Музыка мектебіндегі оқушылардың домбыра аспабында ойну шеберлігін арттыру

"Описание материала: Ұлтық асппатарды дәстүрді болашақ ұрппққа насихаттау. жас дарынды оқушыларды домбыр, қобыз, баян сияқты ұлттық асппаттарды орындуға және дамытуға ықпал ету. оқушыларға музыка үйрету үшін ең алдымен мұғалім сол шығарманы өзы мықты білуі керек. сосынбарып оны оқушыға талдауды үйрету керек. оқушыға шығарманы үйретіп болған соң онықайталауды талап ету керек. домбыраның қағыстарын әдіс-тәсілдерін үйрету. оқушыларды домбырада көп ойнауын назар аудару.ұйге тапсырма бергенде ола...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАЛАЛА МУЗЫКА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ


Қожанова Гүлім Рамазанқызы


Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан-жүйесін оятуда, өнерге ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының рөлі ерекше.

Домбыра үні өзіне тән дыбыстық бояуымен, алуан түрлі қағыстарымен және штрихтарымен қатар, өте бай көркем образдық әлемімен де айқындалып, қазақ халқының тарихи дүние танымы және психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады.

Музыкалық шығармаларды оқушыға үйрету үшін мұғалім, ең алдымен, ол шығармаларды өзі жан-жақты білуі керек. Демек, музыкалық шығармаларды үйрету үшін, оқушыға әрбір шығарманы талдап, оның есінде сақталатындай дәрежеде қарапайым тілмен түсіндіре білу қажет. Тәжірибе көрсеткендей, тек ұстаз басшылығымен үйренген музыкалық шығармалар арқылы ғана оқушының музыкалық-орындаушылық шеберлігі техникасының өсіп-жетілетіні біздің сөзімізді растайды.

Музыкалық шығармаларды үйретудің бірнеше жолдары бар, оны түрлі сатығы бөлуге болады. Шығарманы алғаш үйреткенде, оқушыға басынан аяғына дейін бір орындап шығу қажет. Мұның үлкен мәні бар. Алғашқы ойын арқылы оқушыға шығарманың жалпы мінезі, көркемдік суреті айта қаларлықтай әсер етеді.

Бала жаңа шығарманы басынан аяғына дейін ойнап танысқаннан кейін, мұғалім енді шығарманы оған өте жай ойнатып талдауға кіріседі. Шығарманың қиын жерлеріне көбірек тоқталып, шәкіртіне оның игеру жолдарын түсіндіріп, музыкалық құрылысы, ырғағы, мелодиялық ерекшелігі жайлы әңгімелеп таныстырады. Әрине, осы тұрғыдан үйретумен бірге тәлімгер оқушыдан, ең алдымен, шығарманың ноталарын өте дұрыс үйреніп, оған аса ұқыптылықпен қарауды талап ету керек. Біз ноталарды дұрыс үйрену керек дегенде, шығарманың гармониялық фактурасын, динамикалық ерекшеліктерін, шығарманы алғашқы үйрену мерзімінен бастап-ақ түсініп ойнауға тырысу керек деген ұғымды айтып отырмыз. Сондықтан оқушының шығарманы дұрыс түсініп, ырғағы мен мелодиясын бұзбай ойнауын мейлінше қадағалау-үйретушінің жауапты міндеті.

Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек. Мұғалімнің міндеті-әр оқушының аппликатураны өзі қойып үйренуге жаттықтыру. Нендей шығарма болмасын, ұстаздың жәрдемінсіз-ақ оқушының өзіне ыңғайлы етіп тиісті аппликатураны қоя біуі-оның шығарманы дұрыс ойлауына, саусақтарын дұрыс орналастыруына көп көмегін тигізеді. Музыкалық шығармалардың мазмұнын, көркемдік дәрежесін түсіндіру-оның ішкі сырын көңіл-күйі арқылы сезу, беріле орындау деген сөз. Шығарма мазмұны түсінікті болып, музыкалық образды оқушы санасына ой салғанда ғана, орындаушы шығарманы шын сүйсініп ойнайтын болады. Ондай шығармалар оқушының тек сүйікті шығармасы болуымен бірге, оның музыкалық-орындаушылық шеберлігінің өсуіне, музыкалық сана-сезімінің жетіліп, дамуына зор мүмкіншілік туғызатыны айқын.

Профессионал-домбырашы даярлау міндеті-ұстаздан оған оқып жүрген кезде-ақ жанрда және стильде жазылған музыкалық шығармаларды беруді талап етеді.

Домбыра-қазақтың халық музыка аспабы. Қазақ халқы күйге бай болғандықтан, болашақ домбырашының репертуарында күйлер мол болуы қажет. Ол күйді орындағанда бабына келтіріп тамылжыта, тебірене орындауға міндетті. Әрине, бұған қарап домбырашы репертуарын тек күймен ғана шектеп қоюға болады деген ұғым болмауы керек. Қайта мұғалім оқушысына күймен қоса, халықтың әндері мен билерін, домбыраға лайықталып түсірілген орыстың, Батыс Европа классиктерінің, тағы да басқа халықтардың түрлі мінездегі музыкалық сипаттағы шығармаларын орындауға міндетті.

Көп алдына шығып, жеке өнер көрсету, бір жағынан, оқушының орындау шеберлігіне сын болса, екінші жағынан, оның жауапкершілігін де арттырады. Баланың жеке-даралық ерекшелігі де оның шығармашылық өмірінің осы бір жауапты кезеңінде айқындала түседі. Шәкірттің көп алдына шығып өнер көрсетуіне, концерттік шығармалар алдын-ала жатталып, оларды орындаудың әдіс-амалдары толық меңгеріліп, көркемдік мазмұны айқындалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Оқушының концерт қоятын күні шаршамағаны жөн. Сондай-ақ сахнаға шығар алдында оған көп ескертулер жасап, абыржытпау керек. Ондай ескертпелер, әдетте шығарманы өз дәрежесінде орындап шығуға көмектеспеуі былай тұрсын, керісінше кері әсер етуі мүмкін.

Жас музыканттың бойында сахнада ойнауға жеткілікті түрде даярмын деген өзіне-өзі сенімділікті тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндетінің бірі.

Шәкірттің көпшілік алдына шығап, өнер көрсетуі тек өзінің орындаушылық шеберлігін арттыру емес, сонымен бірге композиторларды және олардың шығармаларын насихаттау екенін де есте ұстау қажет.



© 2010-2022