Әлпештеген анашым, ақ сүт берген анашым!

Тақырыбы:  Әлпештеген анашым! Балалардың  анаға  деген  құрмет,  ілтипатын  әрі  қарай  дамыту,  сөздік  қорларын  молайту,  кеңейту.  Жақсылыққа  жаны  құмар,  таза,  инабатты,  сыпайы  болып  өсуін  жетілдіру.  Адамгершілікке  тәрбиелеу. Балалар  өз  өнерлерін  көрсетіп,  ән  айтып, би  билейді.  Бұл арқылы  баланың  шығармашылық  қабілеттері  көрінеді.  Балалар  мереке  соңында  аналары  мен  әжелеріне  сыйлықтарын  сыйлайды.  Топтағы  ұл  балалар  қыз  балаларға  сыйлық  сыйлайды.   
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Балалардың анаға деген құрмет, ілтипатын әрі қарай дамыту, сөздік қорларын молайту, кеңейту. Жақсылыққа жаны құмар, таза, инабатты, сыпайы болып өсуін жетілдіру. Адамгершілікке тәрбиелеу.

(Залға балалар әуенмен 8 санын жасап кіреді.)

Жүргізуші: Қайырлы күн ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, қадірлі әріптестер. Баршаңызды көктемнің алғашқы күні 8 - наурызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, шаттық, байлық тілей отырып, «Балдырған» ересектер тобының дайындаған ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен.

Ән: «Құттықтаймын мама»

Музыка әуенімен орындарына отырады.

Бірінші боп құттықтауға Карим, Ілияс, Нұрахметбереке шығады. Олар аналарына арнап керемет тақпақтар жаттап келіпті.

  1. Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Сізден өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Ақ жаулықты аналар!

  1. Гүл - гүл жайнап әріміз.

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.

  1. Құттықтаймын ана өзіңді

Шуағын шашқан көзіңді

Мейірге толы құшағың

Оятар асыл сезімді.

Жүргізуші: Қазір біз ойын сайысын өткізейік. Ойынның аты «Анасының жүгін тасу» деп аталады.

(жерде жатқан кубиктерді қалақпен шелекке жинау)

Би: Жалпы би

Жүргізуші: Ал енді Руслан, Абдурахман, Қасым аналарын құттықтайды.

  1. Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

  1. «А» дегенім ана ғой

Ана деген дана ғой

Анам менің күлімдеп

Аялайды күлімдеп

  1. Аялы алақан

Әлпештеп өсірген

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген

Жүргізуші: Күн болмаса жылу да болмайды, күн бұлттың арасына кіріп ұйықтап қалған шығар. Күнді оятайық, кәне балалар күн туралы тақпағымызды айтайықшы.

Шашы алтын көзі от

Шыға ғой күн тезірек

Шуақ бер маған

Жылу бер маған

Оянсын көктем тезірек.

Музыка әуенімен залға Күн кіреді. Амандасады.

  • Мен қыс бойы ұйықтадым, бұлттан көзімді аша алмадым, сендердің айтқан әуендерің мен билеріңнен жүрегіме нұр толып өзімнің жылуымды сыйлауға сендерге келдім.

Ән: «Біз бақытты баламыз»

Ойын: «Өз баласын тану»

Ойын шарты: Ортаға екі ананы шақырып көздерін шарфпен байлап топ ішінен өз баласын табу.

(Музыка әуенімен Көктем кіреді. Муыка Көктем вальсі)

Күн көзімен шаттанып

Көктем келді балалар

Гүл, бәйшешек бүр жарып

Көктеді қыр - жағалар.

Ойын: Көңілді көмекшілер.

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың аналары биді жақсы көреді. Ендеше аналарына арнап жақсы би силасақ деп отыр. Балалардың орындауында би.

Би: Гүлдер

Жүргізуші: Келесі тілектің де кезегі келіп қалыпты. Біздің балаларымыз әжелерін жақсы көреді. Мирас әжелерді құттықтайды.

Әжем менің ақ әжем,

Әжімі мол бақ әжем

Сегізінші наурызбен

Құттықтайды немерең

Жүргізуші: Олай болса әжелеріне арнап «әжелердің әзіл әнін» орындап берсін

(Қасым, Мирас, Айбын, Нұрахметбереке, Руслан)

Келіннен қорқып саспайық,

Келіңдер өсек бастайық.

Немеренің әр түрлі,

Қылығын айтып тастайық. Ойбай белім - ай,

Қайда кетті келін - ай!

Немерем менің блатной,

Күндіз тыным таппайды.

Видик көру керек деп

Кешке ұйқыға жатпайды. Ойбай белім - ай,

Қайда кетті келін - ай!

Немерем менің кір - кір боп,

Үйдің бетін көрмейді

Киндер сатып әпер деп

Еш тыныштық бермейді. Ойбай белім - ай,

Қайда кетті келін - ай!

Немерем менің ән салса

Любовь деп айтады

Қызық бар ма деп едім

Жоқ!- деп басын шайқады. Ойбай белім - ай,

Қайда кетті келін - ай!

Жүргізуші: Ендігі кезекте біздің балаларымыздың сүйікті әжелеріне арналған ән - шашуы бар Соны қабыл алыңыздар.

Ән: «Атам, әжем»

Көрініс: Үш ана (Мадина, Томирис, Сәнді)

(Ортаға стол қойылып, 3 орындық, қуыршақ )

Жүргізуші:

Ойыннан келген Мадина

Қуыршағын іздеді.

Астынан стол тапты да

Хал сұрауды көздеді.

Қызым менің қалайсың

Бақырайып қарайсың

Отыр қане қасыма,

Тамақтанып аласың

(Мадина қуыршаққа тамақ бере бастайды)

Жүргізуші:

Мадинаның осы сәт

Анасы үйге кіреді.

Тағат таппай қызының,

Қалін сұрап біледі.

Мадинашым бүгін сен,

Тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды

Кешке деін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай

Тамағыңды іш деймін

Тіл алмайсың қырсығып

Осы сені не істейін (отырып0)

Мадинаның осы сәт

Әжесі үйге кіреді.

Айналайын алтыным

Шаршадың - ау жарқыным

Ішпедің - ау тамақта

Жайын ойлап жалпының

Қарашығым қарағым

Түсіңкі ғой қабағың

Сөткемен тұрып жұмыста

Болмай қалды - ау тамағың.

Жүргізуші:

Аналардың елжіреп

Ет бауыры барады.

Әрқайсысы сұқтанып

Өз қызына қарады.

Үшеуі:

Қандай қиын қараңдаршы

Сүп - сүйкімді бала болу

Бәрінен де оңай емес.

Білсеңіздер ана болу.

Жүргізуші: Әр бала үшін өз анасы алтындай көрінеді. Ендеше аналарымыздың құрметіне әнді қабыл алыңыздар

Ән: «Менің анам алтын»


Жүргізуші: Ал енді Стас, Айбын, Олжасты аналарын құттықтау үшін ортаға шақырамыз.

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз ғой балалар

Сырымды ұғатын

Өзіңсің ана қуатым

Күнімсің шығатын

Айымсың туатын

Айналайын дегені

Жанға жылу береді

Қуанатын балаша

Анам менің тамаша

Ойын: «Отырудан жалықтық»

Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тапсырады.

Ұлдар қыздарға сыйлық береді.

Директор құттықтау сөз сөйлейді

Ата - ана құттықтау сөз сөйлейді.


© 2010-2022