Музыкалық сөздік 5 сынып

Музыкалық сөздік Антракт – концерттік бөлімдердің және пьеса актілерінің арасындағы болатын үзіліс.   Ария – операдағы әр кейіпкердің сипатына байланысты айтылатын әуен. Ария операда ғана емес, контата мен ораторияда да кездеседі.   Бал – үлкен би кеші. Мұндай кеш ХІҮғасырда алғаш рет Италияда пайда болды. Кейіннен Европаға түгел таралған. Балға сәнді, әдемі киім киген адамдар қатысады.   Акт – театрларда қойылатын драмалық немесе опералық шығармалардың бір бөлімінің аяқталуы. Әрбір актінің ар...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыкалық сөздік

Антракт - концерттік бөлімдердің және пьеса актілерінің арасындағы болатын үзіліс.

Ария - операдағы әр кейіпкердің сипатына байланысты айтылатын әуен. Ария операда ғана емес, контата мен ораторияда да кездеседі.

Бал - үлкен би кеші. Мұндай кеш ХІҮғасырда алғаш рет Италияда пайда болды. Кейіннен Европаға түгел таралған. Балға сәнді, әдемі киім киген адамдар қатысады.

Акт - театрларда қойылатын драмалық немесе опералық шығармалардың бір бөлімінің аяқталуы. Әрбір актінің арасында антракт (үзіліс) болады.

Ансамбль - музыкалық шығарманы екі немесе одан да көп орындаушының бірігіп орындауын және сол шығарманы әдемі, ұласып шығуын айтады. Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді. Орындаушының санына байланысты мынадай түрлері бар:

Дуэт - екі орындаушы;

Трио - үш орындаушы;

Квартет - төрт орындаушы;

Квинтет - бес орындаушы;

Cекстет - алты орындаушы;

Септет - жеті орындаушы;

Октет - сегіз орындаушы;

Нонет - тоғыз орындаушы;

Децимент - он орындаушы;

Кілт белгісі - нота сызығына жазылатын ноталардың атын айыру үшән сызықтың сол жағына «кілт» белгісін жазады. Жиі қолданылатын үш түрі бар:

  • Соль кілті немес скрипка;

  • Фа кілті немесе бас;

  • До кілті немесе альт.

Композитор - музыка шығармаларының авторы. Қазақтың халық творчествасында композиторлар мен орындаушының ролін бір адам атқарған. Мысалы, Құрманғазы, Ақан сері, Дина, Кене т.б.

Нота сызықтары - нотаны бес сызықтан тұратын нота сызықтарына жазады. Бұл сызықтар төменнен жоғары қарай саналады. Бес сызықтан басқа қосымша сызықтар да болады.

Октава - гамманың бірінші басқышынан жоғары -төмен аттас басқышқа дейінгі аралық.

Оркестр - көптеген музыкалық аспаптардан құрылған орындаушылар коллективі. Оркестр: симфониялық, камералық, джаз түрлеріне бөлінеді.

Акапелла - бұл аспаптардың сүйемелдеуінсіз айтылатын ән. Жеке дауыста да, хорда да орындала береді.

Аккорд - үш немесе одан да көп дыбыстардың бір мезгілде үндесуі. Терция интервалында құралады. Мысалы; до, ми, соль...

Акцент - музыкалық шығарманың жеке дыбыстарына да күшті екпін беріп, даралап ойнау. Нотаның қатты үлесіне келеді. Ү, >, s, f белгілерімен белгіленеді.

Гамма - бір дыбыстан екінші аттас дыбысқа дейін тізбектелінетін дыбыс қатары. Мұнда ладтың басқыштары тізбектеліп жоғары немесе төмен жүре береді.

Дирижер - хорды немесе оркестрді басқаратын адам. Ол шығарманың әдемі, көркем шығуын қадағалайды.

Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.

Вальс - 1. бидің аты.

2. вальс ырғағында жазылған симфониялық оркестрге немесе жеке аспапқа арналған музыкалық шығарма.

3. жұптасып қалықтап немесе үдемелі айналуында өтетін би.

Гимн - салтанатты, мадақтау әні. Көп дауысты хормен айтылады. Әр елдің өз гимні бар. Гимн елдің музыкалық символы, эмблемасы ретінде қолданылады. Онда елін, жерін, халқын мақтан етеді.

Модуляция - бір тональдықтан екінші тональдыққа көшу.

Метр - ритмикалық қозғалыста әлді мен әлсіз үлестердің кезектесіп отыруы.

Жаңғырық - қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.



© 2010-2022