Дәстүрлі күйшілік өнер. 5 сынып. Сабақ жоспары

  ІІ – ж/ж               Мерзімі:                           Сыныбы:     2/1    Тоқсандық  тақырыбы:    Қазақтың  аспаптық  музыкасы.   Сабақтың  тақырыбы:    Дәстүрлі  күйшілік  өнер.   Сабақтың  мақсаты:     Халық  музыкасы  арқылы  күйші                                             сазгерлерге  тоқталу , таныстыру ,                                             насихаттау.   Білімділік  мәні :       Жан – жақты  білімдерін  арттырып ,                                     музыкалық  сауаттылығ... № Сабақ барысы Уақыты Жоспары 1 Ұйымдастыру 2 минут Сәлемдесу, Әнұран  әндету. 2 Өткен сабақты сұрау 4 минут Халық  музыкасы  қазынам 23 Жаңа сабақты түсіндіру 10 минут Дәстүрлі  күйшілік  өнер 4 Музыкалық тыңдау 3 минут «Ақсақ  кұлан»,  «Сарыарқа». 5 Әндету 8 минут «Біз  шадыман  баламыз» 6 Шығармашылық жұмыс 3 минут Сурет  салу, бейнелеу, әңгімелеу. 7 Музыкалық ойындар 10 минут Әуенді  тыңда  да  тап! 8 Қорытындылау 5минут Күйшілік  өнер 9 Бағалау 3минут «5», «4», «3». 10 Үйге тапсырма 2 минут  Төкпе  және  шертпе  күй    Сабақтың   барысы: Иә,  балалар  біздің  бүгінгі  өтетің жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:                           « Дәстүрлі  күйшілік  өнер».   Музыка  аспаптарында  орндалатын  шығармаларды  аспаптық  музыка  деп  атайды.  Қазақтың  домбыра ,қобыз , сыбызғы , шертер  сияқты  ұлттық  музыкалық  аспаптарында  орындалатын  әуен – саз  күй  деп  аталады.            К ү й  -  бағдарлы  мазмұны  бар , көркемдігі  жоғары  аспаптық жанр .Онда  табиғат  құбылыстары , тарихи  оқиғалар , халық  мере...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ІІ - ж/ж Мерзімі: Сыныбы: 2/1

Тоқсандық тақырыбы: Қазақтың аспаптық музыкасы.

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.

Сабақтың мақсаты: Халық музыкасы арқылы күйші

сазгерлерге тоқталу , таныстыру ,

насихаттау.

Білімділік мәні : Жан - жақты білімдерін арттырып ,

музыкалық сауаттылығын ашу .

Дамытушылығы: Музыкаға деген ықыласын арттырып,есте

сақтау, есту қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік мәні : Қазақ халқының рухани қазынасы күй

өнерін тыңдату арқылы бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ ,түсіндіру , әңгімелеу, әндету ,

сауат ашу , сергіту .

Пәнаралық байланысы: Әдебиет ,тарих , жаратылыстану .

Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер:

« Музыка» оқулығы 5 сынып

«Атамұра» бағдарламасы.

Авторлары: А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов. Ж.Сәрсембенов.



Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,

Әнұран әндету.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Халық музыкасы қазынам

23

Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Дәстүрлі күйшілік өнер

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Ақсақ кұлан»,

«Сарыарқа».

5

Әндету

8 минут

«Біз шадыман баламыз»

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сурет салу, бейнелеу, әңгімелеу.

7

Музыкалық ойындар

10 минут

Әуенді тыңда да тап!

8

Қорытындылау

5минут

Күйшілік өнер

9

Бағалау

3минут

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 минут

Төкпе және шертпе күй

Сабақтың барысы:

Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы:

« Дәстүрлі күйшілік өнер».

Музыка аспаптарында орндалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра ,қобыз , сыбызғы , шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен - саз күй деп аталады.

К ү й - бағдарлы мазмұны бар , көркемдігі жоғары аспаптық жанр .Онда табиғат құбылыстары , тарихи оқиғалар , халық мерекелері , жан - жануарлар , аңыз - ертегілер , жеке адамдар , адам сезімдері , түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.

Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз - күйлер , тартыс күйлер ,тарихи күйлер , арнау күйлер , лирикалық күйлер , психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Домбыра күйлері орындалу ерекшеліктеріне қарай т ө к п е

және ш е р т п е деп екі түрге бөлінеді.

Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде , оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбіне жалғыз дауысты болып , оң саусақтарының ұшымен орындалады.

Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нұрпейісова, Оқап Қабиғожин , Науша және Махамбет Бөкейхановтар , Лұқпан Мұхитов , Қали Жантілеуов , Ғылман Хайрошев , Төлеген Аршанов , Смағұл Көшекбаев,Ғабдұлман Матовтардың сіңірген еңбектері ұшан - теңіз.

Музыкалық шығарма тыңдау:

Халық күйі «Ақсақ құлан»

Құрманғазының күйі « Сарыарқа »

Динаның күйі «Бұлбұл»

Музыкалық сауат ашу :

Жай метрлер мен өлшемдер.

Берілген акценті бір үлестен кейін қайталанатын метрді - екі үлесті , ал екі үлестен кейін келетін метрді үш үлесті метр деп атайды. Осындай бір акценті ғана бар метрлер мен оларды көрсететін өлшемдерді ж а й м е т р л е р мен ө л ш е м д е р дейді.

Мысалы : Екі үлесті өлшемдер: 2 ; 2 ; 2;

2 4 8

Үш үлесті өлшемдер: 3 ; 3 ; 3 ;

2 4 8

Дауыс ашу жаттығуларын орындау.

* Дұрыс тыныс алу - әншілік өнердегі басты

алғышарттардың бірі, оларды үнемі орындау қажет.

* Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда.

* Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында.

* Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.

* Сөздің ортасында дем алма.

* Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз

дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт.

Әндету:

Біз шадыман баламыз

Әнін жазған Ә.Бейсеуов. Өлеңін жазған С.Қалиев.


  1. Аппақ , аппақ , қар аппақ ,

Қар жамылған дала аппақ .

Қырау - қырау тал аппақ-

Айналаның бәрі аппақ. 2 рет.

2. Аппақ біздің шанамыз ,

Аппақ қырдан ағамыз.

Сауық - сайран саламыз,

Біз шадыман баламыз! 2 рет.

Қорытындылау:

* Тарихи оқиғаларға арналған ән - күйлерді ата.

* Аңыз - күйлерді білесің бе ?

* Халықтың тұрмыс - тіршілігіне , салт - дәстүріне

байланысты шыққан күйлерді есіңе түсір.

* Аспаптық музыка дегеніміз не?

* Күйдің қандай түрлері бар?

Үйге тапсырма:

* Дәстүрлі күйшілік өнер дегеніміз не?

* Қандай халық күйшілерін білесің?

* Қазақтың музыкалық аспаптарын ата, суретін салу.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -


© 2010-2022