• Преподавателю
  • Музыка
  • Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат әуені Сабақтың мақсаты: Оқушыларға музыка мен табиғаттың тығыз байланысын таныстыру. Дамытушылық: Шығармаларын ести отырып, суреттей білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат әуені Сабақтың мақсаты: Оқушыларға музыка мен табиғаттың тығыз байланысын таныстыру. Дамытушылық: Шығармаларын ести отырып, суреттей білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Музыкадағы табиғат әуені

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға музыка мен табиғаттың тығыз байланысын таныстыру.

Дамытушылық : Шығармаларын ести отырып, суреттей білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін аялауға, адамгершілікке тәрбиелеуү

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақта, табиғат суреттері, үн таспа, оқулық,баян аспабы.

Пәнаралық байланыс: Музыка әдебиеті, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру.

Құрал-жабыдықтарын қадағалау.

II. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

1.Қорқақ қоян неден қашты?

2.Ән қандай көңіл күйді білдіреді?

3.Дыбыс күші дегеніміз не?

4."Көбелек" К.Қуатбаев.Әнді мәнерлеп,көңілді, әдемі орындау.Суретке қарап дыбыс күші арқылы айтып беру.

III. Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылыққа баулу.

Біздің туған жеріміздің табиғаты тамаша.Биік тау, өзен, көл орман тоғайлар кездеседі.Табиғат пен музыка бір-бірімен тығыз байланысты.Композиторлар мен ақындар туған жердің табиғатын шығармаларында жырлаған.Музыкалық шығармалалардан табиғаттың бейнелі суреттемелерін байқауға болады.

IV. Б.Аманжоловтың "Жаңбыр" және М.Сағатовтың "Бұлақ" пьесалары фортопианода орындалған,аудиотаспадан тыңдалады.Екі шығарма табиғаттың әдемі көктем мезгілін суреттейді.Шығармаларды тыңдау барысында балаларға музыкалық әуеннің ақырын және қатты дыбыста орындалатынын үлестірме қағаз арқылы көрсетіледі.

V. Қорытындылау: 1. "Жаңбыр" мен "Бұлақ" музыкасын салыстыр.Қалай орындалады? Тез бе, әлде жай ма? Көңілді немесе көңілсіз бе?

Үйге тапсырма: тыңдалған шығармаға байланысты сурет салу.



© 2010-2022