Арнау күйімен жұмыс Ашық сабақ

Раздел Музыка
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арнау күйімен жұмыс Ашық сабақАрнау күйімен жұмыс Ашық сабақАрнау күйімен жұмыс Ашық сабақАрнау күйімен жұмыс Ашық сабақАрнау күйімен жұмыс Ашық сабақАрнау күйімен жұмыс Ашық сабақАрнау күйімен жұмыс Ашық сабақ Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі.



Ашық сабақ.


Арнау күйімен жұмыс

Арнау күйімен жұмыс Ашық сабақ






Дайындаған: домбыра класының мұғалімі

Ауашова Ақбөпе .




Шалқар 2015

Сабақтың тақырыбы: Арнау күйімен жұмыс жасау.

Оқушы: Сырлыбаева Мадина 2- класс

Сабақтың мақсаты: Домбырада арнау күйлерді орындай білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Арнау күйлердің шығу тарихымен таныстыра отырып,

күй туралы теориялық білім беру.

Дамытушылық: Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген

қызығушылығын ояту, әдебиет пәнімен, этнографиямен

байланысын арттыру.

Тәрбиелік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді

құрметтеуге, бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру

Оқыту әдісі: проблемалық оқыту, теория мен практиканың ұштастығы

Көрнекіліктер: домбыра аспабы, суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылардың көңіл-күйі, сабаққа дайындығы сұралады

Үй тапсырмасын тексеру:

D dur гаммасын 2 октавада, әртүрлі штрихтармен ойнау.

Гамманың әуенімен қосылып бір шумақ өлең қосып айту.

Бақыттымыз бәрімізде

Бейбіт елде тұрамыз.

Домбырамен күй шертеміз

Көңілдіміз бәріміз.

Халық күйі «Жастар биі».

Күйді күйсандықтың сүйемелдеуімен орындау.

Сергіту сәті: Қамажай.

Актуалдау: Ассосация

Тарихи

күйлер


Лирикалық күйлер

Аңыз

күйлер



Күйлер




Тартыс күйлер

Айтыс күйлер

Арнау

күйлер


Мұғалімнің сөзі

Бздің өткен сабақтарда орындаған «Жастар биі» күйіміз лирикалық күйге жатады. Ол өте көңілді, әуенді орындалады.Күйлердің тағы бір түрі бұл -арнау күй.

Жаңа сабақ:

Арнау дегеніміз не?


Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді арнау күй дейміз.

Бүгінгі сабағымызда халық күйі «Айжан қыз» атты күймен танысатын боламыз. Кейбір деректерде «Айжан қыз» күйін Құрманғазы шығарған деген мәліметтер бар.

Сабақты дамыту:

Күйдің шығу тарихымен таныстыру.

Айжан қыз (туылған - өлген жылы белгісіз) - күйші-домбырашы. Адайдың Қосай атасынан туған күйші қыз өз заманында композитор Құрманғазымен кездесіп, күй тартысқан әрі осы кездесуде орындаған «Адай» («Адай қыз») күйін Айжан қыз шығарған деген деректер халық аузында сақталған. Айжан қыз 1875 жылы патша өкіметінің отаршылдық саясатына мойынсұнбаған елмен бірге басқа жаққа көшіп кеткен. Оның «Айжан қыз» және «Шашбау қақбай» атты күйлері бар. Айжан қыз - адайдың күйшілік мектебін қалыптастырушылардың бірі.

Мына бір аңыздарда жоғарыда айтылған мәселелерге тоқталамыз. Құрманғазының күйі болып аталып жүрген «Айжан қыз» күйін алып қарасақ, күй Құрманғазы стиліне жақын, ал Айжан күйші - тек аңыз беттеріндегі кейіпкер ретінде қаралады. Ал А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» еңбегінде Дина Нұрпейісованың әкесі Кенже домбыра тартқан және де «Айжан қыз» күйін автордың өзінен үйреніп, кейін қызына үйретті деген дерек те бар.

«Айжан қыз» күйі 4/4 өлшемінде басталып, орташа екпінде ойналады. Бұл күй ре минор гаммасында жазылғанымен ойнау барысында си бекар белгісі және арасында р, mf , f белгілері кездеседі. Қағыстары екі төмен, бір жоғары, алма кезек, 4-тік, 8-дік ноталармен жазылған.

Сабақты бекіту:

Күйлерді сурет арқылы айыра білу.

Халық күйі « Келіншек»

Н.Тілендиевтің күйі «Аққу»

Қазанғаптың күйі «Шыныаяқ»

Халық күйі «Айжан қыз»

Даулеткерейдің күйі «Қосалқа»

Халық күйі «Жастар биі»

Сабақты қорыту:

Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,

«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.

«Көбік шашқан», «Сары өзен» жағасында,

«Ерке сылқым», «Айжан қыз» күлімдеген. - деп ақын жырлағандай, бабалардан қалған күйлерімізді үйрене берейік..

V. Үйге тапсырма: Халық күйі «Айжан қыз». Күйді үзбей ойнау.

VІ. Бағалау.






© 2010-2022