Ғылыми жобаҚазақтың қара домбырасы мен гитара аспабының үндестігі

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


КІРІСПЕ

Музыка - негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға белгілі бір әсер беретін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. Онда дыбыстардың биіктік және ырғақтық-ритмдік қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыканың әдебиеттен, театрдан айырмашылығы сол, ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Ол адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Музыка бүкіл адамзат тарихында қоғамдық - идеялық, мәдени - тәрбиелік және берік ұйымдастырушылық роль атқарады. Музыканың тарихи эволюциясы әлеуметтік дамудың жалпы заңына бағынады. Музыка алуан құбылыстарды суреттеп, олардың эмоциялық ауқымын аша отырып, қалың бұқараның рухани өмірін қалыптастыру құралы ретінде үлкен роль атқарады.

Қазақ халқының музыка аспаптары ғасырлар бойы келе жатқан мәдени мұра. Қазіргі кезде олардың 50-ден астам түрі белгілі. Әр аспаптың өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар. Көптеген музыка аспаптардың аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан, 15-19 ғасырдағы орыс және шетел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде музыка аспаптарын жасауға ағаш, қамыс, қурай, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі мен қылы қолданылған. Музыка аспаптарын ерте кезден халыққа хабар бергенде, жорыққа ұран салғанда, саятшылықта, сондай-ақ ән-күйлер орындағанда, бақсылар сарынында пайдаланып отырды. Музыка аспаптары ішекті (2 және 3 ішекті домбыралар, қобыз, жетіген, шертер), үрлемелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың көптеген түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді. Музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Қарағанды обл., 1957 ж. Алматы консерваториясының жанында шеберханалар ашылды. Халық аспаптар оркестрінде домбыра мен қобыздың жаңартылған үлгілерін пайдаланған А.Қ.Жұбанов болды. Музыка аспаптарын жасаушы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, И.Э.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Аухадиев аспаптардың оркестрге арналған үлгілерін жасады. Музыка аспаптарының көптеген көне түрлері Москва, Ленинград, Алматы, Семей т.б. қалалардың музейлерінде сақтаулы.

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Бұл жобада домбыра мен гитара аспаптарының шығу тегіне тоқтала келе, оны сақтау, қорғау, дамыту,қолдану, салыстыру және өзге ұлт өкілдеріне насихаттау туралы ой қозғалады.




1. Негізгі бөлім.

1.1Домбыра мен гитараның пайда болу тарихы

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.

Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей,Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ,

мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.

Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7-8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.

Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,- деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.

Гитара ұстап жүрген жанды көре қалсақ, "Қане, ән салшы" деп қолқа салуға дайын тұрамыз. Әннен ерекше шабыт алатын әнші де гитарасын қолына алып, шырқай жөнеледі. Сізге де, бізге де музыкадан шабыт сыйлап, жанымызға рахат беріп тұрған бұл не құдірет? Әрине, гитара! Ал сол ерекше аспаптың тарихын сіз білесіз бе? Бұл аспапты неге "гитара" деп атаймыз? Ойланып көрмедіңіз бе? Ендеше, көзіңізді төменге жүгіртіп өтіңіз.

Алғашқы гитара қашан және қайда пайда болған?

Гитара - ерекше музыкалық аспап түрі. Сонымен қатар, бұл аспап түрін «сегіз қырлы, бір сырлы» десек те артық айтқандық емес. Өйткені айрықша аспаптың аккустикалық және электрогитара сияқты т.б. түрлері бар.

Гитараның өмірге келуі

Бұл аспаптың тарихы тым тереңде жатыр десем, сеніңіз! Б.з.д. III мыңжылдықтарда қазіргі гитаралардың түпнұсқалары жарық көрген. Библиялық ертегілерде ұшырасатын шумер-вавилондықтардың ішекті аспаптары осының айғағы. Бұл заттай деректер Месопотамия жеріне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелгі Египет пен Үндістанда да осы аспапқа ұқсас заттар табылғаны тағы бар. Олар: набла, нефер, Египеттік цитра, және Үндістандық ситра мен вина. Ал сол кездерде Грекия мен Римде гитарамен туыстас ежелгі кифара аспабының аты аспандап тұрды.
Алғашқы гитаралар

Ұзын мойнымен жабдықталған ішекті шертпелі аспаптар ежелгі заманнан бар. 1470 жылдардан бастап қазіргі гитараларға ұқсайтын аспаптар дүниеге келе бастады. Әлемдегі ең алғашқы гитара деген атпен атақты аспап бүгіндері Лондондағы корольдық музыкалық мұражайда сақтаулы тұр. 1581 жылы Лиссабонда жаслаған бұл аспап Мельчиор Диастың атымен тығыз байланысты. Ол 15 ғасыр мен 16 ғасырдағы аспаптың бір-бірінен айырмашылығы көп екендігін көрсетті.

Оны біз гитараның құрылымына қарап ойланбастан мойындай аламыз. Диастың құрастыруымен жасалған гитара палисандр ағашынан жасалған. Қазіргі гитаралардың нағыз шығу тегі осы гитарамен байланысты деп айтуға болады.

«Гитара» сөзі қайдан шықты? «Гитара» сөзі санскрит тілінің екі сөзінен құралған: «сангита» - «музыка» деген мағынаны береді; ал ежелгі парсы тілінің «тар» сөзі - «ішек» деген мағынаны білдіреді. Басқа да мәліметтерге сүйенсек, «гитара» «төрт ішекті» деген мағынаны білдіретін санскриттік «кутур» деген сөзден де шыққан екен.
Орта ғасырда гитара аспабы әсіресе Испанияда танымал болды. Латын гитарасы деген атпен алғаш рет бұл елге аспап Римнен жеткен еді. Ал мавритандық гитара деген атпен араб басқыншылары арқылы да таралды.

Испанияға кең таралған бұл аспапты жергілікті халық 5 ішекті қылып дүниеге әкелді. Осындай гитаралар испандық гитара деген атқа ие болды. XVIII ғасырда испан гитараларына тағы да бір ішек қосылып, алты ішекті шертпелі аспап болып шыға келді. Қаншама ғасырды артқа тастап бұл аспап келе-келе біздің де қолымызға жетті. Гитара - кең таралған 6 не 7 ішекті музыкалық аспап. Ішектері металл немесе нейлоннан жасалады. Жеке орындауда, әнді сүйемелдеуде және басқа аспаптармен бірге ансамбльдерде де қолданылады. Испанияда ІI ғ-дан бастап белгілі. 17 - 18 ғ-ларда Америка мен Еуропа елдеріне кең тарады. 19 ғ-да Ресейде 7 ішекті Гитараға сұраныс артты. Гитараның укулеле (шағын ғавай Гитарасы), цис-тра (алмұрт пішіндес португал Гитарасы), ағылшындық Гитара тәрізді түрлері кездеседі. Қазіргі музыкада (джаз бен эстрадада) электрогитаралар қолданылады. Қазақ композиторларыҚ.Есенов, Е.Белғозиев, әншілер И.Өнербаев, Г.Ақүрпекова, т.б. гитараның сүйемелдеуімен көптеген муз. шығармалар, әндер орындап жүр.

1.2. Домбыра мен гитараның үндесуі. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалғанда көңілде қазақтың тәлім - тәрбиесі, дәстүр мен салты тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлтымыздың болмысы мен қасиетін түсінеміз, бойымызда тарих пен тілге деген құштарлық пайда болады. Домбыра үні арқылы адам ішіндегі лас дүниелерді тазартуға, күнәдан арылуға, денсаулық қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабы адам іспеттес:басы, екі құлағы, екі көзі, екі ішегі, мойны, тілі, кеудесі бар.
Домбыра суреті IV ғасырда Арал теңізінің батыс жағындағы «Қойқытыс» деген жерде тасқа қашалып салынған. Қазақтың аспаптық мәдениетінің өте ерте заманнан қалыптаса бастағаны археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр. Қойқырылған қаласын қазғанда археологтар осыдан 2400жыл бұрын қазіргі қазақ домбырасына ұқсас қос ішекті аспап ұстаған әуезшілердің қыш мүсіндерін тапқан.
Домбыра аспабын меңгеру арқылы ойлау қабілетінің дамуына, білім сапасының жақсаруына, мәдениет этикасының деңгейі жоғары, еңбек жемісінің нәтижесін көруге ықпал етеді.
Домбыра- бабаларымыздан қалған мұра.
Жыр, терме, айтыс, толғау, ән, күй, желдірме, қиса-дастан, т.б. шығармалардың барлығы бізге домбыра арқылы жетті. Күйдің шығу әңгімесі, әннің әуенге қосылуы, терменің тәрбиелік мәні,өсиеттің нақылы, жырдың ұзақ оқиғалары әуен негізінде орындалды. Әсем дауыс ырғағына қосылған маржан сөз домбыраның сүйемелдеуі арқылы жетеді.

Өйткені, айтушы домбыраның құлақ күйін өз ыңғайына келтіріп, оның мүмкіндігін құлаққа жағымды етіп орындайды.

Домбыра басқа аспаптар сияқты тура тимейді, ол адам бойына кеулеп, сезімді оята отырып жүрекке жетеді. Домбыраның үні тыңдаушылардың үйренуіне, естігенін ұмытпауға әсер етеді. Әсем әуен поэзияны құнарлы етіп көрсетеді. Поэзия, өлең сөздердің мәнгі сақталуына түрлі ырғақ, мақамдарын ықпалы зор болды. Домбыра шанағында бірнеше жанрлардың сақталып келуі өмірдегі мыңдаған бірлестердің куәсі болды.
Домбыра дәстүрлі тәрбие көзін бойына жинап, сақтай білді. Оның бойынан ұлттық тәлімді іздейтін болсақ, көптеген ұлағатты, үлгілі тәрбие қасиеттерді көруге болады. Өркен жайған қазақ халқының ертеңіне өз үлесін қосып, одан әрі дамыта түсетін үлгілерді құя алатын домбыра дәлелдеп отыр. Сондықтан домбыра негізінде жеткен атакәсіп үрдістерін толық пайдалану арқылы жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеді. Домбыра өзінің табиғи үнін сақтай отырып, жаңа технологияның даму процесіне ілесе білді.
Домбыра аспабының бойына бірнеше ерекшеліктер шоғырланған. Осының бәрін меңгеріп орындау, домбыра аспабының халық арасында жоғары дәрежеде қалыптасып, жоғалмай жоғалмай бізге жетуі және екінің бірі домбыра ойнай білуі осы құндылықтың негізінде жатыр.
Домбыра аспабы болмаса жыр, ән, күй, терме, желдірме толғау, айтыс жанрлары тумаған болар еді. Хан, би-шешен, ақын, батыр, бұхара халық домбыра аспабы негізінде тәрбиеленіп, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастырды.

Гитараның отаны - арабтар елі. Үш-төрт ішекті күйінде ІІІ-ІV ғасырларда ғана Қытайға келген аспап кейін Еуропаға ситар деген атаумен жеткен. Ал бізге гитара деген атпен келді, - деген ол әр елдің гитарада ойнау ерекшелігі түрліше екенін айтты.

Айталық, түріктер немесе үнділер ойнаса, солардың ұлттық аспабындай көрінеді екен. Мінекей, осыдан кейін ұлтжанды азамат гитараға қазақы үн беруді ойға алған. Өзі кәсіби музыкант болмаса да, осы істі қолға алған Қадырғали Көбентайдың арманы орындалды десек те болады. Ал «бард» деген ұғымды зерделеп көрген кейіпкеріміз бұл түркі тілінде «ақын» дегенді білдіретінін анықтады. Демек, бард - өлеңді өзі шығарып, өзі орындайтын өнер иесі. Мұндай атаудың да қазаққа жат емесін білген ол гитараның жетіген сынды ұлттық аспапқа ұқсастығына мән берді. Екеуінің үні де сарындас. Гитара ең көп дегенде 12 ішекті болады, ал жетігенде - 24. Гитараны өнердегі серігіне айналдырған өнер иесі нейлон ішегі арқылы оны жетігеннің үніне жақындатыпты. Осылайша, Қадырғали Көбентай мен Ершат Қайырхан ойнаған гитарадан ұлттық аспаптың әуені төгіліп тұрғандай болатынына біз де көз жеткіздік.
- Музыка саласында оқытылатын «гармония» бөлімінде әдетте гитаристер Еуропа нотасын меңгереді. Ал біз соны қазақиландырдық, - деді кейіпкеріміз тағы бір жағымды жаңалығымен бөлісіп. Сөйтіп, арабтардан қазақтарға дейін жеткен гитара бірде домбыра болып күмбірлесе, бірде қобыз болып күңіренеді. Гитараның осындай әуезді үнімен олар елімізге келген шетелдіктерді де таң қалдырған.

1.3.Домбыра мен гитара туралы зерттеулер.

Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа,түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі

түрлі әдіспен - құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар - Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.

Домбыра - тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев,Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:

  • 1932 - 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И. және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев, т.б. еңбек етсе, оны 1960 - 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.

  • 1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор,бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді.

  • 1990 - 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.

Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд». Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа,түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).

Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен - құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.

Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы,Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар - Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.

Домбыра - тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев,Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.

Ал гитара аспабының ерекшеліктері:

Бұл аккустикалық құрал болып табылады. Гитараның дыбысы оның ағаш корпусы арқылы ғана күшейтіліп шығады.

Кем дегенде гитараның ішектері нейлон және синтетикадан құралады. Жануарлардың шегінен кейде ғана жасалады.

Жалпы гитара жасағанда қызыл ағаш, шырша, балқарағай,қайың ағаштарын қолданады.

Гитараны ойнаған кезде нотаға дәл түсу үшін көп күш қажет болады.

Сонымен қатар дыбыстардың анық болуы үшін саусақтардың жүйелі

басылуы үлкен рөл атқарады және шебер гитаристер ғана оның үнін дұрыс шығара алады.

Гитараның мойын жазықтығында белгілері орналасады. Бұл белгілер дизайндерге сәйкес болады. Қымбат аспаптарды бұл белгі жоқ болуы мүмкін. Кейбір гитараларда 12 белгі, кейбіреулерінде 14 белгі орналасқан. Әдетте классикалық гитара ішекгінің астында пластик деген жоқ. Тырнақтың зақымдауынан қорғайтын арнайы медиатор болады. Әдетте микрофонсыз немесе күшейткішсіз гитараны ойнауға болады, адам көп, шулы жерлерге ғана микрофон міндетті түрде қолдану керек. Гитараны ойнағанда тізеге тірейтін және аяқтың астына арнайы тақтайша қойылады.

2. Практикалық бөлім.

2.1. Домбыра мен гитараның түрлері.

Алып домбыра

Кішкентай домбыра

Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.

Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 - 9, әрі кеткенде 14 - 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.

Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде

  • ән мен күй домбырасы

  • торсық

  • тұмар

  • кең шанақты (екі нұсқасы)

  • балдырған

  • балашық

  • шіңкілдек

  • аша

  • үш ішекті

  • қуыс мойын

  • шертер

  • оркестр домбыралары:

  • қоңыр дауысты (альт)

  • жіңішке дауысты (прима)

  • ащы дауысты (секунда)

  • бас домбыралар (екі нұсқасы)

Гитараның түрлері:

1.Цистра-1582 жыл

2.Мандоро-1640 жыл

3.Классикалық

4. 6 ішекті

5.7 ішекті

6.Бас -гитара

7.тоқ гитара

Жалпы айтатын болсақ, гитараның түрлері өте көп.Россияның гитарисі Аркадии Бурханов гитараның 500 түрін зерттеген.

2.2. Домбыра мен гитараның оркестрлерде қолданылуы

Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра-тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка - күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.

Ал гитаралар да барлық жерде қолданылады. Егер симфониялық оркестр болса оған гитараны қоспайды.

2.3. Домыра мен гитараның ұқсастығы

1.Екеуі де ішекті аспап.

2.Ағаштан жасалуы.

3.Аспапты ұстау шерту мәнері.

4.Кез келген шығармалардың орындалуы.

5.Отырып және тұрып ойнауға болады.

6.пернелері

Айырмашылығы:

1.Көлемі

2.ішектерінің саны.

3.дауыс ырғақтары.

4.қалыбы.(формасы)

5.тиектері мен дыбыс шығаруға арналған ойығы


Зерттеу жұмыстары

Сауалнама

Сауалнаманың тақырыбы: «Домбыра мен гитара аспабына деген сіздердің қызығушылықтарыңыз»

Сауалнаманың мақсаты:оқушылардың, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің домбыра аспабы мен гитара аспабына деген қызығушылықтарын анықтау.

Қойылған сұрақтар:

1.Домбыра аспабы мен гитара аспабының қайсысы музыкалық аспап ретінде өте бағалы?

2.Қай аспапты таңдап, соны үйренер едің?

3. Қалай ойлайсыздар, осы екі аспаптың қайсысын тез үйренуге болады?

4. Бұл аспаптарды нота бойынша ойнаған ыңғайлы ма, әлде өз бетімен үйренген жақсы ма?

5.Қазіргі кезде осы екі аспапқа оқушылардың үйренуге деген құлшынысы қалай деп ойлайсыздар? Әсіресе өзге ұлт оқушыларынан?

Сауалнаманың қорытындысы:

Сауалнамаға 60 адам қатысты (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер)

Сауалнаманың қорытындысы бойынша оқушылар домбыра аспабының күрделі екенін айтты, ал ата-аналар оқушылардың таңдауы бойынша үйренгені дұрыс деп есептеді, ал мұғалімдер гитара аспабына оқушылардың құлшынысы әлдеқайда басым екенін айтты.

80 % оқушылар аспаптарды нотаға салып үйренген дұрыс деп шешті.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша менің түсінгенім, жалпы оқушылардың өнерге деген түсініктері бар, жақсы көреді. Бірақ домбыра аспабының өзге өкілдеріміз гитара аспабынан әлдеқайда құдіреті басым, қасиетті аспап екенін түсіне бермейді. Мұғалімдердің айтуы бойынша ,әрине бәрі бірдей бірдей емес, қазақ халқының ұлттық аспаптарын құндап, алдағы уақытта домбыра сыныбына беретініне сенеді. Осы күнге дейін біздің мектебімізде 3 оқушы өзге ұлт өкілі домбыра үйреніп шыққан.







ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерді қадірлейік.

Қазақ музыкасына арқау болған әр түрлі музыкалық аспаптар заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда пайдаланылып, қазақ өнерін әлемге танытып келеді. Демек, қазақтың музыкалық аспабының қай түрі болмасын көнермейді деген сөз, керісінше ол заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.

Қазіргі кезде музыка әрлеушілері түрлі музыка жанрларын домбыраға, қобызға және т.б. музыка аспаптарына сәйкестендіріп, ұлттық нақышта, жаңа әр беріп, жоғары талғамда орындалуын көздейді.

Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізден өзінің лайықты орнын алған бұл музыкалық аспап, өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті мәдениетімізді дамытатын, ажарын ашатын, рухани құндылық ретінде сақтауымыз керек.

Саналы адам баласы табиғи дарынымен ерекшеленсе, асыл мұраларамыз ата - бабаларымыздың өнерімен, өнегесімен бағалы.

Домбыра сияқты екі ішекті музыкалық аспап пен гитараның мүмкіндігі зор. Солардың бірі домбырада шетелдік шығармаларды орындау болып табылады. Паганинидің төрт ішекті скрипкасында үлкен қиындықпен немесе басқа да әйгілі шетел композиторларының шығармалары, қазақтың киелі домбырасында оңай және әсем ойналады. Бұл қасиет әрбір музыкалық аспаптың үніне салына алмайды. Мысалы: Моцарттың "Түрік маршы" өте күрделі әрі жоғары темппен орындалатын шығармалардың бірі. Оның барлық вариациясын күйсандықпен ойнап шығу тек қана нағыз шебер адамдардың қолынан келеді. Алайда, қазақтың домбырасында осы іспеттес вариациялар аса қиындық туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының қос ішекті домбырасында дәстүрлі қазақ композиторларының шығармаларымен қоса, шетелдік шығармаларды да асқан шеберлікпен әсем орындауға болатыны анық.

Ұсыныс:

  1. Қазақ халқының қара домбырасы мен гитара аспабын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану. ( сергіту сәттері ретінде, тақырыпқа байланысты өлеңдерді әнімен айтуға, күй туралы аңыздар тақырыбында, ұлттық аспаптар тақырыбында)

  2. Бұл аспаптарды тек қана тыңдап қоймай, үйренуге болады.

  3. Үйірме сабақтардың бағдарламасына енгізу.

  4. Видеороликтер жинақтау.

  5. Гитара аспабына арналған өңделген шығармаларды жинақтау.





Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Киелі домбыраның 20-дан астам түрлері бар, today.kz/kz/news/culture/2012-06-13/29138

  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  3. Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8

  4. Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

  5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  6. Қазақ ССР Қысқаша энциклопедия 4-том 376-бет

  7. Қазақстан балалар энциклопедиясы "Ежелгі Қазақстан" "Аруана" баспасы, 2004, 165-168 беттер





Пікір

Тақырыбы: « Қос ішекті домбыра аспабының құдіреті мен гитара аспабының үндестігі.»

Жұмыстың бағыты: «этномәдениет»

Автордың таңдап алған тақырыбы қазіргі заманда өте өзекті деп айтуға болады. Өйткені қазіргі жастардың өнерге деген көзқарасы өзгеріп, тек қана компьютердің алдында отырушылар көбейіп барады. Бұл өте алаңдатарлық жағдай. Бұл жұмыста домбыра аспабы мен гитара аспабының тарихы, үндестігі, қолданылуы, түрлері зерттелген. Көптеген әдебиеттерді , сайттарды қолдана отырып, автор қызықты материалдар тауып жазған.

Әсіресе негізгі бөлімде екі аспаптың тарихы жазылған, олардың бірнеше түрлері бар екенін анықтаған.

Оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар арасында сауалнама жүргізген, сұрақтары өте қызықты және кез-келген адамды толғандырады.

Жалпы осы тақырыпты таңдап алғаннан бастап, қандай жұмыстар жасалынғанын жұмыстың өзінен көруге болады.

Қазақ халқының музыка өнеріне деген көзқарасы және автор өзі гитарист ретінде қандай ой түйгені айқын сезіледі.

Жалпы халқымыздың өшпес байлығы, ұрпақтан- ұрпаққа жеткен мұрасы домбыра аспабының гитара аспабы мен салыстыруы кімді де болса қызықтырмай қоймайтыны анық.

Ғылыми жұмыстың жетекшісі:

қазақ тіл мен әдебиет

пәнінің мұғалім Тажина

Маржан Калмухановна

Ғылыми зерттеудің журналы

Тақырыбы: Қос ішекті домбыра аспабының құдіреті мен гитара аспабының үндестігі.

Мақсаты:

Қазақ халқының қос ішекті домбырасы мен гитара аспабының үндесуін және осы екі аспаппен кез келген әуенді бірдей ойнауға болатынын зерттеу, сонымен қатар екі ішекті домбыраның гитара аспабынан басым екендігін дәлелдеу.

Зерттеудің мiндеттерi:

Музыканың теориялық негіздерінің тарихын ғылыми -педагогикалық тұрғыда зерделеу;

Зерттеу жүмыстары арқылы тәрбие берудің жаңа моделін жасап, оны іске асырудың жолдарын айқындау.

Зерттеу әдістері:

1.Сауалнама.

2. Кеңесу.

3. Салыстыру.

4.Талдау.



Күні

Жұмыс түрлері

Нәтиже

12.09.2014

Оқушы таңдау және тақырып таңдау бойынша кеңесу.

7 «А» сынып оқушысы Шідербай Нұрболат таңдап алынды. «Қос ішекті домбыра аспабының құдіреті мен гитара аспабының үндестігі.»деген тақырыпқа ғылыми жұмыс жазылатын болды.

19.09.2014

Жоспар құру.

Тақырыпқа байланысты кеңесе келе қызықты жоспар құрылды.

10.10.2014

Жоспар бойынша материалдарды жинақтау,жазу.

Жоспра бойынша көптеген материалдар жинақталды, жұмысты жаза бастады.

14.11.2014

Сараптама жүргізу.

Зерттеу әдістері:сауалнама,кеңесу,

салыстыру,талдау

арқылы оқушылар арасында жұмыс жасалды.

19.12.2014

Ғылыми жұмысты тексеру, мектеп ішінде әріптестер мен сыныптастармен ой бөлісу.

Ғылыми жұмыс мектеп ішінде тыңдалып, түзету жұмыстары жасалды, қорғауға дайындық жүрді.

23


© 2010-2022