Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Пәні: Музыка     Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д    Сабақ:  6     Күні:   Сабақтың тақырыбы:  Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі   Сабақтың мақсаты:   Білімділігі: жыраулармен таныстыру   Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.   Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды  сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.   Сабақтың типі: Жаңа ма...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 1 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Отан - ана аясында

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Отанға деген түсінік қалыптастыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Отан - адамның туып - өскен жері, атамекені, ел - жұрты, сондай - ақ табиғи байлықтары, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тілі, мәдениеті, тұрмыс - салт және әдет - ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аймақ.

Өз Отаныңның перзенті бол, туған жер топырағымен байланысыңды терең сезініп, оған парзентше қара, одан алғаныңды еселеп қайтар. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамныңтуған анасы да біреу, оның Отаны да біреу ғана.

Сондықтан адам, ең алдымен, өз елінің перзенті, өзінің туған жерінің мүддесіне жан - жүрегімен берілген азамат болуы керек.

«Отан үшін отқа түс - күймейсің» дейді халық даналығы. Отанды сүю, қадірлей білу- әр адамның қасиетті борышы.

Отан табиғаты ерекше ыстық. Оның тауы мен тасынан да, өзен - көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуендер естуге болады. Бір мезгіл табиғатқа шығып, тыңдап көріңдерші.

Отан - елдің анасы, Отан үшін күрес -

Ел - ердің анасы Елге тиген үлес.

Тыңдау:

Үйрену: «Отан» әні Әні: Л. Хамиди Сөзі: Д. Әбілев

Әнді фразаларға бөлу, ырғағын соғып, нотамен айту.

Муыкалық сауат:

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау









Пәні: Музыка Сыныбы: 5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 2 Күні:

Сабақтың тақырыбы : Айтыс өнері. Айтыс түрлері- қайым, түре және сүре.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Айтыс түрлерімен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері

Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс - халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып - жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта,Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.

Айтыс ақындары

Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің "киесі бар, иесі бар" деп білген. Мысалы, Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің "өлең аласың ба, көген аласың ба?" деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.

Өнер жарысы

Айтыс - ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр.

Жанры

Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы "Жар-жар" мен "Бәдік" жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы - екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса ("Жар-жар", "Бәдік"), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді ("Ақсұлу мен Кеншімбай", "Әсет пен Ырысжан", "Сүйінбай мен Қатаған", "Жамбыл мен Құлмамбет", "Молда Мұса мен Манат қыз", "Кемпірбай мен Шөже", "Орынбай мен Тоғжан", "Біржан мен Сара" тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.

Тыңдау: Халық әні «Жар - жар» Сүйенбай мен Күнбала айтысынан үзінді

Үйрену: Ө. Байділдаев « Сүйікті мектебім»

Муыкалық сауат: Қайым, түре, сүре айтыс

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау






Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 3 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс, Құлыншақ пен Майлықожа

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Айтыс түрін үйрету, айтыскерлермен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Айтыс дегеніміз не?

  2. Айтыстың қандай түрлері бар?

  3. Айтыскер ақындарды ата?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Құлыншақ Кемелұлы (1840, Созақ ауданы, Жартытөбе аулы - 1911, сонда) - ақын. Құлыншақ ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең шығарып, терме, жыр айтқан. "Көлбайға" "Дүйсенбі датқаға" дейтін толғауларында ел билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдіреді, жауға қарсы күресте ел бастаған батырларды дәріптейді. "Шырын-Шекер" дастанында, "Оңдыбайға", "Майлыға", "мөделіге", т.б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР ҰҒА-ның қолжазба қорына тапсырған.[1]

Ақын Құлыншақ Кемелұлының араб әдебиетімен байланысы. Өз заманында, көзінің тірісінде-ақ атақ-даңқы алыс-алыс аймақтарға тараған күнгейлік ақын - Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911ж.ж.) Бұл кісі күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі. Туған жері Оңтүстік өңірі. Туған жылына келер болсақ 1840 жыл. Дегенмен Ә.Оспанұлы былай дейді: «1983 жылы жарияланған «Қаратау атырабының ақындары» атты кітабымызда, ол кісі жайында тақыл-тұқыл ғана мәлімет беріп өте шыққанымыздың негізгі себебі де міне осы болатын. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже баласы, ол кезде 63-64-тердегі Исахан ақсақалды, Исакеңнің айтуында ақын 1831 жылы туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Меке сапарына кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы қағына тиген қатты дертке ұшыра қайтыс болған делінгенді. Бірақ кейінгі Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібаев «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабында (1967) және біздің мәліметті ұстанған профессор Ханғали Сүйіншәлиев жазып, жариялап жүрген соңғы зерттеулерде Құлекеңнің дүниеге келген - кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар межесінде көрсетіліп, ол Қазақ-Совет энциклопедиясында (7-том, 31 бет 1975 ж.) жарияланып та жіберілді. «Бес ғасыр жырлайды» (2-том, 228-бет 1984 ж, 75-бет 1989 ж.) кітабында, Ақын Құлыншақ қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе кеңшарында 1840 жылы туылып, 1911 жылы сол жерде қайтыс болған, - делінген. Құлыншақ ақын діни сауатты, араб әлемінен азда болса да хабары болған адам. Ал жоғарыда аталған кітаптардың ішінде Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көрсетуден көрінеу қашқақтаған. Дегенмен біздің ақиқаттан аттағанымыз дұрыс болмас. Ол кісінің діни сауатты әрі діндар қаламгер болғандығы айдай анық нәрсе емес пе? Діндарлығының ең негізгі белгілерінің бірі, ол кенже ұлы Исахан айтқандай, Исламның бес парызының бірі болған қажылықты орындауы. Бұл кісі өмірінің соңында қасиетті Мекке қаласына, қажылыққа барып келген. Құлыншақ Кемелұлының өмірбаянын ақын Сұлтанбек Аққожаев өлеңмен келтірген екен. Өлеңнің соңғы шумақтарында, Құлыншақтың Меккеге барғандығын былайша баяндаған: Айтайын уақытында болған ерді,- Ел берген дүниенің арқасында Мекке мен көріп қайтты Мединені. Діндарлығына екінші бір дәлелді оның Майлықожамен айтысында көре аламыз. Қысқаша тоқталсақ, Исламның бес парызының біріншісі тілін кәлимаға кәлтіру, яғни: «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту. Осы сөзді айтқан адам мұсылман болып есептеледі. Енді ақының осы сөзді (кәлиманы) айтқан өлең жолдарын келтірейін: Қожеке, екенсіз ғой ақылсыз жан, Басында айыбың көп мың менен сан. Келмегейдің баласын кәпір дейсің Лә иләһә иллалла мен мұсылман. Акын өзінің діндар әрі мұсылман болғандығын мақтан тұтқан адам екендігін мына жоғарыдағы өлең жолдарынан байқауға болады. Бұл нәрселердің барлығы Құлыншақ ақынның шығармаларының араб әдебиетімен, мұсылманшылықтың негізі болған Құранмен байланысы бар екендігін көрсетеді. Сол заманда тек Қүлыншақ ақын ғана діндар қаламгер болмаған. Өзімсн қатарлас, замандас ақындар да діни сауатты болған. Бұл сөздеріміздің бірден бір дәлелі, ол кісілер сөйлеген сөздерінде, айтқан өлендерінде Алла есімін, діни қағидаларды естен шығармаған. Араб әдебиетіне де жақындықтары болған. Себебі олар өз өлеңдерінде араб сөздерін (сол сездердің баламасы казак тілінде бола тұрса да) қолданған. Мәселен Құлыншақ ақынның "Қисық ақынмен тілдесу" атты өлеңінде мынадай жолдар бар: Максұдың Алла Тағала бергеннен соң. Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Енді осы өлеңдегі араб сөздері мен діни ұғымдарды карастырайық: Біріншіден: әр бір нәрсені Алланың беретіндігін мойындаған, ал екіншіден берген нәрсесін алушы да Құдай екендігін тағы да айтып кеткен. Араб тіліне жақындығын айтар болсақ: өлеңде «мақсұд», «мүбәрәк» деген араб сөзері қолданылған. Ол кісі мақсұдың сөзін келтірген. Бұл негізгі мақсаты, ниет етілген нәрсе. Мағынасын "сұрағаның" десек те болады. Ақын араб сөзінің орнына өз сөзімізді қолданса болар еді ғой. Бірақ олай етпеген. Ақын бұдан кейінгі қатарда араб-қазақ сөздсрін қатар қолданған. Өлеңдегі «мүбәрәк» сөзі қазақша «құтты болсын» деген мағына білдіреді. Атап өткен , мүбәрәк сөзі бір ғана құтты болсын деген мағына емес, басқа да мағыналар береді. Мысалы: көрікті дегсн сияқты. Ақын осы мағынадағы мүбәрак сөзін Майлықожамен айтысқан кезінде былай қолданған: Қожаеке, есенсіз бе, сәлем бердік, Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік. Кей кездерде Құлыншақ ақын араб сөздерін, қазақ өлендерінің ұйқастарында қолданған. Мәселен: Құлыншақ пен Майлықожаның айтысына үңілейік. Онда Құлыншақтың мынадай сөздері бар: Қалай-қалай қожа едің аузың залым Сыртында кім болсаң да, ішің мәлім. Құдай бергсн дәулетім менің калың, Ықырар болсаң, тапқаның менін малым. Бұл жердегі «залым» (мағынасы арамы, зұлымдық көрсетуші адам), «мәлім» (мағынасы белгілі) ол араб сөздері. Қазақ залым сөзін жиі қолданады. Ал мәлім сөзі де көп қолданғанымсн онымен теңдей қолданыста жүретін өзіміздің "белгілі" сөзіміз бар емес пе? Бар болса да бұл кісі араб сөзін қолданған. Қолдану себебі сөздің бір біріне жақсы ұйқасып, жеңіл айтылуына байланысты. Қорыта айтқанда Құлыншақ Кемелұлы заманының көрнекті ақын болған. Бір өкініштісі Құлыншақ жайлы деректер жоқ емес, дегенмен жоқтың қасы. Әсіресе шығармалары, өлең жырлары осы күнгі шығарылған кітаптарда аз ғана. Мәселен «Бес ғасыр жырлайды» кітабында ары кетсе он ғана өлеңі жарым жартылай берілген. Десекте Құлыншақ ақынның бізге жеткен өлең жырларын көзіміздің ағы мен қарасындай бағалай білгеніміз жөн болар.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.

Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:

«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,

Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегенiне лезде сөз тауып:

Сен Құлыншақ болғалы талай болды.

Не құлын, не жабағы тай болмадың.

Немесе Гүлханым арудың:

Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:

Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,

Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.

Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,

Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi.

Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап:

Молдалар кiтап оқып мән айтады.

Бiлмесе бекер сөздi неге айтады.

«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында

Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады - деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара - Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi.

Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып «Үш күн күттiк бiздi бiр мақтамадың тартпа желдiгiңмен құрып кеткiр Майлықожа» дегенiне сөз сүлейi:

Қазақтың оза шапқан майлысы едiм,

Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм,

Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп,

Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң

Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк

Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, - деп елдi риза етiптi.

Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.

Тыңдау: Құлыншақ пен Майлықожа айтысы

Үйрену: Е.Хасанғалиев «Атамекен»

Муыкалық сауат:

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау








Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 4 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ұйқас сөздер, 5-7-11 буынды өлең

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ұйқас сөздермен, әр түрлі буынды өлеңдермен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Қысқа қағытпа айтыс дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Өлең тармақтарындағы аяққы сезердің дыбыстас естілуі, үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін ажыратады. Ұ. Өлең жолдарын бір-біріне келген дейді, өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір бүтін етіп тұтастырады, соңдықтан әр шумақтың немесе әр тираданың ұйқасы, суреті ез алдына бөлек-бөлек болып келеді. Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теориясың айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі - өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мыс. :

Желсіз түнде жарық ай, - а

Сәулесі суда дірілдеп. - б

Ауылдың жаны терең сай, - а

Тасыған өзен күрілдеп. - б

Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, - а, -б, -а суретті ұйқаспен жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, -а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан басталатын ұйқастың түрі: Ғашықтық іздеп тантыма - а Аз күн әуре несі іс? - б Өзіңнің қара артыңа, - а Өткен өмір бейне түс. - бСинтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы, ырғағы менұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай әкелген соны дұниелер - оның сегіз аяқтары, яғни, 8 тармақты, шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті -а, -а, -б, -в, -в, -б, -г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар түзеді, Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер өлеңнің мазмұнына, ойына, стилінетікелей қатысты болып келеді.

Тыңдау: қара өлең

Үйрену: Ә.Еспаев «Ұстазым менің»

Муыкалық сауат: Тармақ, бунақ

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: әнді жаттау





Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 5 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жыраулардың хан - сұлтандарға айтқан кеңесі - Асан қайғы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Ұйқас сөздер дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Асан Қайғы
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, - дейді М.Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария - Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.
Асан - өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған "таза мінсіз асыл сөз" аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына "қайғы" деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.
Мал баққан көшпелі елге керегі - бейбіт тіршілік. Бірақ, ол кезде жаугершілік, басқыншылық, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.
Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.
Асан қайғы "Әй, хан, мен айтпасам білмейсің" деген Жәнібек ханға айтқан толғауында "шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің" - деп күйзелген халқының қамын ойлау орнына "қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына масаттанған" ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін ойламаған ханға жырау "Ойыл көздің жасы еді... Ойылдан елді көшірдің, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің... Еділ деген қиянға, еңкейіп келдің тар жерге", - деп нали тіл қатады.
Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:

Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір, -

деп ақыл-кеңес береді. Онан әрі ханға:

Аңдып жүрген көп дұшпан, Өз басына келеді.
Елге жау боп келеді. Құлың кеп сені өлтірер.
Құладан қуды өлтірсе, Осыны Асан біледі, -

деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.
Ақылгөй жырау "ата жұрты - бұқара" күшін жоғары бағалайды. "Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа" - деп, елді бірлік-ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат, өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған. Жырау:

Ашу - дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің.
Түбі терең қуысқа, -

деп шалдуарлық теріс мінездерден сақтандырады. Сол сияқты "Ердің құны болса да, қол қусырып барған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғыны қуыспа", - деп, қайырымдылық, ерлік істерге жетектейді. Асан қайғының:

Арғымаққа міндім деп, Достарыңмен санаспа!
Артқы топтан адаспа! Ғылымым жұрттан асты деп,
Күніңде өзім болдым деп, Кеңессіз сөз бастама!
Кең пейілге таласпа! Жеңемін деп біреуді
Артық үшін айтысып, Өтірік сөзбен қостама! -

деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге.
"Көлде жүрген қоңыр қаз" толғауындағы ғибратнамалық ойлары да тереңділігімен, парасаттылығымен таңдандырады.
Асан жырлары тек өзінің мазмұнымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жырау поэзиясы толғау түрінде келеді. Ол өз жырларында синтаксистік параллелизмді шебер қолданған.
Таза, мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, -
деген жолдардан мұны айқын аңғаруға болады. Жырау бұл тәсілді тек көркемдік үшін ғана қолданбаған, сол арқылы терең ой түйіндеген, сөз өнерінің қадірін білдірген, сөз жалаң дүние емес, адам жанының ішкі толғанысының, жан сырының көрінісі екенін тамаша өрнектеген. Ақын поэзиясы дыбыс үндестігіне құрылған.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойыңды...
Елбең-елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген... -
деген жолдарда жырау өз ойын айтып беру үшін көркемдік тәсілді ұтымды қолданған. Мұндай өрнекті "Қырында киік жайлаған" өлеңінен де кездестіреміз.

Тыңдау: Асанқайға «Ел айрылған» , «Өсиет»

Үйрену: Халық әні «Елім -ай»

Муыкалық сауат: Дәстүрлі музыка

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау










Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 6 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Ақтамберді жырау - суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.

Ақтамберді - тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. «Қазақ ССР тарихы» берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол - жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХVІІІ ғ. жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғ. белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған. «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын шығармасы - ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. («Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жағама қолдың тигенін», «Жауға шаптым ту байлап» т.б.). Ақтамберді сөздері - ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. («Балаларыма өсиет»). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп.

Жырау өз арманына жетеді: сақал-шашын ақ қырау басып, қартайған шағында ол талай жеңістердің куәсі болады, туған жердің бір бөлігі иесін қайта тапқан күнді де көзімен көреді. Жау қолынан азат етілген шығыс облыстарға қазақ рулары қайтара қоныс аударған кезде атамекенді жатырқап қалған жұртты орнықтыру жолында қарт батырдың белсенді қызмет атқарғандығы аңғарылады. Ақтамберді 90 жас жасап, 1788 жылы шамасында дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзінің өрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді.

Тыңдау: Ақтамберді «Күлдір де күлдір кісінетіп»

Үйрену: А.Жаймов «Қазақстан»

Муыкалық сауат:

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау


Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 7 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жыраудың халыққа айтқан өсиет сөзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Ақтамберді батырларға қалай рух берді?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер

Толғаулары

Жыраудың "Он екі айда жаз келер", "Абылай ханның қасында", "Ханға жауап айтпасам" атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: "Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек", "Әлемді түгел көрсе де", т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел "Көмекей әулие" Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі - жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, "Қилы заман" толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

"Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан."

Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл "Қилы заман" толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: "Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой" - деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; "Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!" деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: "Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
Баянауыл, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ….
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!".

Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: "Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады", - дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: "Еліңнің қамын же - сана, Есіліп кеңес айт - сана" деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі.

Тыңдау: Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені»

Үйрену: Н.Тілендиев «Өз елім»

Муыкалық сауат: Өсиет туралы әңгіме

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау



Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 8 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Базар жырау мұрасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Бұқар жырау қай заманда өмір сүрді

  2. Бұқар жыраудың қандай толғаулары бар?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту


Оңдасұлы Базар жырау

Оңдасұлы Базар, Балқы Базар (1842-1911) - жырау. Қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Руы - шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен бидің ауылына сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болды. Базар жырау 15-16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұланғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көрұғылы», «Жүсіп - Ахмет», т. б.) қазақ тілінде, өзінше жаңадан жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна - тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан тасқа басылып шыққан «Айман - Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады. Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анық. «Әр кемелге - бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т. б. іргелі толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды. Оның жырлары афоризмге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады. Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әр түрлі маусымы, туып-өскен жер, т. б. жайлы шығарған толғау-термелері де көп. Сараң байларға, әділетсіз әкімдерге, қиянатшыл кісілерге арнаған сын-сықаққа толы, қазақтың ауыз екі поэзиясындағы арнау-эпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да жетерлік. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады. Бұдан жыраудың композиторлық қабілетінің де болғанын аңдаймыз. Жырау көзі тірісінде, әсіресе, қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Оның бұдан да басқа хатшылары болған. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған. Базар жырауды көзі тірісінде-ақ Сыр бойының жыраулары мен шайырлары өздеріне ұстаз тұтқан, оның өнегесін ұстанған. Базар жыраудың өлеңдері 20 ғасырда ғана баспа бетін көре бастады.

Әр нәрсенің парқы бар

Жақсы менен жаманның

Арасы жер мен аспандай.

Байқарсың бір күн, басыңа

Іс түскен кезде, сасқанда - ай

Мырза менен сараңды -

Өлшестіріп қарасаң,

Ылди мен зәулім асқардай.

Ғалым менен наданды -

Салыстырсаң білерсің,

Дария шіреп тасқандай.

Әр нәрсенің осындай,

Алғандарға парқы бар,

Қадірін білсең, мысалы,

Кәрілік пен жас қандай?

Өздеріңдей жақсының

Оңай емес алдында

Татаусыз сөзді табуға,

Кібіртіктеп жасқанбай.

Топқа кисе толымды,

Тозбайтын бектік тоңдайсың,

Мен сендерге -
астардай.

Ойдағы менен қырдағым,

Қуан менен Сырдағым,

Қуанып бүгін отырмын,

Есен - сау басты қосқанда - ай!

Опасы жоқ дүниенің

Өлшеулі өмірің таусылса,

Өте шығад бір күні

Көзіңді жұмып, ашқандай.

Тыңдау:

Үйрену: И. Нүсіпбаев «Жол жыры»

Муыкалық сауат:

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау









Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 9 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ақтан жырау - он жаман

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: жыраулармен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Бұқар жырау қай заманда өмір сүрді

  2. Бұқар жыраудың қандай толғаулары бар?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Ақтан Керейұлы (1850 , қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы - 1912, сонда, Шибұлақ мекені) - ақын. Атасы Абдолла ел аузында аңыз болып қалған айтулы атбегі. Ақтан Абыл, Нұрым, Марабай дәстүрімен өлеңді қолма-қол шығарған. Ол Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау алқабындағы елдерді аралап, ақын, жырлаулармен кездесіп, жиын-тойларда той бастап, жыр толғайды. Нұрым, Қашаған, Қоспақ, Жаскілең, Нұрпейіс сияқты ақын, жыраулармен бір жүріп, өнер таратады. Шығармалары - өмір мәні туралы филос., ақыл-нақылдық терме, толғаулар (" Аяғына қан түссе", "Біріншіден не жаман" т.б.), тұрмыс-салт тақырыбындағы жырлар ("Той бастар", "Бата"). Ақтан адамгершілік пен адалдықты ("Біразырақ сөйлейін", "Замана жайында","Тыңдасаңыз сөзімді", "Қайыспас бұлан нар едім") өз шығармаларына арқау етіп, ел мүддесі үшін күрескен батырларды ("Ерлік жыры") жырлаған. "Қырымның қырық батыры" аталатын ерлік дастандардың бірқатары Атырау, Қарақалпақ аймағына Ақтан арқылы тараған. Қашаған, Нұрпейіс сынды ақындар бұл жырларды Ақтаннан үйренген. Ақтан жырлары ойнақы, ойлы да отты бейнелі сөздерге бай.Қазақстан, Орта Азия өңірлеріндегі жыршы, термешілер ақын жырларын "Ақтан сазы" дейтін өзіндік әуенмен орындайды. Оның өлең, толғаулары "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (1967), Ақберен"(1972), "Өсиет-нама" (1982), "Бес ғасыр жырлайды" (1985 - 1989), "Жыр- Дария" (1995), "Абыл, Нұрым, Ақтаным" (1997) жинақтарында жарық көрген.[1][2]

Тыңдау: Ақтан жырау «Не жаман»

Үйрену: И. Нүсіпбаев «Жол жыры»

Муыкалық сауат: Толғау

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау









Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 10 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар,саз

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Аспаптарды таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тоқсандағы әндерді қайталау

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу - әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады.

Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас ойлардан тазарып, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы да адам сияқты: басы, ішегі, мойны, тілі, кеудесі болады. Домбыра суреті алғаш IV ғасырда Арал теңізінің батыс жағындағы Қойқырылған деген жерде тасқа қашалып салынған.

Қазақтың аспаптық мәденинетінің өте ерте заманнан басталғанын археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп берген. Қойқырылған каласын қазу жұмыстары кезінде 2400 жыл бұрын қазіргі қазақ домбырасына ұқсас қос ішекті аспап ұстаған қыш мүсіндер табылған.

Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға қүштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, еңбек етуге құштарлығы арта түседі .

Мен де осы саналы пікірлерді біле отырып , домбырада ойнауды алдыма мақсат етіп қойдым. Сондықтан домбыра аспабы туралы деректерді іздеп, зерттеп, оқып,оның қүрылысын білуді дүрыс деп таптым. Шетелде жүрген қазақтардың өзі де домбыраны сағынады екен. Жақында ғана бір ағайым шетелге іссапармен барса, алыстан бауырымыз келді, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны тартып беріңізші деп қолқа салған екен. Ал, ағайым домбыра тарта алмайтынына қатты қиналыпты, бауырластарымыз болса, арнайы курсқа жазылып, жырақта жүрсе де өз өнерлерін тастамай үйреніп, тартып жүр екен. Осы жайт мені қатты таңғалдырды. Қазақ елінде, қазақ жерінде жүрсек те, домбыра тарта алмайтынымызға қатты өкіндім. Сондықтан, бірінші, домбыра тартып үйренуді мақсатқа алып отырмын. Мектебіміздегі домбыра оркестрі орындаған шығармаларды сүйсіне тыңдап, қызыға қарайтын болдым. Жақында сыныптас досым Тілек екеуміз ғылыми жоба жаздық. Сонда екінші сатысына , домбыра мүсінін ағаштан қашап жасап, қою себебіміз де сол болды.

Домбырада жыр, терме, айтыс, толғау, күй, т.б. шығармаларды орындауға болады.Әсем дауыс ырғағына қосылған маржан сөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді.

Домбыра үні адам бойына тамаша сезімді оята отырып жетеді. Оның үні тындаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауына әсер етеді. Домбыра аспабының бойына бірнеше ерекшеліктер шоғырланғанын педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Еңсепов ағамыз атап көрсетк>ен. Домбыра барлық пәндермен байланысты. Мысалы, домбыра - әр дыбысты есептеп ойнайтын математика пәні, домбыра-қүлақ күйін есту арқылы екі ішек арасындағы дыбыс тербелісін айыратын физика пәні, - дейді.

Бүгінде домбырасы жоқ қазақ үйі, домбыраасыз ауыл жоқ деуге болады.

Бүгінгі қазақ зиялыларының өзі хан, би- шешендер, ақындар мен батырлар, бұхара халық домбыра аспабының негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетін құрметтеуге ерекше мән беруде. Домбыра туралы жыр жазбаған ақын кемде-кем. Ендеше, құрметті достарым, домбыраны үйрене отырып өз халқымыздың өнерін, мәдениетін әлемге паш етейік дегіміз келеді.

Атақты Құрманғазы, Сүгір, Тәттімбет сияқты күйшілер әлі де өмірге келер. Ұлтымыздың жан сұлулығын, дархан мінезін, кең даласын өрнектеген тамаша күйлер жазылатынына сенемін.

Дутар - Орталық Азия халықтарының (өзбек, түрікмен, тәжік, ұйғыр) шертіп, қағып ойналатын екі ішекті музыка аспабы. Дутар екі түрлі әдіспен - тұтас ағаштан ойылып және құралып жасалған. Соңғысын өзбектер "қабырға дутар" деп атайды. Дутардың мойны ұзын болады. Сондықтан оның дыбыстық қатары ауқымды, олар хроматикалық жүйемен орналасқан. Дутар сол қол саусақтарымен перне басып, ал оң қолмен қағып немесе саусақтармен шертіп тартылады. Танбур, домбыра аспаптарына қарағанда Дутардың өзіндік орындау ерекшеліктері де бар. Дутар унисон, кварта, квинта, октава бұрауына келтіріле береді. Осы ерекшеліктерінен Дутарда параллельді кварта, квинта, секта интервалдары туады. Көне муз. аспап танбурға ұқсайтын Дутар туралы деректер тек 15 ғасырда кездесе бастайды. әл-Хусейнидің "Канон" атты трактатында шығыс музыкасына тән 12 мақам ерекшеліктері осы Дутар аспабының құрамы негізінде қарастырылған. Дутардың көне үлгісінің мойны сәл қысқалау болып, ішектері жібектен тағылған. 7 түрлі мақамы болған. А.Вамбери өзбек, түрікмен арасындағы қос ішекті муыкалық аспап - Дутарды тартушылардың даңқы бүкіл Түркістанға белгілі екенін жазады. Сондай-ақ, Дутар туралы деректер В.Успенский, В.Беляев, Ф.Кароматов, Т.С. Вызго, т.б. еңбектерінде кездеседі.

Cаз - ішекті музыкалық аспап. Саздың алмұрт пішінді ағаштан жасалған негізі 10 - 14 ладтық ұзын мойынға жалғасады. Оның жалпы ұзындығы 500 - 1200 мм. Саз Орталық Азия, Ауғанстан, Түркия, Иран, Дағыстан, т.б. халықтар арасында кең тараған. Ұйғыр, өзбектердің дутар аспабына ұқсас. Саз әншілерді сүйемелдеуде және халық аспаптар ансамблінде пайдаланылады. [1]

Тыңдау: ХК «Нар идірген»

Үйрену: Ж. Даулетов «Қазақ елі»

Муыкалық сауат: аспаптың құрылысы

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау











Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 11 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Башқұрт халқының аспаптарымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: қурай аспабының суреті

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Башқұрттар [өзд. атауы - башқорт, яғни бас құрт (түркіше - бас бөрі)] - Башқұртстан Республикасының байырғы халқы, түркі халықтарының бірі. Ресейдің Челябі, Қорған, Орынбор, Пермь облысы, Свердлов облысы, Саратов облыстарында, шағын тобы Қазақстан мен Орта Азияда да тұрады. Жалпы саны 1 млн. 500 мың адам (1995), Башқұртстанда 1 млн-дай. Түркі тілінің қыпшақ бұтағына жататын башқұрт тілінде сөйлейді. Орыс және татар тілдерін де қолданады. Жазуы кириллицаға негізделген. Башқұрттар этногенезінің қалыптасуына VII - X ғ-лардағы әр алуан түркі тайпалары (үсерген, байлар, сұраш, маңғауыр, жағалбайлы, тама, бешуыл, кедей, табын, мың, керей, қаңлы, арғын, байұлы, т.б.) ұйытқы болды. XI-XIII ғ-ларда қазіргі башқұрт жерін мекендеген бесене, Еділ бұлғары мен мадияр тайпаларына қыпшақтардың әсері күшейіп, көне башқұрт этносының қыпшақтану бағытында дамуы арта түсті. Бату шапқыншылығы, башқұрт жеріне Қыпшақ даласынан халықтың көптеп қоныс аударуы башқұрттардың қыпшақтану процесін одан әрі жеделдетті. Қазақ халқының этногенезінде шешуші орын алатын түркі тайпаларының басым көпшілігі башқұрт халқының құрамында да кездеседі.

Қыпшақ дәуірі башқұрт халқының қалыптасуының (XV - XVI ғ-лар) басты кезеңі болып табылады. XVI ғ-дың орта кезінен Башқұрттар Ресей ипериясының отарына айналды. Башқұрттар әскери қызметке, алтын кен орындарына жұмысқа тартылды. Бұрынғы кезде Башқұрттартар негізінен көшпелі мал ш-мен шұғылданып, аң ауласа, XVII-XIX ғ-ларда егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көшті. Тілі мен мәдениеті, қоршаған ортасы татарларға жақын болғанымен, ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрінде қазақ халқына ұқсастық басым. Мысаслы, қайыстан, теріден жасалған бұйымдар, ер-тұрман, үй жиһазы, ыдыс-аяғы, киіз басу, кілем мен алаша тоқу кәсібі қазақ қолөнеріне ұқсас. Ұлттық тағамдары да қазақ халқының ұлттық тағамдарына ұқсайды: айран, құрт-ірімшік, қаймақ, қымыз, т.б. Бишбармақ, құлдама, салма, чурпаря аталатын тағам түрлері де бар. Далалы жерлерде кірпіштен, орманды-далалы аймақтарда ағаштан қима үйлер салады. Ұлттық киім үлгісінде: әйелдер "кюлдэк" аталатын ұзын, кең етекті қынама көйлек, зерлі қамзол, әсем тақия, ерлер кең балақты шалбар, бағалы аң терісінен тігілген дөңгелек бөрік, тымақ киеді. Кең тараған музыка аспабына қазақтың сыбызғысына ұқсас қурай, шаңқобызына ұқсас қобыз, варган, домра жатады. Жыл сайын ораза мен құрбан айты, наурыз мейрамы, көктемгі егіс жұмыстарынан кейін сабантой тойланады.

Үрмелі аспаптар арасында қурай - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады.Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналған. Қурай шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Қурайшылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Қурай қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 мм немесе 700 - 800 мм болады; 3 - 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Қурай ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Қурай негізінен бақташылар арасында кең тараған. Қурайлық әуендер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам Қурайда ойнай алатын болған.Қурай тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, т.б.) бар. Біздің сыбызғы аспабымыз осы қурай аспабына ұқсайды.

Тыңдау: Х/К «Жау төбе»

Үйрену: Ж. Даулетов «Қазақ елі»

Муыкалық сауат: марш

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау



Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 12 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Тыңдау: Х/К «Жау төбе»

Үйрену: Алтынбек Қоразбаев «Үш қоңыр»

Муыкалық сауат: әннің құрылымы

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау

Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 13 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап - қобыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Киелі қобыз аспабымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Қобыз - ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.

Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған, қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым.

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған, қобызым.

Құлағыңды бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын,- деп қобызды қолына алған

кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң - бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты».(М.Жарқынбаев. Қорқыт. Өнер, 1987 ж.)

Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйі тыңдалады. «Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын «Ұшар» деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласына қалған жалғыз көз - тазыны іздесе, ол ұшты-күйлі жоқ болып шығады. «Ескі жұртта қалған болар» - деп, ана бұрынғы қоныстарына келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып жатыр екен. Мұны көрген ана:

Жалғызымнан айырылдым,

Қанатымнан қайырылдым,

Ұшар,ұшар, кә-кә... - деп аңырайды. Кең далада

жалғызының артында қалған ана мен иесінен айырылған тазы - қос мұңлық қосылып күңіренеді». (Н.Шәменұлының айтуы бойынша жазылған. М.Жарқынбеков. Қорқыт. Елім-ай. Өнер. 1987 ж. 22 бет.)

Қорқыт өзінің «Ұшардың ұлуы» атты күйін осы оқиғаға байланысты шығарыпты деседі.

Түркі тілдес халық тайпаларының сенім-нанымында шамандық елеулі орын алған. Шаман дегеніміз емші, тамыр ұстаушы, балгер, жын құрсанған бақсы. Оларды абыз деп те атаған. Бұл қобыз деген сөздің өзгерген түрі. Бақсылар қолына қобыз алғанда:

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым!

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым,

Қызыл қаршын тобылғы

Жәшік қылған қобызым,

Желмаяның терісінен

Қапшық қылған қобызым

Жүйрік аттың құйрығын

Ішек қылған қобызым!

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым!

Тасқа шыққан ырғайдан,

Құлақ қылған қобызым!

Сексендегі кемпірдей,

Бүкір белі қобызым!

Буаз қатын секілді

Арты шөмек қобызым!

Әбден де болжа, қобызым! -

деп сарнайды. Қобыз - түркі тілдес халықтардың ертеден келе жатқан көне өнер аспабы.

Қорқыттан кейін өмір сүрген, аты әйгілі, киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да қазақтар арасында аңыз көп. «Қойлыбай бар бақсының түп атасы, оқ тартар садағы іспетті» деп суреттейді оны Шоқан. Бірде ол қобызын аламан бәйгеге салғаг деген аңыз бар. «Жүздеген сәйгүлік қосылған бәйге аттарының келе жатқанын көргенде қолына қанжарын алып әулие, пірлерін жәрдемге шақырып Қойлыбай сарнап қоя береді. Сол-ақ екен бәйге жақтан бір қара дауыл тұрып, отша лапылдаған аптап ыстық жел соғады. Біркезде сол дауылдың артынан қалың қара көрініп, ат тұяғынның дүбірі естіледі. Демде бәйге аттарының алдынан қарборандатып, атты құлаш тамырымен ала жібін сүйреткен алып ағаш көрінеді. Сөйтсе ағаш дегені Қойлыбайдың қобызы, дауыл мен желді суырып келе жатқан көкаман жынының екпіні екен», - деп айтылады аңыз әңгімеде.

Тыңдау: Ықылас «Айрауықтың ащы күйі»

Үйрену: Д.Ботабаев «Елімізді сүйеміз»

Муыкалық сауат: гамма, арпеджио

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау





Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 14 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Монғол халқының аспабымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту


Моңғолдар, моңғол тілдес халықтар; алтай тіл шоғырының моңғол тілінде сөйлейтін (Моңғолиядағы халха, ойраттар мен Қытайдағы баоань, дунсян, даур, барга, монгор, моңғолдар мен Ауғанстандағы моғолдар, Ресейдегі буряттар мен қалмақтар) халықтар тобының жалпы атауы. Моңғолдардың жалпы саны 7 млн-нан астам (2000). Олардың басым көпшілігі Қытайдағы Ішкі Моңғолияда (5 млн.), Моңғолияда (2 млн-нан аса) өмір сүреді. Моңғолдар үлкен моңғолоид нәсілінің орт. азиялық түріне жатады. Моңғолдардың көпшілігі будда дінінің ламаизм тармағын ұстанады. Протомоңғолдық этностардың қатарына ежелгі Қытай деректерінде келтірілетін түркі және тұңғыс-маньчжур тайпаларымен араласқан дун-ху, сяньби, хи және шивэй кіреді. "Моңғол" этнонимі 7 - 10 ғасырлардағы Қытай шежірелерінде мэн-гу, мэн-ва, мэн-гу-ли түрінде кездеседі. "Моңғол" этнонимінің пайда болуы жөнінде ғылымда бірнеше болжамдар бар. 13 ғасырда қазіргі Моңғолия мен Қытайдың солтүстік-шығысын мекендеген тайпалардың бір бөлігі Шыңғыс ханның басшылығымен көршілес тайпа одақтар мен мемлекеттік құрылымдарды (қидандарды, ұйғырларды, қыпшақтарды, таңғұттарды, меркіттерді, наймандарды, т.б.) бағындырып, біртұтас мемлекет құрды. 13 ғасырдың жартысында Шыңғыс хан империясы бөлінгенде көпшілік Моңғолдар Юань империясына қарады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань империясы тарап, Моңғолдар Қытайдан қуылды. 15 ғасырда моңғол тілдес халықтар батыс және шығыс топқа бөлініп кетті. Моңғолдардың шығыс тобы 16 ғасырда солтүстік және оңтүстік болып бөлінді. Солтүстік Моңғолдар 16 ғасырдан бастап "Халха" деп атала бастады (қазір олардың ұрпақтары Моңғол Республикасы халқының 90%-ын құрайды) Моңғолдардың қазіргі әдеби тілінің негізі халха тілі болып табылады. Оңтүстік Моңғолдар Қытайдың құрамында қалып қойды және қазір ҚХР-дағы ішкі Моңғолияда тұрады. Батыс Моңғолияда ойраттар 17 ғасырда Жоңғар хандығын құрды, олардың ұрпақтары Моңғолиядағы, Қытайдағы Моңғолдар мен қалмақтардың құрамына енді. Барлық Моңғолдардың материалдық және рухани мәдениеті ұқсас. Дәстүрлі кәсіптері - көшпелі мал шаруашылығы (жылқы, сиыр, қой, ешкі, қодас, түйе өсіру). Егіншілік қосалқы рөл атқарады. Ішкі Моңғолияда арпа, бидай, жүгері, тары, зығыр өсіреді. Қосымша кәсібі - аңшылық. Негізгі баспанасы - киіз үй. Ер адамдар мен әйел адамдардың дәстүрлі киімдері - қапсырма шапан. Мерекелік киімдер жібек матадан тігіліп, жеңсіз кеудешемен толығады. Бас киімдер пішіні мен жасалған материалдары бойынша әр түрлі әлеуметтік топтарда бір-бірінен ерекшеленеді. Аяқ-киімдері - қалың табанды етік (гутул). Дәстүрлі тағамдары - ет (негізінен қой еті, сиыр мен жылқы етін сирек жейді), әр түрлі сүт өнімдері [ірімшік, май, сүт, айран, қымыз, сүт арағы (архи), т.б.]. Құс етін, балық, жеміс-жидектер, жабайы өсімдіктердің кейбір түрлерін тамақтарына пайдаланады. Моңғолдардың ұлттық ойындары - ат жарыс, садақ ату, күрес. Моңғолдарға будда діні 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде ене бастады, ламаизмнің гелугпа сектасы 16 ғасырдың соңы - 17 ғасырдың бас кезінде ғана орнықты. Моңғолдарда ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлар жыры (моңғолдың "Гэсэр", ойраттың "Джангар" дастандары, т.б.), саз өнері (көмеймен әндету, аспапты саз, дауысты созып ән салатын) сақталған.

Моринхур ол - Монғол халқының ұлттық киелі аспабы. Моринхур аспабы ағаштан жасалады. Көлемі төр бұрышты болып келеді, екі ішекті, жоғары жағы ертеде теріден жасалған. ХХ ғасырдан бастап түгелдей ағаштан жасалды. Аспаптың ұзынды 100 - 110 см. Қазақ халқының қобыз аспабына ұқсас, отырып ойналады.

Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Тыңдау: Якут - Саха халық шығармасындағы «Ормандағы таң»

Үйрену: «Жаса, Қазақстан»

Муыкалық сауат: Альтерация белгілері

ІV. Мадақтау.

Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау











Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 15 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Түркі халқындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Түркі халқының аспабымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Түркі халықтары да қазақ халқына ұқсас ұлттық аспаптары өте көп. Ұрмалы, үрмелі, шертпелі, соқпалы аспаптары бар. Олар:


  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі баглама


  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі қасықтар

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі барабан

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі флейта


  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі черноморлық каманча

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі мей

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі нигара

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі свирель

.

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі тар

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі бубен

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі кебап кемане

  • Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі зурна

Тыңдау:

Үйрену: Ахмет Жұбанов «Ақша қар»

Муыкалық сауат: аппликатура

ІV. Мадақтау.

Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау












Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 17 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жапонның «Кабуки» театры

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жапон елінің театрымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: театр суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, дауысқа жаттығу жасау

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Әлемдегі экзотикалық елдер туралы сөз қозғағанда ең бірінші ойымызға оралатыны жапон елі. Бұл ел өзінің жаңа технологиялар саласындағы жетістіктерімен ғана емес, байырғы көне ғасырлардан күні бүгінге дейін сақталып келген дәстүрлерімен, ғұрыптарымен ерекшеленеді. Өзіндік орындалу стилімен, жанрлық айрықшалығымен ерекшеленетін бұл елдің театрлары да таңдай қаға айтуға лайықты жапон құндылықтары санатында. Сонымен әлемдік театртануда жапон театры Но, Кабуки және Бунраку деп аталатын үш үлкен-үлкен топқа бөлінеді. Бұл үшеуінің әрбірі жапон құндылықтарының тамаша сақталынған үлгісі ретінде аса жоғары бағаға ие. "Но" театры - XIV ғасырда пайда болған және бүгінгі күнге дейін ешбір өзгеріске ұшырамай жеткен көне жапон драма театры. Оның атағы осы күні дүркіреп тұрса да әлі күнге дейін ақсүйектерге арналған өнер есебінде айтылады. Ондағы қойылымдардың барлығы аса жоғары талғампаздық пен кірпияздықпен қойылады. Бұл театрдың басты ерекшелігі актерлер балқарағайдан жасалынған маскаларды киіп өнер көрсетеді. Бұл маскаларды көбіне көп басты рөлдегі актерлер киіп шығады. Театрдың тағы бір айрықша тұсы ондағы кейіпкердің екі тұрғыда өнер көрсететіндігі: алғашында адам кейпінде(бұл рөл maeshite деп аталады), кейіннен рух (nochijite) түрінде. Сахнада декорация жоқ, болса да аз, ал актердің әрбір қимылы белгілі бір мәнге ие. Бүгінгі күні Но театрында пьеса 30 минуттан 120 минутқа дейін созылады. Ал бұған дейінгі ғасырларда бір қойылымның өзі бірнеше күнге дейін созылатын. Бұл да жапон театрына қатысты өте қызық дерек. Жапониядағы ең ірі тарихы тереңде жатқан театрлардың бірі ─ Кабуки театры. Дәстүрлі Кабуки театры XVII ғасырда пайда болған, ал оның негізін Идзумо тайся деп аталатын Жапониядағы ескі әрі маңызды ғибадатхананың қызметшісі Идзумо-но Окуни салған. Кабуки дәстүрлі би мен әнге құралған символикалық және драмалық қойылымдардан тұрады. 1603 жылы Идзумо-но Окуни өзеннің тартылып қалған сағасы мен Киотоның адамдар көп жүретін көшелерінде діни билерді орындай бастайды. Кейіннен Окуни өз биіне түрлі музыкалық құралдардың сүйемелдеуімен романтикалық қойылымдарды қоса бастады. Осыдан кейін ақ Окунидің есімі бүкіл Жапония халқына әйгілене бастады. Оның өнері жайындағы небір хикаялар бір қаладан бір қалаға өте тез жылдамдықпен тарала бастады. Танымалдылығы арта бастаған сайын Окунидің көрермендері де көбейе түсіп, ол тек қана әйелдерден тұратын труппа құрды. Осылай өнерлерін дамыта түскен жапон әйелдері тіпті императордың алдында да өнер көрсетті. Кабуки театрының бір ерекшелігі ондағы барлық рөлдерді тек қана ер адамдар ғана сомдауға рұқсат. Халық арасында бұл театр Но театрының қарапайым халыққа арнап жасаған нұсқасы деп біледі. Қойылымдар әлі күнге дейін ескі жапон тілінде өткізіледі. Қойылым шамамен 6 сағатқа созылады. Кабуки театрының актерлері мимикамен «сөйлеуді» өз өнерлерінің алғышартына айналдырған десе де болады, яғни бетті қимылдату арқылы белгілі бір көңіл-күйді, жан толқыныстарын, сезім арпалыстарын оп-оңай-ақ көрерменге жеткізу қабілетіне ие. Бұдан шамамен төрт жүз жыл уақыт бұрын Кабуки марионеткалар театры болған. Ал бертін келе қуыршақ актерлердің орнын адамдар басып, керісінше жансыз қуыршақтардың рөлін сомдау жолға қойылған. Жапониядағы актерлердің бұл өнерге жанын салатыны сонша, тіпті олардың өмірі дәл осы өнерінен тұратынын айта кету керек. Олар өз кәсіптерін атадан балаға мұра етіп қалдырып отырады, яғни театр актерлерінің тұтас бір династиясын қүрайды. Мәселен Жапонияда 17 ұрпаққа созылған Кабуки актерлері династиясы бар. Жапониядағы тағы бір ұлттық театр Бунраку деп аталады. 1872 жылы ресми түрде ашылған бұл театр жапониядағы ең ірі қуыршақ театры болып саналады. Мұндағы қуыршақтар адам бойымен бірдей. Жапониядағы спектакльдердің барлығы дерлік көбінесе мұңды болып келеді. Мұның себебі жапондарға тән ментальды мінез бен болмыс деп түсіндіреді театр зерттеушілері. Бүгінде жапон театрларының бүкіл әлемге таралды. Өзіндік бірегейлігімен ерекшеленетін жапон театр мәдениеті бүгінде әлемнің түкпір түкпірінде өз көрермендерін тапты.

Тыңдау: Мондзаэмон Тикамацу драмаларынан үзінді

Үйрену: Жапон халық әні «Сакура»

Муыкалық сауат:

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау


Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 18 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қытай дәстүрлі музыкалық театры

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қытай дәстүрлі музыкалық театрымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: театр суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Қытайдың театр өнері халық ән-биі мен мейрамдарға, діни салт-жораларға арналған сауықтар элементтерін қамтитын "бай си" ("жүз ойын-сауық") ойыны түрінде пайда болған. Б.з.д. II-I мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде "чан-ю" ("әнші-актер"), "пай-ю" ("қуақы"комик") деген терминдер кездеседі. Хань дәуірінде қалалардың өркендеп, колөнер кәсіпорындарының көбеюі театр өнерінің дамуына әсер етті. "Бай си" ойынына тұрмыстық көріністер ене бастады. Мәдениеті жоғары дамыған Таң империясы дәуірінде қытай әдебиеті мен өнеріне, көбінесе би өнерінің дамуына үлкен әсер еткен буддизм кең етек жаяды. Өкіметті, сатқын әкімдерді әжуа еткен сатиралық "Цанъцзуюн туралы ойын" шағын пьеса-диалогтері танымал бола бастады. Бірінші амплуалар: тапқыр қалжыңбас - цанъцзунь, ақпейіл ақымақ - цанъгу. Қойылым импровизациялық түрде болды. Ән мен бидің сахналық жаңа формасы - дацюй пайда болды. Мұның өзі музыка мен әннің, би мен [[пантомима]ның] элементтерін біріктірген негізі театрлық формаға айналды. IX ғасырдың орта шенінде Таң императоры Сюань-Цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын "Алмұрт бағы" ("Лиюань") атты театр мектебі құрылды. X-XII ғасырларда театр одан әрі дами түсіп, кәсіби актер труппалары пайда бола бастайды. Бірінші драмалық форма - комедиялық импровизациялық көріністер ~ цзацзюй (араласқан ойын-сауық) пьесалары болды.

Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

XIII-XIV ғасырларда қытай театры кемелдене түсті. XIII ғасырда цзанцуй драмасы кең етек жаяды. Бұл пьеса төрт актіге бөлінеді, оған айқындық пен композиция қарапайымдылығы, тартыс шиеленісі тән. Әр акт - бір әуеннен, бір әнші-кейіпкерден тұрады. Қытай драмасы екі бағытта дамыды. Цзацзюй пьесалары солтүстік бағыттагы театрға (бэйцюй) жатады. Бұл жанрда Гуанъ Ханъ-цин' ("Доу Э љкпесі"), Ban Ши-фу ("Батыс флигель"), Бо Пу ("Платандағы жаңбыр"), т.б. драматургтер жазды. Юань заманындағы цзацзюй театры сахнасында ең басты орындаушылар - әйелдер болды, бұл басқа театр жанрларынан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін осымен ерекшеленіп келді. Бұл мезгілде оңтүстік бағыттағы театрлар (нанъси) дами бастады. Наньсидің драмалық формасы чуанъци деп аталды. Бұнда композицияның, пьеса көлемінің және әуендер санының (әр актіде бірнеше әнші-кейіпкерлер) тұрақсыздығы байқалды. XIV-XVII ғасырларда драматургияға қатал цензура тағайындалды, бірқатар спектакльдердің қойылуына тыйым салынды. Қытай театрының әрі қарай дамуы бірнеше жергілікті театр жанрларымен байланысты. Олар Цзянси провинциясының Цянь театры мен сол провинцияның Куныпань уезінің Куньцюй театры болды. Цянь театрындағы спектакльдер тұрмыстық тақырыптағы, кейінірек танымал романдарының инсценировкасы бойынша жасалған қойылымдар болды (мысалы, Учен-эньнің "Батысца саяхатшысы"). Тарихи көріністерді сахнаға шығару акробатикалық және фехтовалдық техниканың дамуына әкелді. Куньцюй ақсүйектер мен зиялы қауымының театры болып саналды. Бұл театрдың пьесалары, көбінесе лирика-тұрмыстық тақырыпта болып және орындаушының вокал және би техникасының жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Қоғамның таңдаулы адамдарына арналғанына байланысты XVIII ғасырдың аяғында бұл театр құлдырай бастайды. Кунь-шань театры жоғары драматургияны, керемет музыкалық, сахналық және актерлік өнерді біріктірген жаңа театрлық түр әкелді.

Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Куньцюй жанрының дамуына кейін куньцюй театрының вокалдық теориясына айналған "таза ән айту" куньцян теориясын айтып кеткен "Цюй Люй" ("Арияның метрикалық заңдылықтары") атты шығарманы қалдырған танымал актер әрі композитор Вэй Лян-фудың рөлі зор болды. XVIII ғасырдың ортасы мен аяғында куньцюйдің басты орталықтары Янчжоу және Пекин қалалары болды. Осы XVIII ғасырдың аяғында жаңа театр жанры, кейін қытайдың кәсіби театрының жалпы ұлттық түріне айналған - Пекиндік музыкалық драма пайда болды. Пекиндік музыкалық драмада көптеген жергілікті жанрлар бас қосты, солардың ішінде куньцюй ерекше орын алды. XIX ғасырдың ортасында Пекиннің музыкалық драма театры (Пекиндік, немесе астаналық опера) барған сайын Қытайдың классикалық драмасының ұлттық театр сипатын алды. Классикалық театрдың күрделі мәдениеті үлкен көркемдік өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл театр спектакльдерінде декорациялық безендіру мүлдем жоқ болды. XVII-XIX ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинъ-цян, юэцзюй, т.б. кұрылды. XIX ғасырда сол жергілікті театрлар негізінде пекиндік музыкалық драма (цзинси) дүниеге келді. Бұл кейінірек Қытайдың жалпы ұлттык классикалық музыкалы драмасына айналды. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.

Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі

Белгілі бір затты қиялда елестету арқылы ойнау, ойды шартты тәсілдермен, қимыл және ым-ишарамен білдіру, ой-қиялдағы заттар мен ойнау және реквизит заттарын аллегориялық-бейнелеулік арқылы қолдану (ескек - қайықпен жүзу), т.б. - қытай театрындағы актерлік өнердің негізгі ерекшелігі болып табылады. Орындаушының арнайы қолданған ым-ишараты, жүріс-тұрысы, гримі, костюмінің түсі мен тігілуі кейіпкердің мінез ерекшелігін, қоғамдағы орнын, т.б. көрсетеді. Грим мен костюмде түр-түстердің символикасына, ою-өрнекке ерекше мән берілді.

Мысалы, қызыл түс - ерліктің белгісі, ақ - зұлымдық пен өтіріктің белгісі болса, ал сары түс - императорлар мен будданың түсі деп саналды. Қытай театрында амплуа жүйесі берік қалыптасқан. Қытай театрының барлық кейіпкерлері төрт топқа бөлінеді: шен - ерлер рөлі, у - әскери адамдар, дань- әйелдер және чоу-комедиялық рөлдер. Осылардың әрбіреуінің өзіндік қимыл-қозғалыс пен драмалық әрекеттер кешені болды. Бұл театрдағы актерлік өнердің жоғары техникасы, дәстүрлі сахналык бейнелердің терең психологиялық трактовкасымен үйлесім табады.

Тыңдау: Пекин операсынан көрініс

Үйрену: І. Жақанов «Еділ мен Жайық»

Муыкалық сауат: ырғақ, метр, акцент

Әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың белгілі бір мерзімде ауысып келуін ырғақ деп атаймыз.

Белгілі уақыт үлесіндегі салмақты және салмақсыз үлестердің кезекпен , біркелкі келіп отыруын метр дейді.

Музыкалық шығарманың (немесе әндердің) кейбір дыбысын жеке бөліп, салмақ түсіре ойнауды (немесе айтуды) акцент түсіру дейді

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау









Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 1 Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Отанға деген түсінік қалыптастыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан - жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі


1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Тыңдау:

Үйрену: «Отан» әні Әні: Л. Хамиди Сөзі: Д. Әбілев

Әнді фразаларға бөлу, ырғағын соғып, нотамен айту.

Муыкалық сауат:

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау





Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруіАқтамберді жыраудың батырларға рух беруіАқтамберді жыраудың батырларға рух беруіАқтамберді жыраудың батырларға рух беруіАқтамберді жыраудың батырларға рух беруіАқтамберді жыраудың батырларға рух беруі

© 2010-2022