Ашық сабақ Мен ержетіп толымын!

Раздел Музыка
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 6 «Қарлығаш» бала-бақшасы








Ашық сабақ

Ашық сабақ Мен ержетіп толымын!


«Мөлдір бұлақ» естияр топ


Білім саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Ән»









Өткізген: Макатова Ж.С.









Мамыр, 2010 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Мен ер жетіп толамын»

Сабақтың мақсаты: 1) Музыкалық шығарманы тыңдап көңіл күйін сезіне

білуге, әнді жігерлене марш екпінде орындауға үйрету

2) Шығармадағы өзгеріп отыратын динамикалық

дыбыс белгілерін сезіне білуге дағдыландыру.

3) Елін, жерін қорғайтын, сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтық қарым-қатынас: Тіл дамыту

Пайдаланылатын құралдар: Отан қорғаушы әскерлер,

Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр

апаларымыздың, аталарымыздың суреттері,

музыкалық орталық, баян.

Сары, көк шеңберлер.Жұлдызшалар.

I ) Ұйымдастыру сәті

II) Негізгі бөлім

а)Ұлы Отан соғысы туралы әңгіме

ә) Портреттермен танысу, тақпақтар

б) Сергіту сәті «Балақан, алақан»

в) «Құлақ салшы әніме» (Өлеңі: Ш.Сариев, әні: К. Дүйсекеев «Солдат болам мен ертең»)

г) Ойын «Мозайка»

Қортынды:

а) «Лездеме» ( тақырып бойынша сұрақтар)

ә) «Жүйріктен жүйрік озар» марапаттау

б) «Ән салайық қосыла» (әні: И. Нүсіпбаев «Жас дәуірдің түлегіміз»)

в) Сабақты аяқтау

I ) Ұйымдастыру сәті

Музыка ойналып тұрады.

С.ж: Сәлеметсіздер ме, балалар мен әріптестер!

Б: Сәлеметсіз бе!,

С.ж: Бүгінгі ашық сабағымыз Ұлы Жеңісіміздің 65-жылдығына арналған.

Сабағымыздың тақырыбы «Мен ер жетіп толамын» деп аталады.

Міне сіздерді осы Ұлы Жеңістің кімдер бізге әкелгені, оларға қандай

әндер арналғандары туралы әңгімелесуге және ән айтуға шақырамын.

Ендеше сапарымыз, сәтті болсын!

Балалар, батыр апаларымыз, аталарымыз туралы біздің сабағымызға

қонаққа келген әскери қызметте жүрген апамыз әңгімелеп береді.

Ә.қ: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Б: Сәлеметсіз бе!,

Ә.қ: Сіздердің сабақтарыңа қатысқаныма өте қуаныштымын.

Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған оқиға. 1941

жылы, 22 маусымда, таңғы сағат 04.00- де біздің Отанымызға жау

шапты. Елімізді, жерімізді қорғау үшін аталарымыз, әкелеріміз,

ағаларымыз және де апаларымыз жас, кәрілігіне қарамай соғысқа аттанды.

Еліміздің бірлігінің, достығының арқасында біздер жеңіске жеттік.

Ұлы Отан соғысында батырлығы үшін қызыл жұлдызбен марапат-

талған Батысымыздың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк апаларымыз,

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов аталарымыз болды. Мәртөк

ауданынан кеткен жерлестеріміз Мазков, Губин, Озмитель, Батурин,

Кожемякиндер де Отанымыздың батырлары атанды.

1)Әлия Мұлдағұлова, Совет Одағының Батыры - пулеметші

2)Мәншүк Мәметова, Совет Одағының Батыры - пулеметші

3)Бауыржан Момышұлы, Совет Одағының Батыры

4) Талғат Бегелдинов, 2 мәрте Совет Одағының Батыры - ұшқыш

С.ж: Аталып кеткен батырларымыз туралы бізге Ақмарал, Айғаным, Арина

тақпақтар айтып береді.

Ақмарал Айғаным

Сонау жылы жер көкті

Соғыс бұлты торлаған

Сонда Мәншүк әпкеміз

Жаудан елді қорғаған

Арина

Қайтпаған дауылдан,

Кек алған жауынан

Халқының қастерлі

Жайсаңы Бауыржан

С.ж: Жарайсыңдар!

Балалар ендеше Жеңісімізге арнап ән жаттайық. Жаңа әннің аты

«Солдат болам мен ертең» Өлеңі: Ш.Сариев, әні: К. Дүйсекеев. Әннің

сөзіне, әуеніне, қандай екпінде айтылып тұрғанына көңіл бөлеміз.

Әнімізді бастамай тұрып дауысты жаттықтырып алайық.

Дауыс жаттығуы: Ля, Ля, Ля, Ля. Ле, Ле, Ле, Ле. (2 рет)

1)Дыбыстарды қосып айтуды «легато» дейміз.

2) Дыбыстарды үзіп айтуды «стаккато» дейміз.

1.Гүлдей жайнап, 2. Мөлдір таңым

Күндей жайнап Мөлдір жаным

Мен ер жетіп толамын Мен ер жетіп толамын

Әжем айтқан Атам айтқан

Дәу жігіт боп Дәу жігіт боп

Ағалардай боламын Ағалардай боламын

Қайырмасы:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Шынығамын таңертең

Ағалардай отанғ

Солдат болам мен ертең


С.ж: Балалар жауынгер апамыз да шаршаған болар, бәріміз бірге бойымызды сергітіп алайық. «Балақан, алақан»

Бала, бала, балақан Топ, топ топ басайық,

Кәне қайсы алақан. Жалаудан күн жасайық

Саусақтары әйбат, Жаса, жаса алтын күн,

Былай, былай ойнат Жаса, жаса жарқын күн.

С.ж: Ойын «Мозайка» Ойынның шарты: Берілген суреттерді құрастыру.

Берілген суреттер: Танк, жұлдыз. Екі ойыншыға бірдей суреттер

беріледі. Кім бірінші құрастырады, сол жеңімпаз аталады.

С.ж: Балалар, бүгінгі сабағымызды қорыта келе сіздерге мынадай сұрақтар

қойғым келеді.

1) Батыр апаларымызды атаңыздар?

Б: Әлия мен Мәншүк

2) Батыр аталарымызды атаңыздар?

Б: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов

3) Ұлы Жеңістің неше жылдық мерейтойы тойланды?

Б: 65 жыл

4) Бүгінгі жаттаған әніміз қандай екпінде орындалды?

Б: Марш екпінінде

С.ж: Ойынымыздың жеңімпаз балаларын марапаттайық.

С.ж: Сабағымыздың аяқталуына байланысты бір-біріміздің қолымызды

ұстап елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп Ақмаралмен бірге

бәріміз ән шырқайық.

«Жас дәуірдің түлегіміз»

С.ж: Сауболыңыздар!


























© 2010-2022