Музыка пәнінен сабақ жоспары 5, 7, 11 буынды өлең құрау

Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка пәнінен сабақ жоспары 5,7,11 буынды өлең құрауМузыка пәнінен сабақ жоспары 5,7,11 буынды өлең құрауСабақтың тақырыбы: Бес-жеті буынды өлең құрау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні : Оқушыларды буын түрлерімен таныстыру.

Дамытушылығы: өлең жазу әдісін адмыту

Тәрбиелік мәні : Сөйлеу мәдениетіне, сөздің мағынасын түсіне білуге, жақсы жақтарын өздеріне ала білуге тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру. Бес-жеті буынды өлең құрау

Сабақ барысы :

Өлеңнің бір неше түрі бар. Олар буын арқылы ерекшеленеді. Өлеғ 7-8 және 11 буынды болып келеді. 11 буынды өлең құрау үшін алдымен 5 буынды өлең құрап аламыз.

«Бала» сөзіне құралған ұйқас сөздердің ішінен тқрт сөзді іріктеп аламыз: бала, ала, дала, қала

Бес буынды өлең құрау үшін әрбәр сөздің мағынасына сай үш буынды сөз тіркесін табамыз:

Үлкендеу бала

Киімі ала

Жүргені дала

Арманы қала

Бес буынды өлең құрау үшін әрбір сөздің мағынасына сай үш буынды сөз тіркесін табамыз.

Қазақтың жыр- дастандары мен терме- толғаулары 7-8 буынды болып келеді. Бұл өлеңнің ең көне түріне жатады.

Жеті буынды өлең құрау үшін еді, деді, болды сөздерін қолданамыз. Ол үшін ұйқастырған бес буынды өлеңімізге мағынасына сай етіп, аталған сөздерді тіркейміз.

Үлкендеу бала

Киімі ала

Жүргені дала болды

Арманы қала

Сабақты қорытындылау:

  1. Өлеңнің қандай түрлері бар?

  2. 5- және 7 буынды өлеңді қалай құраймыз?

Үй жұмысы: 5-7 буынды өлең құрап келу.

Сабақтың тақырыбы: Он бір буынды өлең

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні : Оқушыларды буын түрлерімен таныстыру.

Дамытушылығы: өлең жазу әдісін дамыту

Тәрбиелік мәні : Сөйлеу мәдениетіне, сөздің мағынасын түсіне білуге, жақсы жақтарын өздеріне ала білуге тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру. Он бір буынды өлең

Сабақ барысы :

Айтыс ақындарының өлең үлгілері көбіне - көп он бір буынна құралады. Он бір буынды өлеңнің әрбір тармағы белгілі бір ойды білдіріп, толық мазмұнды құрайды. Он бір буынды өлең түрін қазақтар қара өлең деп атайды.

Он бір буынды өлең құрау үшін жеті буынды өлеңдегі ұйқас сөздердің алдына мағынасына сай етіп, төрт буынды сөз тіркейміз. Төрт буынды сөз бір немесе екі сөзден тұруы қажет.

Дәптермен жұмыс.

Қане , жас ақыным, он бір буынды өлең құрауға көшейік!

Үлкендеу Ғазиз деген бала болда,

Киімі үстіндегі ала болда.

Жүргені әп-әдемі дала болды,

Арманы ол баланың қала болды.

Айтыс ақындарының өлеңдері көбінесе он бір буыннан құралады.

Өлең құрауда мына ерекшелікті есіңде сақта. Он бір буынды бір шумақ өлеңнің үшінші тармағы ұйқасқа құралмайды. Өйткені, үшінші тармақта айтылатын ой төртінші тармақта жалғасын табады.

Сабақты қорытындылау.

  1. Айтыс ақындарының өлеңдері неше буыннан құралады?

  2. Он бір буынды өлеңдерді қалай атайды?

Үй жұмысы: 11 буынна өлең құрап келу.



© 2010-2022