Сценарий Әнші балапан

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпа орта мектебі.



Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің «Қарлығаш» шағын орталығының ұйымдастырған «Әнші балапан» байқауының сценарийі



«Әнші балапан» байқауының мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, «Өнерлінің он саусағы тең, өнерсіздің бір саусағы кем», «Ән көңілдің ажары» атты нақыл сөздер.

Саз жетекші:

Құрметті қонақтар, армысыздар!

Бәріңізде есен - сау бармысыздар!

Қош келдіңіздер әншілердің ордасына,

Роза, Бибігүл, Мақпал апалардың жалғасы бар.

Көңілдері бір марқайып қалсыншы.

Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасыншы.

Бүгінгі «Әнші балапан» байқауын Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығына арнаймыз. Олай болса «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.

Талаптыға әр кез шырақ жағылған.

Жақсы адамның хаты өлмейді танылған.

Үміт күтіп бақ сынауға келді әншілер, бишілер.

Алқалы жұрт өнерлерін қабыл ал. Дей отыра , бүгінгі «Әнші балапан» байқауына қатысқалы отырған өнерпаз ұл қыздарымызды ортаға шақырайық.

1. Аяла асқан жүйрік, ақтабан қыз.

Үмітін туған елдің ақтаған қыз

Мадина ,Қарақат , Жанарлардай Әндерін әншілердің жаттаған қыз . Қарсы алыңыздар Құмар Аяла Төребекқызы.

2.Өз елім өлеңім, де өнерім де. Бақытты Маханбет Ерсұлтан өз елінде.

Әжесімен атасына арнаған өлеңдерін

Шаттанып айталады Марат, Медеу ағалардың әндерінде. Қарсы алайық алдарыңызда Маханбет Ерсұлтан Өмірзақұлы

3.Бал дәуренім тәтті балдай

Отаным менің әсем қандай

Еркін елім еркелеткен

Мәнсияны жазық маңдай. Қарсы алыңыздар алдарыңызда Намазбай Мәнсия

4.Орындап ата -ана өсиетін Мұхтархандай бүлдіршін бар үлкенге бас иетін

Әндерінде паш етеді бар әлемге

Жаңарған және қазақ қасиетін

Сахнада Зұппар Мұхтархан Серікұлы қарсалыңыздар.

5. Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспадағы айменен таласатын. Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Шынардың әндері мен билері бар өзіне жарасатын. Қарсы алайық қошеметпен Серікбай Шынар Бақытқызы.

6.Мұңға батқан жүректі ән оятар.

Тәтті үннің әсері жан оятар .

Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап.

Сауат Кәусар көңілді жадыратар. Келесі кезекте әнші қызымыз Сауат Кәусәр Аманқызы қарсалыңыздар.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші. Балапанды әншілер деп жүрейікші.

Әділқазы алқалармен танысайық.

Болашақ әншілерге сәттілік тілейікші,- дей отырып Әділ қазы алқаларымен таныстырайық

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1. Бейсебаев Өмірзақ

Бастауыш сынып мұғалімі 2. Малтаева Ләззат

Ұйымдастырушы педагог 3. Рахымбердиева Маржан

«Әнші балапан» байқауының шарттары: 1.Ән. Үн таспаның көмегімен. Әнге үйлесімділік, бірге қосылып айтуға және ән айтудағы оның шеберлігіне аса мән беріледі.

2.Ән. жанды дауыста орындау белгілі аспаптар қолдану арқылы (Домбыра, Қолшатыр, Қуыршақ, Сылдырмақ т.б)

3. Пародия немесе би өнерлері бойынша бақтары сыналады.

1. Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай Бірінші шартымыз

Ән .Үн таспамен қосылып әнді бірге айту .

1. Құмар Аяла «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әні

2. Маханбет Ерсұлтан «Домбыраның күмбірі»

3. Намазбай Мәнсия. «Айгөлек» биі

4. Зұпар Мұхтархан «Қошақаным» әні

5. Серікбай Шынар «Айналайын анашым» әні

6. Сауат Кәусар «Балдырған»

2.Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра,- демекші Екінші шартымыз

Ән белгілі аспаптар көмегімен олар ( Домбыра, Қолшатыр, Сылдырмақ, Қуыршақ)

1.Құмар Аяла «Домбырасыз ән қайда?» әні

2.Маханбет Ерсұлтан «Әже әлдиі»

3. Намазбай Мәнсия «Анашым» әні

4. Зұпар Мұхтархан «Келші, келші балашым» әні

5. Серікбай Шынар «Жау -жау жаңбыр» әнімен

6. Сауат Кәусар «Ойыншықтар» әнімен

3.Айгөлек- ау, Айгөлек.

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде Би билейміз дөңгелеп,- демекші Үшінші шартымыз (Пародия немесе Би)


  1. Құмар Аяла Би «Сағындым» әніне.

  2. Маханбет Ерсұлтан Пародия «Алло» әніне.

  3. Намазбай Мәнсия Пародия «Алло» әніне.

  4. Зұпар Мұхтархан Пародия «Бозторғай» әніне.

  5. Серікбай Шынар Би (Вальс)

  6. Сауат Кәусар Би (Үнді)

Келді бүгін бүлдіршіндер әнші байқауына.

Сыналып үлкендерден бата алуға,

Өнерлерін көрсетті ортамызда, Берер деп әділ қазы әділ баға.

Ендігі кезекте әділ қазы бағалары

және Саз жетекшінің марапаттары.

Демеңдер біз өнерді аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Келесі кездескенше қош, халайық

Осымен «Әнші балапан» байқауымыз аяқталды.

Қош сау болыңыздар ата-аналар, ұстаздар балаларыңыздың өнерлерін көріп «Әнші балапан» байқауына қаттысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Кішкентай әнші балапандар өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмасын, биіктерге самғасын,- деп бүгінгі байқауымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.



Кітапханашы: Көлбаева Мақпал

















Хабарландыру



Құрметті ұстаздар «Қарлығаш» шағын орталығы ұйымдастырған

кішкентай бүлдіршіндердің «Әнші балапан» байқауына шақырамыз.











Мерзімі:

Уақыты:

© 2010-2022