Ашық сабақ: Менің Отаным!

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Хлебодаровка орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Менің Отаным»


Шағын орталық «Күнім» тобы





Өткізген:Музыка жетекшісі Тобыш Н.А











2015-2016 оқу жылы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Музыка

Тақырыбы: «Менің Отаным»

Мақсаты:Табиғи дауыспен әнді таза айтуға,шығарманы сезіне білуге үйрету,сипатына сайжаттығу қимылдарынүйлестіре білуге баулу,білуге үйрету. Әнді сезіну арқылыОтанды сүйюге,қастерлеуге тәрбиелеу.

Ән тыңдау: «Отан ортақ үйіміз»

Дауыс жаттығуы: «Ұшақтың ұшып-қонуы»

Ән үйрету: «Менің Отаным»

Музыкалық дидактикалық ойын: «Аспаптардың дауысын ажырат»

Музыкалық аспапта ойнау: Аккардион аспабы,ямаха

Көрнекілік құралдар:Әнші,ақын,сазгерлер,компазиторлар және мемлекеттік рәміздер жайлы дайындалған слайд.Аккардион мен ямаха аспабы,үнтаспалар,ойынға арналған түрлі аспаптар фото жинағы.

Әрекет кезеңдері: Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру,талпындыру.

Музыка жетекшісі балаларды көңілді әуен ырғағымен қарсы алады,(Балалар тізелерін жоғары көтеріп,аяқты нық басып жүріп орындайды)

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш

Шынығамыз таңертең

Ағалардай отанға

Ұлан болам мен ертең

(Музыка жетекшісі,балалар әуенмен амандасады.)

Музыка жетекшісі:Саламатсыздарма балалар!

Балалар: Саламатсызба апай.

Оқу іс-әрекетімізді көңілді бастау үшін шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Күннен шуақ алайық

Алақанға салайық

Ауадан қуат алайық

Алақанға салайық

Жерден нәр алайық

Алақанға салайық

Күннен алған шуақты

Досымызға апайларға сыйлайық.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі ұйымдастырылған музыкалық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Менің Отаным».

-Балалар Отан дененіміз не?

-Отан дегеніміз-біздің туған жеріміз,туған еліміз,туып өскен жеріміз.

-Біз Отанымызды жақсы көреміз ба?

-Иә,жақсы көреміз.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Елбасымыз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Мемлекетімізде неше рәміз бар?

-Үш рәміз бар.

-Оларды атайықшы?

-Ту,елтаңба,әнұран.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Еліміздің ашық аспанындай көгілдір туы,айбынды елтаңбасы,мағыналы әнұраны бар екен.

-Туымыздың түсі қандай балалар?

-Көгілдір.

-Көгілдір түс бейбітшілік белгісі. Тудың ортасында не бейнеленген?

-Күн.

-Қазақстан елі күндей жарқырап тұрсын деген мағынада күнді бейнелеген.Күннің астында қалықтап қандай құс ұшып тұр?

-Қыран құс.

-Дала құсы-дархандық пен биік самғаудың белгісі. Қырандай биік болсын деп қыранды бейнелеген.

-Өрнек қазақ халқының салт дәстүрін,мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді. Күн,қыран құс,ұлттық ою-өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс-молшылық түс.

Елтаңбамызда шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі сияқты. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған,ол күн сәулесімен жарқырайды. Екі жағында аңыз ертегілердегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Қанатты пырақ мәңгілік өмір,шексіз дамуды көрсетеді. Маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар.Ол мемлекеттің жарық жұлдызы.Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазуы бар. Ту мен елтаңбаны көзбен көріп,қолмен ұстауға болады.Әнұранды құлақпен естуге,бірлесе шырқауға болады.

-Балалар,әнұранды айтқанда неліктен қолымызды жүрек тұсына қойып,орнымыздан тұрып орындаймыз?

-Өйткені,біз Отанымызды құрмет тұтамыз,мақтан етеміз.

Музыка жетекшісі:Қане балалар олай болса орнымыздар тұрып әнұранды орындайықшы.Балалар әнұранды орындайды.

Ашық сабақ: Менің Отаным!

Музыка жетекшісі:Жарайсыңдар балалар.Балалар біздің бас қаламыз қай қала?

-Астана қаласы

-Балалар сендер бас қаламыз Астананы аралағыларыңыз келеді ме?

-Иә

Музыка жетекшісі:Олай болса әдемі қаламызды автобуспен тамашалауға аттанайық.(автобус макеті балалардың алдына қойылады) Автобусқа отырдық ендеше арамыздан жүргізуші сайлап алайық.(Жүргізуші сайланып автобус алдына отырғызылады.Осы кезде автобустың жүрген дыбысы шығады.)

Ашық сабақ: Менің Отаным!

-Балалар Астана қаласына жеткенше,ән тыңдайықшы,Әнді мұқият тыңдап отырыңдар.

Ән тыңдату: «Отан ортақ үйіміз»

-Бұл әннің көңіл-күйі қандай?

-Көңілді,ойнақы.

-Ән мазмұнында не турады айтылған?

-Отан,туған жер,туған ел жайында айтылған.

(Слайд бойынша Астана туралы түсінік беру.)

-Астана қаласы сіздерге ұнады ма балалар?

-Иә

Музыка жетекшісі:Астана қаласында қандай ғимараттар бар екен?

-Бәйтерек,Ханшатыр,үлкен мешіт...

-Қане олай болса өз ауылымызға,тобымызға қайтайық.(Макет алынады)

Балалар жолдан шаршап келген боларсыздар. Бойымызды сергіту үшін сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту жаттығуы: «Топ топ топ»

Музыка жетекшісі:Бойымызды сергіттік ендеше балалар әдемі ән үйренейікші.

Енді мен сіздерге әнді аккардион аспабында ойнап беремін мұқият тыңдаймыз

Ән уйрету: «Менің Отаным»

Бұл әннің мәтінін жазған ақын Б Ысқақов,әуенін жазған сазгер Өмірзақ Байділдаев

Әнді айтпас бұрын дауысымызға жаттығу жасап алайық.

Дауыс жаттығуы: Ұшақтың ұшып қонуы

Әнді балалармен бірге орындау.

Музыка жетекшісі:Жарайсыңдар балалар. Ендеше шаршаған боларсыңдар бір ойын ойнап жіберейікші.

Ырғақты-дидактикалық ойын: "Қай аспаптың үні екен"

Ойынның түсінігі: Ойынға қатынасатын бір баланың көзін жұмып қоямыз. Аспаптар дыбысы ойналады, қалған балалар ән салады.

Алдымен сен ән тыңда,

Тартқан күйді дәл тыңда,

Қайсы аспапта ойналды,

Таба қойшы қалпында.

Балалар ән айтып болғасын, теріс қарап тұрған бала оңға айналып, көзін ашып, ән салады. Әндеріңді тыңдадым,

Қиын емес жұмбағың,

Танымайды дейсің бе,

Қылқобыздың ырғағын,-деп жауап береді.(Ойын осылай жалғасып ойнала береді).

Қорытынды

Музыка жетекшісі:Балалар сендер бүгінгі ұйымдастырылған музыкалық оқу іс-әрекетіне жоғары деңгейде атсалыстыңдар. Балалар орындықтарыңның артына бір нәрсе жасырып қойдым қарап,қолдарыңа алыңдар.Бұл не балалар?

Балалар:Жүрекше

Музыка жетекшісі:Бүгінгі оқу іс-әрекеті сіздерге ұнады ма?

Балалар: Иә

Музыка жетекшісі:Балалар олай болса қолдарыңыздағы жылы лебізге толы жүрекшелеріңіз тәтті жүрекке ұлассын.(Балалар жүрек қорапшаға жүрекшелерді жапсырып,қораптың ішінен тәттілер алады)

Осымен ұйымдастырылған музыкалық оқу іс-әрекеті аяқталды. Сау болыңыздар



© 2010-2022