Ертеңгілік Тәуелсіз Қазақстан жасай бер!

Раздел Музыка
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбырауын» күйі орындалады. Балалар саппен кіріп, қатарласып тұрып, Әнұранды орындайды.

Тәрбиеші: Бүгін бізде той - думан

Ортамызды ашайық.

Тақпақ айтып ән шырқап

Тойға шашу шашайық.

Жарас:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

Жүрегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын биікпін байтақ елмін

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келді айта бергім.

Данияр:

Әнұраны - мәңгілік дәуір дастан

Айбынды ту - көгілдір ашық аспан

Айға шапқан Азия барысындай

Менің елім - тәуелсіз Қазақстан.

Дәулет:

Тәуелсіздік елім менің,

Құтты болсын тірлігің!

Таң Шолпаным күліп атқан

Көрген ұрпақ біз бүгін.

Тәрбиеші: Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Біздің халықта ел қамын жеген хандары, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз әділдікті жақтаған билері болған. Сіздер қазір осы көріністің куәсі боласыздар.

Мұңды әуен орындалады: «Елім - ай»

Хан келеді. (Әлия Төлебаева)

Хан: Жаушы қайда, қайдасың жаушы?

Жаушы: Не бұйырасың тақсыр.

Хан: Шақыр, ана батырлар мен билерді.

Жаушы: Бұйрығыңды орындаймын тақсыр.

(Жаушы қайта кіреді)

Жаушы: Хан ием хабарыңызды естіп батыр мен билер келе жатыр.

Билер мен Махамбет келеді, ханмен амандасады.

Хан: Ал, батыр, үш жүздің билері не айтасыңдар мына отырған балаларға? ...

Төле би: Әмірхан (Ұлы жүз)

Жаңбыр жаумаса - жер жетім,

Басшысы болмаса - ел жетім.

Ұқпасқа айтқан - сөз жетім.

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Балаларым, өмірлі болыңдар. Үлкенді сыйлап, сөзге тұра біліңдер.

Қазыбек би: Ержан (Орта жүз)

  • Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма.

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма.

Өскеніңді өшіресің.

Басына іс түскен

Қастық қылма,

Қайғысы көшер басыңа

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға.

Қиын қыстау кездерде,

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!

Балаларым, өнерлі болыңдар.

Әйтеке би: Дәурен (Кіші жүз)

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар,

Ақыл деген дария.

Алдын тоссаң тақырар

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Қарақтарым, жол қуып, ақылды болыңдар.

Махамбет батыр: Әділбек.

  • Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку - еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Ерлердің ісі бітер ме?

Беркініп садақ асынбай.

Біріндеп жауды қашырмай.

Қасарысқан жауыңа,

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай

Ерлердің ісі бітер ме?

Бәрі: Батаңды бер хан!

Хан:

Уа, құдайым аңдасын!

Жаманшылық болмасын.

Тіккен туы қазақтың

Күнге сәлем жолдасын.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі - бақи жаппасы.

Бәле - жала қазақты

Іздесе де тапасын.

Әумин.

Махамбет: Батырлар, атқа қонайық, елімізді қорғауға дайын болайық!

Батырлар биі.

Аслан:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

Жібердік еркін ат басын.

Қиянат жанға батпасын.

Тоқырау тауын сүйретіп

Деп, тентек күні батпасын.

Әлия:

Жанымыз жомарт халықпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Жасайық басты бауырлар

Жанайық жансақ маздан біз.

Арман:

Рас досым 86 - есімде

16 - желтоқсаннның кешінде

Намыс кернеп шықтық біздер алаңға

Шындық үшін «тар жол» тайғақ кешуге.

Әлихан:

Бос алаңда ел жосқан

Жастар қаны жуған күн

16 - желтоқсан

Тәуелсіздік туған күн

Намысшыл сол ұрпақты

Мақтан тұтып жүр халық

Дербестіктің тұрақты

Монументі тұр алып.

Лаура:

Ызғарлы қыс - тоқсан күн

Желтоқсан деп аталған.

Желтоқсанда жастарым

Тәңірінен бата алған.

Батамен елім көгереді.

Бодандық билік жойылды.

Тәуелсіз атқан таң үшін

Еске алам өрттей өренді.

Тәрбиеші: Енді бір сәт «Сүйінші» хабарда жетті. Ғасырлар, жылдар бойы армандаған ата - баба арманы да орындалды. Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз ел болды. Әрине, бұл кезде той жалғасын табады. Ал тойымыз әрқашан да «Шашу» биімен ашылмақ.

Біздің қыздарымыз «Шашу» биін орындайды.

Тәрбиеші: Балалар, біздің тойларымызда жігіттеріміз көкпар тартып, бәйге жарысқан. Көкпар десе ішкен асын жерге қойған. Олай болса біздер де «Көкпар» ойынын ойнаймыз ба?

Балалар: Иә, ойнаймыз.

«Көкпар» ойыны ойналады. (3 баладан 2 рет ойналады).

«Жас дәуірдің тілегіміз» әні орындалады.

Камила:

Даңқы шыққан Қазақстан

Туған жерім - Қазақстан.

Туған өлкем - Қазақстан

Мәңгі жаса - Қазақстан.

Айда:

Тәуелсіздік келді заман.

Шалқыды өмір бірлікпен

Егеменді ел болғалы

Көркейді халқым тірлікпен.

Жанерке:

Болашақтың мен ұрпағы

Келешекке көз тіккен

Тілім, дінім бар тұрғанда

Ешкімге көніп бас имен.

«Орыс» биі.

«Ағайыңды бәріміз» әні орындалады.

«Грузин» биі.

«Айналайын» әні орындалады.

«Соқыр теке» ойыны.

Альбина:

Мен бабамның ұрпағымын

Тәуелсіздік үшін оққа ұшқан

Аталарға қарыздармыз

Еркіндіктің кілтін ашқан.

Болсын аман қариялар

Бізді баурап өсірген

Болсын аман жақсы ағалар

Адаспасын әділдік күйінен

Айсұлтан:

Қазақстан - байтақ далам туған жерім.

Қазақстан - көлім менің, елім менің

Мен сені ешқашан да ұмытпаймын

Қымбат маған әрбір қадам сүйем жерің.

Ержан:

Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным

Көк туымды қалайша құлатармын

Тып - тыныш тұрып жатқан жайымыз бар

Бәріміз баласындай бір атаның

«Атамекен» - әні.


№6 «Қарлығаш» бһбек-бақшасы МКҚК




Ертеңгілік Тәуелсіз Қазақстан жасай бер!












Тәрбиеші: Макатова Ж.С.





© 2010-2022