Тақырыбы: Аялы алақан

Мақсаты: Балаларға музыканы үйлестіре отырып, қуаныш сезіміне бөлеу керек. Музыкалық қызығушылық танымын кеңейту. Баланың өзіндік қызығушылығын арттыру. Балаларға музыка оқу іс-әрекетінде жарқын, көңілді сезімді шақырта білу. Бір-біріне қайырымды болуға, қиын жағдайда көмек беруге дайын болуға тәрбиелеу.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

«Бәйтерек» балабақшасының музыка жетекшісі

Вид Галина Анатольевна

Білім беру саласы: "Шығармашылық"

Бөлімі: "Музыка"

Тақырыбы:"Аялы алақан"

Мақсаты: Балаларға музыканы үйлестіре отырып, қуаныш сезіміне бөлеу керек.

Музыкалық қызығушылық танымын кеңейту. Баланың өзіндік

қызығушылығын арттыру. Балаларға музыка оқу іс-әрекетінде жарқын,

көңілді сезімді шақырта білу. Бір-біріне қайырымды болуға, қиын

жағдайда көмек беруге дайын болуға тәрбиелеу.

Рефлексия: Балаларға ән - концертте жарқын, көңілді сезімді шақырта білу.

Құрал-жабдықтар: Музыкалық орталық, үн таспалар, DVD, дисклер, пианино, бет

орамалдар.

Музыкалық материал: Журнал "Бала мен балабақша", "Музыка әлемінде"

Концерт барысы:

Көңілді ән ырғағымен балалар тізбектеліп, шеңбер жасап, залға кіреді.

Жүргізуші:

- Қымбатты қонақтар! Сіздерді "Аялы алақан" атты қамқорлық мерекесіне ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, бейбітшілік, шығармашылық табыс, жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер.

Сіздерге біздің "Айгөлек" пен "Балдәурен" тобының бүлдіршіндерінің өнерлерін тарту етеміз. Қабыл алып, қолпаштап отырайық.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

"Аялы алақан" мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Жүргізуші:

Отан- туған үйіміз,

Отан- туған жеріміз.

Отан- ортақ үйіміз,

Отан- көңілді ән, күйіміз.

- Ал, енді балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Асылжан: Отан деген ұлы ана,

Отан деген ғұлама.

Мен ғана емес, атамда,

Перзент екен Отанға.

Шұғыла: Заман жаңа ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам, өз ордам.

Сүйенерім сен ғана.

Лиза: Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Жүргізуші:

- Балалардың орындауында "Менің Отаным" әнін қабыл алыңыздар.

Ән: "Менің Отаным"

Хормен орындалады.

Жүргізуші:

Сәлем бердім , саған елім,

Тал бесігім, туған жерім.

Сәлем бердім бәріңізге,

"Қазақ тілі" - дегендердің.

Ана тілім - менің

Әлдилеген әнім.

Ана тілім - демім,

Ана тілім - жаным.

Ана тілім - анам

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған шамым.

Ана тілім - елім,

Қажыр - қайрат күшім.

Ана тілім - менің

Баста бақыт құсым!

- Қазір, ббалалар тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Мирас: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Үміт: Қазақ тілі - атаң, анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді қатар асыл.

Ән: "Ана тілім"

Хормен орындалады.

Жүргізуші:

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Ән: "Астана"

Хормен орындалады.

Жүргізуші:

Бізде қарап тұрмайық,

Би билейік ,жырлайық,

Ата-анамыз қуансын,

Қолын соғып аямай,

Бірге болсын тойымыз"

Қыздарымыз шаттана,

Бүгін қызық, бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Ән де салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды ой.

Би: "Вальс"

Жүргізуші:

- Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз. Балаларымыз өз балабақшасы туралы көңілді ән айтады. Ортаға Асылжанды, Мадинаны, Динаны шақырамыз.

Ән: "Балабақша"

Асылжанның, Мадинаның, Динаның орындалуында.

Жүргізуші:

Әсем әнім сырнайда-ай,

Әлем сүйіп тыңдайды-ай.

Тамылжытып ән салмай,

Күнде думан болмайды-ай - дегендей, "Алақай" әнін Әсемайдың орындауында қабыл алыңыздар.

Ортаға Әсемай шықты.

Ән: "Алақай"

Жүргізуші: Асқар тауым Қазақстан,

Әсем әнім - Астанам.

Қазақстан - Отаным - деп,

Әрқашан мақтанамын.

Ән: "Әрқашан күн сөнбесін"

Хормен орындалады.

Жүргізуші:

- Біздің әртістер жақсы дайындалған, қанеки, оларға алғыс айтып, қол соғайық.

Деніміз сау болсын!

Әрдайым күліп жүрейік!

Әрқашан күн сөнбесін!

Елімізде тыныштық болсын!

Досымыз көп болсын!

Бәріміз дос болып,

Қуанышымызды бірге бөлісейік!

- Осымен "Аялы алақан" атты концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Балалар әдемі әуен ырғағымен залдан шығады.


© 2010-2022