• Преподавателю
  • Музыка
  • Ақиық ақын М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақынның өлеңдері мен әндерін оқушылар назарына ұсыну. «Ғасырда бір туар дарабоз»

Ақиық ақын М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақынның өлеңдері мен әндерін оқушылар назарына ұсыну. «Ғасырда бір туар дарабоз»

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Матай орта мектебі















«Ғасырда бір туар дарабоз»









2016 жыл

«Ғасырда бір туар дарабоз»

Кештің мақсаты: Ақиық ақын М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақынның өлеңдері мен әндерін оқушылар назарына ұсыну.

Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген ынтасын арттыру, тіл мәдениетіне баулу, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, өнер адамына патриоттық сезімді ояту, эстетикалық тәрбие беру.

Ойлы жас! Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым бір басылмай,

Айтып өткен ақында арман бар ма?

Жүрегінің түбіне кір жасырмай, - деп ақын өзі айтқандай, ол артына көптеген отты жылдар мен мұңды өлеңдер қалдырды.

Ортада жүргізушілер:

1 - жүргізуші:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамыздың бүгінгі 85 жыл толып отырған «Ғасырда бір туар дарабоз» атты кешіне қош келдіңіздер.

2 - жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

1 - жүргізуші:

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында 1931жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидың азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады» деп еркелетіп Мұқағали атап кеткен.

Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды.

2 - жүргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім, - деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

1 - жүргізуші:

Ал, құрметті, қонақтар бүгінгі жыр кешімізгі қатысатын қатысушыларды сахына төріне қарсы алайық! (кезекпен)

  1. Муза

  2. Үміт

  3. Арман

  4. Жұлдыз

  5. Майгүл

  6. Ләззат

  7. Көктем

  8. Қарлығаш

  9. Сағым

  10. Өмір

  11. Тілек

  12. Райымбек

  13. Махаббат

  14. Сағыныш

  15. Сезім

  16. Арман

  17. Жастық

  18. Лашын

  19. Нөсер

  20. Фариза

  21. Шәміл

2 - жүргізуші: Ал, төрелік, ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1 - жүргізуші:

Бүгінгі жыр кешіміз ІІІ кезеңнен тұрады. І кезең «Ғасырда бір туар дарабоз»ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

2 - жүргізуші: ІІ - кезең «Аққудың қанатында жазылған сыр» ақын поэмасы.

1 - жүргізуші: ІІІ - кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың» оқушылар Мұқағали ақынға арналған өз шығармаларын оқиды.

2 - жүргізуші:

Мекен - жәйің?

Мекен - жәйім - жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

1 - жүргізуші: Ән «Әке - ана» Қылышбаев Мейіржан

2 - жүргізуші: І кезең «Ғасырда бір туар дарабоз»

Ендеше, сол бір мәңгілік кештің сырлы әуені жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

1 - жүргізуші:

Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір - ақ нәрсе,

Көшеді өлең немесе өшеді өлең!

2 - жүргізуші: Ән «Туған жер» Кабикенова Камшат

1 - жүргізуші:

«Аққудың қанатында жазылған сыр» атты ІІ кезең поэмадан үзінділер оқуға кезек берейік.

2 - жүргізуші:

Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда

Базарып атқан ақа таңда

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғайсың. - деп кезекті биге берейік!

Би «Сезім»

1 - жүргізуші:

Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай

Мына адамдар неге жатыр тойламай

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!

Мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланып болды. Бүгін ақиық ақынымыздың 85 жылдық мерей тойына арналған «Әлі талай жыр болып жазыларсың» атты ІІІ арнау кезеңіне кезек берейік.

2 - жүргізуші:

Жақындық сеземін -

Жерден де, аспаннан да,

Жылылық сеземін -

Мұздардан тастардын

Әділ қазы алқысы жеңімпаздарды анықтағанша Мұқағали атамыздың сөзіне жазылған әндерге кезек берейік.

1 - жүргізуші:

Айтылмаған Мұқанда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайыңға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

Құрметті ұстаздар, оқушылар жыр кеші өз мәресіне жетті, қатысушыларды ортаға шақырып, сөз кезегін әділ - қазылар алқасына берейік.

1 - 2 - жүргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім!

Келесі кеште кездескенше............


© 2010-2022