЛИЗМДЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебі,

домбыра сыныбының мұғалімі

Кубегенова Жанар Инирбаевна

Пән аты: Домбыра

Сабақтың мақсаты: Мелизм мағынасын оқушыға шығарма арқылы ұштастыра жеткізу.

1.Білімділігі: Саз сырын және аспапта ойнау әдісін меңгерту.

2.Тәрбиелік: Шығармаға деген қызығушылығын,музыканы сүйюге және қастерлеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Оқушының танымдық іс-әрекетін арттырып, бейімділігін дамыту.

Сабақтың түрі: Дара сабақ.

Сабақтың әдісі: Жаңадан өтілетін шығарманы аспапта ойнап көрсету, түсіндіру,тыңдау,сұрақ-жауап алу. Оқушының қабылдау қабілетін қадағалау.

Пән аралық байланыс : Теория, музыка әдебиеті.

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Домбыра аспабы, пульт, буклет, оқулықтар, электронды музыкалық қазақ үй, плакаттар.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) теориялық ; б) практикалық

IV. Қорытындылау.

V.Үй тапсырмасы.

VI. Бағалау.

I.Ұйымдастыру. а) Сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру.

ә) Аспаптың құлақ күйін келтіріп, дайындау.

II.Ұй тапсырмасын тексеру. Бетховен «Контрданс» 16-такт жаттау және, соңына дейін санап ойнап келу.Оқушының аспапта дыбыстарды таза алып, ойнауын қадағалап отыру.Түсініксіз тұстары болса, ауызша айтып, аспапта ойнап көрсетемін.

III.Жаңа сабақ. «Шығармадағы мелизммен жұмыстану» Құрманғазы « Ақсақ киік» 32- тактісін нота бойынша санап ойнату.

Мелизм-дегеніміз: Әуен сазын әшекейлеу, құлпыру деп аталады. Мелизмдер музыкада жиі кездеседі. Мелизмдердің басты түрлері; мордент,группетто,трель,флажолет,форшлаг жатады.

а) теориялық :

Мелизмдерді қысқаша айта кетсек...

Мордент: Үш дыбысты-негізгі,қосалқы және,қайтадан негізгі дыбыстардың бірінен соң бірінің тез қайталауын айтады. Яғни мордент-үшкір,көмекші және негізгі үш дыбыс айналымынан тұрады. Мысалы:

Трель:Қатар тұрған екі дыбыстың алма-кезек тез қайталануы. Мысалы:

Группетто:Төрт немесе бес дыбыстар тобынан құрайды. Мысалы:

Флажолет: Шекті аспаптарда алынатын ысқырық тәрізді жеңіл дыбыс.Флажолет табиғи және, жасанды болып екіге бөлінеді.Табиғи флажолет - қағыстан кейін,сол қол саусағымен ішекке жеңіл ғана тиғізу арқылы Жасанды флажолет - қажетті пернені тиісті саусақпен басып тұрып , содан кейін бір октава жоғары орналасқан .Перне тұсынан оң қолдың сұқ саусағымен бармағы арқылы шекті бөліп тартып қалады.

Мысалы: Ал енді осы мелизмдердің ішінен біз, форшлаг өрнегін аламыз. Форшлаг: Негізгі дыбыстан бұрын жазылып,соның есебінде орындалатын өрнек. Ол бір немесе бірнеше дыбыстардан тұрады. Форшлагтың қысқа және ұзақ түрлері бар. Негізгі дыбыс пен оның алдындағы дыбыстың ұзақтығына құрылған форшлагты, қысқа форшлаг (сызылған) дейді. Ал негізгі дыбыстың ғана ұзақтығына құрылған форшлаг, ұзақ форшлаг (сызылмаған) деп аталады. Мысалы:

Форшлагтың тағы Нахшлаг деген түрі бар.Соққыдан соң , негізгі дыбыстан кейін жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек .

Мысалы:

Осы мелизмдердің ішінен форшлаг өрнегіне байланысты жаңа күй алып отырмыз, Құрманғазы <<Ақсақ киік>> Алдымен Сағырбайұлы Құрманғазының өмірі туралы қысқаша айта кетейін.

Құрманғазы Сағырбайұлы

(1818-1889) Ұлы күйші дарынды композитор - Құрманғазы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде 1818 - жылдар шамасында туылды. Әкесі Сағырбай он екі ата Байұлының ішіндегі Қызылқұрт руынан шыққан. Бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп көпшіліктің ілтипатына бөленетін. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған Ұзақ деген күйші кісі болған. Жас талапкердің домбра тартқанына сүйсінген күйші, болашақ үлкен дарын иесінің табиғи талантын бірден аңғарып, ақ батасын береді. Құрманғазыны шығармашылық табыстарына қол жеткізуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен. Құрманғазы Қазақ халқының ұлы сазгері атанды. Құрманғазының көптеген күйлері бар олар: <<Сарыарқа>>, <<Адай>>, <<Бұқтым-бұқтым>>, <<Ақжелең>>, <<Қайран шешем>>, <<Аман бол шешем, аман бол>>, <<Кішкентай>>, <<Перовский марш>>, <<Төремұрат>>, <<Ұзақ Ақжелең>> т.б күйлері бар.

б) практикалық : <<Ақсақ киік>> күйіне тоқталайық. Біздің негізгі мақсатымыз Мелизм тақырыбының форшлаг өнеріне тоқталу. Бұл күй толық емес , биздер тек 32-тактісін ғана алып отырмыз. Құрманғазының «Ақсақ киік» күйінің негізгі желісі, түз тағысы киіктің жаралы тағдырын композитор қос ішекте баяндайды. Күйдің алғашқы тактілерінде-ақ жаралы киіктің ақсақ жүріс күйін қағыс ерекшелігімен төрттік ля дыбысында, ре ден соль дыбысына лига арқылы жеткізілуі де, екінші тактісінде сегіздік ноталарға мелизмді форшлагтарды қолдану арқылы ауен ажарын аша түсуі. Күй ре минор үндестігінде, 2/4 өлшемінде ойналады. Күй басы осылайша жүріп сегізінші тактіде ля дыбысына тоқталып кейін киіктің жүгіріс қимылдарының өзгеше бір түрлеріне көрсете әуендетеді. Әуен осылайша өріліп кейін, сол алғашқы шоқырақ аяңына қайта оралып отырады. Бірінші буындағы си- фа дыбысында сегіздік ноталарымен ойналатын форшлактар мен оның жалғасын ала до - ля дыбысын лигалы ойналуы түз тағысының басқаша бір шерлі күйін баяндаған секілді әсер етеді. Күй қағыстары да әуен сарынына қарай әр түрлі болып ойналады. Мысалы басында бірінші такт төрттік нотада екі төмен қағыспен алынса, келесі қағыстар П V П лигалы, үшінші, төртінші тактілерде П V V V қағыспен ойналады. Сегізінші тактіден кейін әуен өрбіген жерден жерден бастап қағыстар П П V V ойнала бастайды. Олай болса алғашқы тактіден бастап көрейік.

IV.Қорытындылау. Оқушыға қосымша сұрақтар қою. Өткен тақырып бойынша қорытындылап, оқушыдан сұрақ жауап алу.

1) Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы қандай? 2) Мелизмдердің түрлерін атап шық? 3) Форшлагтың тағы қандай түрі бар және қалай ойналатынын айт?

V.Үйге тапсырма: 1) Бетховен << Контрданс >> түгелдей үйден қарап келу, санап ойнау. 2) Құрманғазы << Ақсақ киік >> күйін түгелдей шығарып келу. Мелизмдерді қайталау. Берілген тапсырмалар оқушы күнделігіне толықтай жазылды. Сабақ қорытындысы бойынша оқушыға баға қойылды.

VI. бағалау: Оқушының үй тапсырмасын орындауына, жаңа сабақ қатысына байланысты бағалау.

© 2010-2022