Поурочный план на тему Сүйікті ойыншықтар мен ойындар

Раздел Музыка
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар мен ойындар.

Мақсаты: 1.Қазақтың ұлттық ойындары туралы мағлұмат беру. 2.Ән айту қабілетін дамыту . 3.Оқушылардың күй өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту.

Керекті құрал-жабдықтар: Музыка кітабы, дәптер, Қазанғап портреті.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Дәулеткерей туралы жинаған материалдарымен бөлісу. 2.«Төк пе күй» дегеніміз не? 3.Дәулеткерейдің күйлерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Қазанқап өмірінен үзінді дерек: Қазақтың атақты күйші-композиторы Қазанғап Үсен төренің ауылына келеді. Қазанғап Үсен төренің атағын естісе де, бұрын кездеспепті. Үсен төре үйінде жоқ екен. Келіні Қазанғапты құрметпен қарсы алады. Бір кезде Қазанғаптың көзі ілулі тұрған домбыраға түседі. Өте әдемі домбыра екен. Үсен төренің домбырасына қызыққан Қазанғап: «Ең болмаса қолға алып ұстап көрейін», - деп сұрайды. Қазанғап жалынып сұраған соң домбыраны Қазанғапқа алып береді. Қазанғап домбыраны алған кезде сырттан Үсен төре кіріп келеді . Домбырасын ұстап отырған бөтен адамды көріп ашуланады. Содан соң Үсен төре Қазанғаптан бір күй тартуын сұрайды.Қазанғап «Көкіл» деген жаңа күйін тартады.Қазанғаптың шеберлігіне қайран қалған Үсен төре: «Қазанғап деген домбырашы бр деп естуші едім, сол сен боларсың. Ал енді Қазанғап болсаң, төрге шық, қонағым бол», - дейді. Сөйтіп бұл күй ел арасында «Көкіл» атанып кетеді.

2.Музыка тыңдайық. Қазанғаптың «Көкіл» күйін тыңдату. Талдау. 1. Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Күй не туралы деп ойлайсыңдар? 3.Не елестеттіңдер?

3. Ән орындайық! «Гүлдерайым»

1.Ақкөңіл ағызайық әннің майын, Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын. Астынан алты қырдың шыққан дауысым, Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Қайырмасы:

Ахау, Гүлдерайым, Күн мен айым, Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын.

2.Жаз шықты жадыратып мамыр айын, Әніне шырқай кетті Гүлдерайым. Шығады ащы дауысым әнге салсам, Қарағым, сені есіме алған сайын.

4. Музыка сауаттылығы!

Төкпе күй -домбырады оң қолды сермеп тарту тәсілімен орындалатын музыкалық шығарма.

5.Сабақты бекіту: Оқушыларға сұрақтар қою. 1.Қазанғап кімнің ауылына келеді? 2.Қазанғап не себепті домбыраны сұрайды? 3.Қазанғап қандай күй тартады? 4. «Тартыс» деген не? Сабақты қорытындылау: 1.Бүгін не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1. 19-12 беттер оқу.

2. «Гүлдерайым» әнін жаттау

3. Қазанғап жайлы мағлұматтар жинау.




© 2010-2022